Тамақты дәмді істеудің құпиясы неде?
Постты өте көңілсіз күйде, үмітім үзілгелі барып жазып отырмын))) 3 жыл өтті, әлі бір дұрыс тамақ жасап үйрене алмадым. Істеген тамағымды өзге түгіл, өзім жеуге тәбетім шаппайды. Тамақты дәмді етіп жасаудың құпиясы неде? Жоғарыдағы нұсқаларды аннан-мыннан естіген едім. Сіздер не дейсіздер?
23 пікір
1. Әуелі тазалық, Алла атымен бастаған қандай іс болмасын сәтті аяқталатынан білетін боларсыз, егер Аллаһ қаласа, әрине. Іштей, Аллаға сыйына жүріп, алдымен тамаққа қосар нәрселеріңізді алдын ала аршып, тазартып, турап қойыңыз. Бәрі сақадай болсын))
2. Жалғызбасты еркектер үшін қандай тағам болмасын (олардың қандай тағамдар жасайтынын білеміз енді))) майды бір ғана ожау құюына кеңес беремін.
жұмыртқадан басқа. Май қатты қызбай тұрғанда майға қуыру керекті картоп, сәбіз, пиязды салыпбисмиллаһир рахманир рахимқуырамыз, айтпақшы орташа отта. Қуыру барысында тұз салғаныңыз жөн. Әдетте, тұзды соңында салуға кеңес беріп жатады, ал қуыру барысында салса сіңімді болады.Егер тұзды кем етіп қоярмын деп ойласаңыз, уайымдамаңыз. ал көп етіп қоярмын десеңіз шәй қасықтың жартысындай салыңыз. Ал одан кейін тұзы кемшім болса, тағам дайын болып алдыңызға алған соң да қосуыңызға болады.
Тәк, сонымен көп қуырмай, қызартпай су құямыз. Себебі, көп қуырылса салынған нәрселердің дәмі өз бойында қалады да сорпа дәмсіз болады.
бисмиллаһир рахманир рахим3. Енді қайнағанын күтеміз. Қайнай бастағанда қатты қайнауға жеткізбей, отты бәсеңдетеміз. Одан соң күріш салсыз ба, макарон саласыз ба, еркіңіз. Ішіндегілер пісуі керек…
Айтпақшы, етті өз басым ұнатпаған соң, тамаққа салуды да, тіпті мында жазуды да ұмыттым. Егер ет жегіш болсаңыз, бірінші етті қуырған болар едіңіз. Қуырар алдын оны ыстық суға жусаңыз дәмі кетіп қалады, сол үшін салқын суға жуған жөн.
Бастысы, тамақ істеп жатқанда есіл дертіңіз сонда болғаны жөн. Қандай көңіл-күймен істесеңіз тағамыңыз дәл сондай күйде пісуі мүмкін. Сондай-ақ, оны келесі бір адамдар жесе әсер етеді. Майда-шүйде секілді болса да, тамақ істеудің осындай құпиялылығы бар.
Кеңес берейін, болашақ жарыңыз алдыңызға тағам істеп әкелгенде ерінен, тағы басқаларынан міндетті түрде жылы сөз күтеді. Істеген тағамын мақтап қойсаңыз келесі де ол тамаша көңіл-күймен істеп, одан да дәмді еткен болар еді. Мысалы, ер адамдар да әр істеген ісінен мақтау естігісі келетіні жасырын емес.
Ал, жылы сөз адамдардың емі десе де болғандай.
Жалпы, түсіндіре алдым-ау деп үміттенемін))
Астарыңыз дәмді, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болғай!!!
Палау әлі пісіргем жоқ(((