Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан...

Әлеуметтік сауалнамалар /
Кей посттарда айтылып жатады ғой, тіл-дін, кризис, т.б. мәселелер болсын, «біз де былай, ал, басқаларда олай емес», бла-бла-бла… Міне, сондай пост авторларына көбірек арнағым кеп тұр осыны. Зверский настрой, вобшым, тиіп кетіп жатса айып етпеңіздер ескертіп қояйын)

Әзілдеймін, әрине.
Жай кеше жатып мынадай идея келіп кетті, соны ұмытпай тұрғанда… Жұмыста пост жазып көрмеппін, ой шашырап жатыр

1. Кез келген мәселенің шешуге болады. Ол үшін мемлекетті, елбасыны, билік басындағыларды, жемқорларды, "қазақтарды", менталитетті, заманды, СССР-ды кіналап қажет емес. Бүгінгі күні егер біреу кінәлі болса, ол тек өзіміз. Мен, сен, ол. Яғни, біздер, не олар деп көпшілікке жауып қоя салмайық. Онда ештеңе өзгермейді. Әркім нақты өзінен бастасын-2.
3. Үлкен мәселені шешу үшін әрқашан қиын бола бермейді, немесе үлкен қаражат бөлінуі де міндетті емес. Әрбір республика тұрғыны қарапайым әлементарьный нәрселерді жасап жүрсе жеткілікті. Мысалға, "қала лас, ешкім жинамайды емес" емес, әрбір қала тұрғыны қоқысты жерге лақтырмасын деген сияқты. Неге сол қарапайым істердің тізімін жасамасқа?

Қарапайым істер
1. Тіл => Қоғамдық жерлерде, достармен, үйде ана тілде сөйлесу.
2. Қала тазалығы => Қоқысты тек қана арнайы орындарға тастау.
3. Дін => Дін жайында анық білмей сөйлемеу, одан қайтару. Айтыс-тартысқа түспеу.
4. Ұлттық тәрбие => Қатарларыңды батыстың мәдениетіне соқыр сенімінен қайтару.
5. Жемқорлық =>…
6. Білім =>…
7. Кризис =>…

— деп бастап қойдым. Қарап отырсақ, осы қарапайым нәрселерді жасамағаннан туындап тұр ғой көп мәселелер. Сіздің айтар-қосарыңыз болса, бірігіп тізімді үлкейте берейік. Және тағы бір пункт

5. Осы қарапайым істер жайлы қатарыңа айтып жүру.

18 пікір

zhomart
Келісемін, әркім өзінен!
Togzhan
Міні, міні! Әркім өзінен бастауы керек!!!
Жемқорлық-- пара беруді тоқтату керек! Беруші болмаса, алушы қайдан болсын дегендей.
Білім-- білімсіз, білімсіз дей бергенше, өзіміз білмейтін нәрсені білуге тырысуымыз керек!)
Кризис-- қанағат ете білу керек.
ereke_enu
Кризис қанағатсыздықтан пайда болды дейсіз бе? Кризис қайда болып жатыр өзі, білмейді екем. Кімге әлемдік дағдарыс кризис келді?))
Togzhan
Кризисті тек әлемдік деп түсінбеу керек қой)))
zhomart
Кризистің пайда болу себебі банктердің несие беруінен болады
ereke_enu
Онда банктердің бәрі жауып тастаса, кризис болмай ма?
zhomart
Мәселе пайыз беруде, Ислам елдері ешқандай да пайыз бермейді, нәтижнсінде дағадрыс атаулы оларда жоқ
ereke_enu
Олар мұнайдың үстінде қалқып отырған жоқ па, соған байланысты шығар
Korkem
ЖЕмқорлықты енді сіз бен біз тоқтата алмаспыз. Мәселе берушіде емес алушыда. Бір алған қол екіншілей есебін табады. Әрине, билік ода болған соң бермеске шара да жоқ. Жемқорлықты тоқтату үшін берушінің көзін құтру керек)
Togzhan
Керектен оқыдым ғой деймін, жемқорлық деген сонау Конфуцийдің кезінен бар дегенді)
Оны тоқтату әсте мүмкін емес, бірақ әркім өзінше үлес қоссын дегендей ғой)
Korkem
сонда айызыңыз бір қанар ма еД? ))
Korkem
берушінің көзін құтру керек)
алушының дегім келген
ereke_enu
ия, ешқандай мемлекет жеңбеген шығар оны. Бірақ, мемлекет жемқорлыққа қарсы не жасамасын, жемқорлар әйтеуір айласын асырып кете береді да.
qyrmyzy
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан! ©
ereke_enu
© — нау не нәрсе?)
ereke_enu
мына символды google-дың поисковигі қабылдамайды екен.
AKA
Ризамын, Ереке, осындай ойларыңызбен жиі бөлісіп отырыңызшы.
Ал, жемқорлық турасында айтар болсам, шынымен де білімі бар адам, алдыңа келіп ақша сұраса да бермейді және оған пара сұраушы адам төмен баға қоя алмайды. Тек табандылық керек, «білім, білім» деп жүгірген және оқуға бар назарын салған адам жемқорлыққа бармайды. Кейін, жұмыс мәселесі шығады. Дұрыс, жұмысқа тұрарда ақша сұрайтындар кездеседі. Әрине, сіз барып бірден «жұмсақ кресло» сұрасаңыз сондай жағдай болады, қарапайымнан ешкім бастағысы келмейді. Мен білетін бір адам бар, сабақта да, жұмыста да ақша бермей-ақ өз еңбегімен, табандылығымен жетістікке жеткен. Жұмысқа тұрарда қарапайым қызметкер болды, айлығы да аз еді, бірақ түйіндемесі арқылы өтті. Қазір қалалық мәслихат депутатының орынбасары деңгейінде, осы қарқынмен жүрсе өзі де депутат болады, иншАллаһ! Еңбекқорлық пен табандылық қана бір нәтиже бермек.
ereke_enu
Толық келісемін! Білімді, қабілетті адам қазір заманда жерде қалмайды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.