Ұшақ билеттеріне қалай үнемдеуге болады?

Әлемге саяхат /
Саяхат деген жақсы нәрсе ғой. Әлемнің оншақты еліне ұштым. Көпшіліктің шетелге шығудағы ең басты кедергілерінің бірі өз ерік күшінің жетіспеушілігі болса, екіншісі саяхаттауға авиабилеттердің бағасының қымбат екендігі болып табылады. Әрі қарай әрине, басқа себептер де жеткілікті. Бірақ, ерік күшін өзіңіз табарсыз деген үмітте сіздегі екінші мәселені шешуде бірнеше мысалмен азды-көпті көмек берсем деп отырмын.

1) Мүмкіндігінше туристік фирмалардың қызметтеріне жүгінбеңіз.
Өйткені, көбінесе туристік фирмалар сіздің билетіңіздің негізгі бағасынан жоғарылатып сізге сатады. Қызмет үшін деп. Қазірде электронды төлем жүйелері жетілген. Сондықтан өзіңіз-ақ ала саласыз.

2) Интернеттегі арнайы іздеу сайттарын да мүмкіндігінше қолданбаңыз.
Өйткені, ол жерде бекітілген бағалар үнемі ортақ бекітілген бағада беріліп жатады. Яки оларда да пайыздар жүреді.

3) Тек, авиакомпаниялардың жеке сайттарынан іздеңіз. Мейлінше, шетелдік авиакомпаниялардың сайтынан іздесеңіз сіз үшін анағұрлым арзан түседі.


Бастайық.
Мәселен сіз 07.03.2022 күні Түркияға барғыңыз келді делік. Алматы — Стамбул бағытындағы авиабилеттерді қазіргі ең жақсы сайттардың бірі болған flight.kz сайтынан қарайық.


Ал, дәл сол бағытта Алматы — Стамбул бағытында Түркиялық Pegasus компаниясының сайтынан қарасақ нәтиже былай.


Енді, Астана — Минск бағытындағы рейстерді aviasales.kz сайтынан қарайық:


Ал, Belavia деген Беларустың авиакомпаниясының сайтының өзінен іздесек мынадай нәтижеге көз жеткіземіз.


Енді, дәл сол Астанадан Рига қаласына ұшып көрелік. Flight.kz сайтында жағдай былай:


Ал, жаңағы Belaviaда былай:


Тағы бір бізден алыс мысалды қаралық. Сіз Kuala-Lumpur қаласынан Singapore қаласына ұштыңыз делік. AnywayAnyday сайтында ол сұраудың нәтижесі былай болса:


AirAsia деген авиакомпанияның сайтында ол баға тіпті 10 есеге дейін арзан.


UPD1: Енді Отандық сайттардан іздеп көрелік. Бізге 15 қаңтарға Астанадан Шымкентке ұшу керек. Flight тек қана Air Astana компаниясының удай бағасын шығарып береді. Түсінікті, онсыз да :)


Ал, сіз еш күдер үзбестен, қасиетті Bek Air компаниясының сайтына кіресіз-дағы, мынадай бағамен сол бағытқа оп-оңай тауып ала саласыз. Бәрі де практикал!


Негізі, сұрауыңыз Шымкенттен Папуа аралдарына болмаса, іздесеңіз міндетті түрде арзанын табасыз. Алдындары Астанадан Оңтүстік Шығыс Азияға ұшып жүрген едім. Кейін қарасам, көршіміз Ташкенттен оның бағасы 2 есе арзан екен. Сондықтан іздеңіздер, жолдарын қараңыздар, жоспарлаңыздар! Ал менің әзірге тапқан нұсқаларым осылар болды. Алдағы уақытта басқа да нұсқаларды салып отырамын. Саяхаттарыңыз сәтті өтсін! Сұрақтарыңыз болса, осы посттың астына қоя берулеріңізге әбден болады.

4 пікір

Korkem
Біреулердің екі ай істеп әрең табатын сомасы екен, шет ел түгіл Бурабайға жете алмай...)))
MSHERIMBEK
әрине жағдаятқа байланысты ғой. Ал мүмкіндік болса үнемдеп қалғанға не жетсін :)
Abylai
гыталкқа келш
MSHERIMBEK
Соткымен жазып отырмыен. Сәлден соң кірем
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.