Сингапурға саяхат (1 -бөлім)

Әлемге саяхат /
Осы жазда Қазақстаннан өзімнің жолдас інім болған Жарас пен туысқан ағам Берік Малайзияға турист ретінде сапар шегіп келген. Содан астымызға атымызды ерттеп сол сапарлап ел аралауға шыққанбыз. Алдағы сапарымыз, аты әлемге танымал болған Сингапур елі еді. Қалтаға ақшамызды салып, қолымызда Сингапурлық виза басылған паспорт, арқамызда сөмкеміз, ішінде біраз керек жарақтарымыз бар, жолға шықтық, « Аллахқа тәуекел»- деп.

Уақытта жетті, Сингапур елінің шек арасына жақындадық, енді санаулы сағаттардан кейін, бұл елге аяқ басамыз, бірақ алдымызда иммиграциялық тексеруден өткеннен кейін ғана. Қолымызға бір жапырақ қағаз берді, ол қағазға ар адам өзінің аты жөнін, сапар мақсаты, қай жерде тұратындығы,қай елдің азаматы т. б. мәліметтер толтырылады. Жарас досым енді ағылшын тілін меңгерген, ал Берік ағамызға ағылшын тілі түсіне кіріп шықпаған десекте болады. Содан не керек біздің кезекте келді, иммиграциядағы қызметкерге паспортымыз бен бір жапырақ қағазымызды қосып көрсеттік, ойда артық ой жоқ, тек қазір керек мөрлерін қойып жіберер деген ой ғана.
— Сіздер Сингапурға барғанда қай жерге тұрмақсыздар деді?-деді коммисар көмекшісі. Енді алдын өзімізде жеке отельге тапсырыс бермеген соң, қағазда ешқандай баратын жер туралы мәлімет жазбаған едік. Содан мен пысық тіліме сеніп;
— Негізі біз ешқандай отельге тапсырыс жасамадық, Сингапурға кіргенде отельдерді аралап жүріп өзіміз тандап аламыз — деп түсіндірмек болдым, содан иммиграция қызметкері кудіктене қарап:
— Сіздер қазір шетте күте тұрыңыздар- деді, содан не керек, біраз күттік, одан кейн үшеуіміздіде бір жеке бөлмеге алып барды. Алдымызда екі ерлі зайыпты, жастары 50-дің шамаларындағы үнді кісілер отыр екен. Байқағаным ол кісілер сөмкесіндегі 3-4 шиша вино шараптарына декларация толтырып жатыр екен. Мәссаған деп таңқалдым, оған қоса салық төлеу керек екен!!! Естімеген елде көп деп қана «допросқа» өзіміздің кезегімізді күттік, көп ұзамай біздің де кезекте келді. Иммиграциядағы коммиссар сұрақтарын жаудырды келіп, бірінші Жарас досымнан сұрау алды жеке шақырып, енді ол досымда шет елде алғаш аяқ басқан, біраз абыржып сұрақтарына нақты жауап бере алмай жатқанын алыстау тұрсамда, түр әлпетінен сездім. Содан шыдамым жетпей, мен қастарына жақындап сөздеріне араласып кеттім. Коммиссар мырза:
— Сіздер Сингапурға кіргенде қайда тоқтамақсыздар?
— Енді отельді елге кірген соң асықпай аралап жүріп, көріп, таңдап аламыз, сол үшінде әзір нақты жазбадық баратын адрессті — деп менде бар шынымды ашып салдым.
— Сингапурда сізді біреу күтіп алады ма?
— Жоқ албетте, біз туристпіз, сол үшінде бізді ешкім күтіп алмайды! –деп мен жауап қайтардым. Содан кейін біраз паспоттарымызды «төрт көзімен» асықпай қарап шықты да:
— Сингапурдан кейін қайда барасыздар?
— Енді әлбетте кері өзіміздің Малайзияға қайтамыз!- деg сұрағына іле жауап беріп.
— Онда сіздердің артқа Малайзияға қайтатын білеттеріңіз бар ма ?- деп коммиссар қайтара сұрағын үдете бастады. Негізі Сингапур елі Малайзиядан алыс болмағандықтан, экономикалық түрде тиімді деп автобуспен келгенбіз, енде міндетті түрде артқа қайтатын білетті Сингапурдан алатынымыз анық қой.
— Кері билетті, Сингапурдан қайтатын кезде аламыз! — деп менде жауаптан қайтар емеспін
— Бірақ қасыңыздағы Жарас пен ағаңыз Берікте кері Малайзияға визасы жоқ қой?? -деп жүзіме үңіле қарады.
Бұл уақытта Жарас досымда, Берік ағамда менен тыстау жерде күтіп отқан. Себебі Комиссар мырза менің ағылшын тілімнің жақсы екенін біліп «допросты» менен алып жатқан түрі ғой. Ал Берік ағам бізді күткен күйі үнсіз ғана сабырлы кейіппен отыр, коммисар мырза ол кісіні мазалаған жоқ. Ойбай, ол кісіні қалай мазаламақ, тіпті ағылшын тілінен ешқандай хабары жоқ, оны жақсы тусінген комиссар мені олардың атынан өкіл етіп сұрап жатқаны. Менде ішімнен олардың осындай болмайтын сұрақтарынан ызам келіп, өзімді «допроста» отқан қылмыскердей сезіне бастадым.
— Комиссар мырза, ол кісілер турист, ал Малайзия заңы бойынша Қазақстан азаматтарына кіргенде 30 күнге социялдық визаны паспортқа мөр түрінде басып береді, ал мен студентпін, сол ушінде менде қағаз стикер турдегі визам бар! — деп қызулана сөйледім. Содан менің паспортымды коммисардың көмекшесі алып кетіп, телефонмен маған белгісіз бағытта қоңырау шалып, біраз сұрақтар сұрай бастады. Алыста отырсамда құлағым біраз олардың әнгімесінен әлсін естіп отырдым, сөйтсем бұл мырзалар менің визамның түбірін Малайзия елінің иммиграциясымен хабарласып, тексеріп жатыр екен. Мұны естіп, ішім оттай қайнай бастады, неліктен соншама сұрақ қойып, менің деректерімді тексеріп жатыр, әлде мен бір заңсыз әрекет жасаған қылмыскер болдым ба??? деп іштей ғана түңіліп, күтіп отыра бердім.
— Сіздің визаңыздың түбірі расталды, енді қанша күн болмақсыздар Сингапурде?
— Коммиссар мырза! — деп барынша сабырлы жауап беруге тырысып,
— Біз осы кішкентай қаланы аралап көремізде, бір күн қалмай табанымызды жалтыратамыз!!!
Осыдан кейін комиссар мырзамен «теке тірес» біразға созылды, қорыта айтқанда бізге Сингапурға кіруге әзер дегенде рұқсат берді. Менде тістеніп оларға « Елдеріңе болайын сендердің, түкіргенім бар, бір қыдырып ел көрейін деп келсем, сендер мені қылмыскердей тергеп жібердіңдер» деп айттым, әлбетте, оны іштей өзіңе айтасың ғой. Одан кейін паспорттарымызды қолымызға тапсырды, бізде асыға сыртқа қарай автобусымызға мінуге жол тарттық… Міне қызық, сыртта біздің автобус бізді күтпей тастап кеткенін бірақ білдік! «Енді сабырлы бол!» деп өзімді басып, бұл посттан өзіміз шығып кетейік деп, шығатын есігін іздей бастадық… Бірақ шығатын есік таба алар емеспіз, сұрайтын айналаңда жанда жоқ өзге, ал біз жүрген жер сым торлармен берік қоршалған ғимарат. Біраз сандалған соң, алыстан таң қарағысында екі әскери формадағы қаруланған адамды байқадық, ойда арам ой жоқ, сол кісілерден сұрасақ айтып жіберер деп қасымдағы Жарас екеуіміз, соларға қарсы беттедік. Жақындап келіп, мен:
— Кешіріңіздер, бізге мына жерде шығып кететін жерді көрсетіп жібересіздер ме? — деп мен өтініш білдірдім.
— Сіздер мұнда неге жүрсіздер? Мұнда ешкімге жүрүге болмайды! Бізге ілесіңіздер! — деп бізді қайта «сұрау басқармасына» бастады. Қарулы адамға қарсылық көрсету ойымызғада келмеді, алдарына түсіп ілестік, еңсеміз түскен күйде… Қайтадан сұрау алған коммисарымызды кездестірдік жолда, олда бірден бізді тани кетті… Қарулы кісінің бірі барып ол кісіге:
— We caught them at the court (Қазақша баламасы: біз бұларды алаңнан ұстап алдық)!!! — деп баяндай бастады. Менде шыдамым таусылған соң сөзге араласа:
— Кешіріңіз, сіз бізді ұстап алған жоқсыз, қайта біз сіздерден көмек сұрап келдік! — деп сөзін тураламаққа тырыстым. Комиссар мырза бізге жартылай күле қарап;
— Бұл аймақта жүруге болмайды, сіздерді ескертусіз атып тастауға құқығы бар! — деп, бір қолмен тапаншаны бейнелеп, дене қимылымен көрсете сөзін аяқтады. Қарулы кісінің бірі:
— Қәзір күте тұрыңыздар, сіздерге такси шақыртып, салып жібереміз — дей жылы қабақ танытты. Жиырма минуттар шамасында күткен таксиімізде келді, жалыққaн көңілімізбен үшеуіміз таксиге беттеп мініп алдық.

Таң атар сәті, таксиде айналамызды бақылап келеміз, бір жағынан көңіл күй түсіңкі, бар болған жайттардан кейін. Біраз үнсіздіктен кейін такси жүргізушімен әңгіме басталды, бізде Сингапур елі жөнінде сұрай бастадық. Менде сөз арасында ашуым әлі басылмаған күйде: «Сингапурдың иммиграциясына таң қалдым, бір сағаттан астам уақыт қылмыскерлердей тергелдік!!!» деп бар шағымымды такси жүргізушіне жайып салдым. Жүргізуші сыпайы турде, жылы дауыспен -« Мен сіздерден, бұл ағаттық үшін кешірім сұраймын!!! Қазіргі кезде біздің иммиграция қызметі шет елден келген туристтерді қатаң бақылайды! Бірақ Сингапурлықтар қонақжайлы және бұл әлемдегі ең қауіпсіз қала!» деп елін мақтады. Содан біраз сөзіміз жарасып, жүргізушімен жол бойы Жарас пен бірге әңгіме дүкен құра отырдық. Алғашқы баратын нүктеміз ретінде “Little India” (Кіші Индия) ға жол тарттық, себебі қалтамызда таксистке төлейтін сингапурлық долларымыз қалтамызды жоқ еді. Ал бүкіл қалада тек сол аталған жерде 24 сағаттық ақша ауыстыру пункті істейді екен.
Осымен Сингпурға шеккен сапарымыздың 1-ші бөлімін аяқтайын, алдағы уақытта міндетті түрде басқа бөлімдерін оқитын боласыздар! Назар аударып оқағандарыңызға көп рахмет!!!

6 пікір

MSHERIMBEK
Мықты сапар болған екен:) Бір деммен оқып шықтым:) Ендігі айда мен де барып қайтсам ба деп отырмын:)
Meirzhan
«Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» дейді ғой. Жалғасын күтеміз :)
Liberal
Рахмет, жалғасы құдайқаласа болады!
yerbol89
Қазықты сапар болған екен. Сол жазғы демалыста мен де барып қайтсам деймін Аспан асты еліне! :)
Liberal
Ия, сапар сәтті болсын!!! Демек Қытай еліне ме?
akil_kalta01
Жалпы қеремет баяндалғын екен, көз алдыма елестете отырып оқыдым!!! Сапардың келесі бөлімдерінде қызықты оқиғалар баяндалар деген ойдамын :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.