Қазақтелекомға 20 жыл

Әлемге саяхат /
Қазақтелекомға 20 жыл!
Жақында осы мақсатта Ақмола облысының Көкшетау, Бурабай өңірлеріне іс-сапарға шықтық. Мынау Көкшетаудағы Қазақтелеком АҚ-ның бас ғимараты. Мұнда 500-ге тарта адам жұмыс жасайды. Ал бүкіл Ақмола облысы бойынша 1600 адам қызмет етеді. Филиал құрылымына 17 аудандық және 1 қалалық өндірістік телекоммуникация торабы кіреді.
Бұл ғимарат Көкшетау қаласының бүкіл байланысына жауап береді. Көзбен көріп, қолмен ұстамайынша сенбейтін қазақпыз ғой. Өзім де аталған ғимараттың ішіне кіргенде бірақ білдім. Оған мынадай шымайланған сымдарды көргенде бірақ көзім жетті.
Иә, Көкше өңірінің халықпен жұмыс жасауы да бір ерекше екен. Келген әрбір адамға қызмет көрсетуінің өзі жаныңды баурап алады. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Ал мына сурет Бурабайдағы ғимараттың ішінде түсірілді. Бүл дүңгіршекті көргенде бірінші көз алдыма балалық шағым елестеді. Әлі есімде. 5-6 жас шамасында болуым керек. Анам қолымнан жетектеп қалалық Қазақтелекомның бас ғимаратына алып келетін. Бір-екі сағат кезекте тұрып уақыты тақалғанда дүңгіршекке кіріп алыста тұратын нағашыларыммен сөйлесетінбіз.
20 жыл бұрын «Қазақтелеком» тек телефон қызметін көрсеткен болса, бүгінде ол қуатты, заманауи компанияға, телекоммуникация қызметін көрсету жөнінен Қазақстанның брендіне айналды. Қазіргі уақытта 14900 аса абонент iD NET қызметін пайдаланса, 8800 мыңнан аса абонент iD TV сандық теледидар қызметін қолданады. Және iD Phone қызметіне 4375 абонент қосылған.
Иә, Ақмола облысы бойынша менің көрген-білгенім осы. Келесі блогымды Қызылжар өңірінен күтіңіздер…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.