Метроны қалай қазады?

Әлемге саяхат /

Метро қазылуда.

Пайдалануға берілген метро.

Метроны арнайы құралдармен қазатыны белгілі ғой. Жаңа әдiс бойынша қазір «Atlas Copco» бұрғылау қондырғысы, «MAI V400 NT» ерiтiндi насосы, «Meyco Suprima» торкреттеуге арналған қондырғы және «Liebherr» тоннельдiк экскаватор, геотехника және геодезиялық бақылауға арналған құралдарды қолданады. ЕГер осы құралдармен қарқынды еңбек етсе айына 24 метр аралықта бекеттiк тоннель жолдары қазылады.

Метро жолаушылар үшін өте қолайлы көлік. Ал, сол қолайлықты жасап тұрған толып жатқан машиналар. Жер астына кейбіреулері жер бетіне орналасқан бұл машиналар поездарға электр энергиясын беріп, станцияларға және тоннельге жарық түсіріп әрі желдетіп, ондағы ауа температурасын бірқалыпты ұстап тұрады.

Жер асты метро жолдарын салудың ең тиімдісі — көше астына 10 – 15 м тереңдікте салу. Тереңге (30 – 50 м-ге дейін) салынған Метро жолдары станциялар арасын тура әрі қысқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Метро жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі белгіленеді. Метро жолын салу геодезді-маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады. Метро салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен метро салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. Метро құралымдары құрастырмалы темір-бетоннан, металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. Метро станцияның құрамына вестибюль, жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б. құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. Метро станцияларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты метро салу жұмысы, халқының саны миллионнан асатын Алматы қаласында ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде.

6 пікір

Kan
Алматының метросын неше жыл салды өзі. Жалпы метромен жүруге қорқамыз.
Неге? Метроны көп кісілер мақтайды ғой)
Алматыда оқитындардан сұрасаң «жылжитын баспалдақты» (эскалатор болуы керек аты) мақтайды. Айналып, өтіріктен қызық көріп жүре береміз дейді.)
Madi
31 арнада «Метро» деген бағдарлама бар ғой, интеллектуалдық бағдарлама, сол бағдарлама метрода түсіріледі.
Nazka
Алматы метросы 22 жылдай салынды яғни 1989 жылы құрылыс басталған бірақ, Кеңес үкіметінің құлауына байланысты құрылыс тоқтатылған болатын. 2011 жылы 1 желтоқсанда ашылды.
Madi
Алматыда 7-ақ станса бар ғой қазір. Мүмкін жақында Сайранға дейінгі бекет те салынып бітіп қалар.
yesbolat83
Студенттік кезде арман болған метроға 13-тің жазында отыруға жазыпты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.