Ютубты көшіру. Маска кигені - әлденеден қорыққаны ма, әлде пиар-ход па?
Ютубты кезіп жүріп бір әншінің клипіне тап болдым. Әнші қазіргі таңдағы жойылып бара жатқан ұлттар тізіміне жататын (дереккөз? аталмыш әншінің өлеңінен) қырғыз елінің және қырғыз тілінің жағдайын жырлайды. Әндері, бағыты ұнады. Орындаушы — Тата Улан.
Тата Улан — қырғыз рэпері, қазіргі батыс рэп орындау мәдениетінен өзгеше, қырғыз ақындарының дәстүріне сүйенген стилі бар екені байқалады. Әндерінен мұсылмандық өмір салтын насихаттауы және оппозициялық сарын сезіледі. Сосын хиджаб киюді дұрыс санайды екен (өлеңнен түйгенім, мұны талқылап қуып кетпеңіздер). Жалпы келгенде рэп тыңдамайды екенмін, қазақша рэп орындаушыларды да біле бермейм. Бәлкім, Қазақстанда да аналогы бар шығар. Тата Уланның тағы ерекшелігі маска киюі. Мұның себебін түсіне қоймадым. Ендігі кезекте клиптер сөйлесін:
5 пікір