Мен қазақ қыздарына қайран қалам..

Әлеуметтік сауалнамалар /
Еркектер атам заманнан аңшылар. Олар өз дегенін тегін емес, аулап алғысы келеді. Жаны содан рахат табады. Қоянның өзі сені іздеп тауып, алдыңа кеп «атшы» деп жалынып тұрса несі рахат? Оған қарағанда шыбын өлтірген қызығырақ болатын шығар. «Шпақ» еткізіп, ұшып бара жатқан жерінен ұрып түсіруге аз да болса ептілік керек. Екеуі де далбаса нәрсе ғой, бірақ, аулап алған шыбынның құны аяғыңа оратылған қояннан артығырақ) Не айтпағымды ұққан боларсыздар. Бәлкім, қазір, шынымен жігіттер талғампаз боп кетті ме, әлде нағыз жігіттер құрып кетті ме, не болса да, қыздар анадай жолмен өз құныңды түсірмегін. Не сұмдық ол? Бір қызбен сөйлесе қалсаң, таң қалам, әлде сондай аңқау көрінем бе, түрлі жағдайлар ойлап тауып өзіне үйлендіргенше асығып болады. «Менің жігітім неге жоқ?» деген сұрақ 4 курс қыздарының бас ауруына айналған. Байқайм, біздікілерде қырғын үрдіс жүріп жатыр. Сенбі сайын топ-топ боп, бір мейрамханаларға кетіп қалады. Түрлері біртүрлі «менің бір құпиям бар» деп тұрғандай…

Әттең-ай, не істеуге болады? Мұның бәрі жігіттер саны аздығынан болар деп ойлаймын. Азайдық па, майдаланып кеттік пе? Қандай жағдай болмасын, қарындастарым, өздеріңмен өздерің болыңдар!!! Досың емес, құрбың болсын. Аңшылық(жігіт аулау) пен өздік жарнамамен айналыспаңдар. Жалғыздықтан қорқып, шектен шықпаңдар. Жігіттер қыздың түріне, киіміне, біліміне, жағдайына қарайды. Бірақ, мұның бәрі уақытша. Түбі жігіт сені әйелі ретінде елестете алса ғана алады. Яғни, бүгіннен бастап өзіңді болашақ ана ретінде, адал жар ретінде сезін де өзіңді солай ұста. Сәйкес амал ет. Жақсы тауар ешқандай акциясыз жылдам өтіп кетеді. Жақсы қызға жақсы жігіттер табылады. Андай қыздарға тек өзі сияқтылар үйір болады.

Ел арасында нағыз қазақ қызының образын насихаттау керек…

Біз де азып барамыз ба не болып барады?

P.S: әрине, бұл мәселенің бір ұшы ғой. Әзірше осы жерден тоқтайын.

Пост қандайда бір себеппен сіздің шамыңызға тиіп кеткен болса кешірім сұраймын. Бірақ, осындай мәселе бар. Бар, көп және бұл жаман.

106 пікір

Jako
Түбі жігіт сені әйел ретінде елестете алса ғана алады.

Ой, азамат! Өте дәл, ашық айтылған анықтама.
AL-ASTER
Аңшыны да нағыз аңшы ететін талай мықты «аңдар» бар.

Бәрі де жақсы болады.

Жақсы мақала.
khairbek
жоскы қайран қалатын болып тұрсынго
ereke_enu
айтпа, бір емес, екі емес… ақыры жазайынш деп шештім
dimash
Осы ғой менің де ойым.
Мойындаймын өзім, әзір үйлену ойда жоқ болған сон маған да «анандай» қыздармен қызығырақ, олармен айрылыссан да көп проблема емес, еттері үйренген.
Сондада сырттай жақсы қыздарды қарап жүресін ғо, қайсысы менің мамама жақсы келін болады, қайсысы дені сау ұрпақ әкеле алады (осы екіншісіне көп қарайтын болыппын).

Шошандап қалған қыздардың өзеді де білетін сияқты, что жігіттер де онымен тек уақытша жүретінің ғана. Алма ағашының да төменіндегі алмалар қол жетімді болғанымен, жоғарысындағы алмалар тәттірек, әдемі қызарып піскен. Оны тек талпынған адам ғана алады © Агенттегі спам
ereke_enu
«анандай» қыздармен қызығырақ
Байқаш тек. Бір жолдас балам бірде өзінің сондай бір қызы жайлы «не боларын білмей жүрген қыз ғой» деп еді, қазір сол қызға үйленіп, тіпті балалы болады жақында. Ал, не дейсің? Не боларыңды білмей жүрген сен едің ғой айтқым келеді кейде)
dimash
Таяқтың екі ұшы бар дегендей ғой бұл да. Кінә өзімізден де, қыздардан да.
Меніңше бәрі өз орнында, болашағын ойлаған қыз өз орнымен қыдырып, өз орнымен жүріп-тұрады.
Өмірге жеңіл қараса, оның салдары ауыр болады.
Әркім өз еркі ғой, тағы да ойым сол, барлығы дұрыс, барлығы өз орнында. Өзгеріс қажет емес сияқты.
Korkem
ееее, мынаған қыздардың жауабы керек пе?
ereke_enu
керек, тіпті, бір пост жауап болса зор боп кетуші еді
Korkem
күтіңіз онда! бірақ пікір-таласқа бастар болса, сіз жауаптысыз))
AL-ASTER
Жаз жаз амиго!!!
mairosh
Мында пікір жазуғада батылым бармайды екен. Жазсам минусталып кетем баа деп ойлайым))
ereke_enu
Ештеңе етпейд, өлмейсің))
салем достар менін ойымша казіргі заманда еліктейтін жастар оте кооп бірак баріне топырак шашпаймын!!! болашагын ойлайтын кыздар да жігіттер де казір аз тек 5 минуттык лаззат ушін омір бойы азабын кореді!!! арине тесік моншак жерде жатпайды бирак келешеги жаксы болады деу оте киын!!! ен бастысы баріне тек иман жетіспейді!!! Аллахым баршамызга иман беріп казагымыздын ул кыздарын бакытты кылсын иншаАллах!!! болашак урпагымыздын болашак отбасымыздын бакыты ушін жаксы жолмен арі таза жолмен журулерінізді тілеймін!!! Ар адам кателікті озінен іздесін дегім келеді…
ereke_enu
Сәлем! Аминь. Айтқаныңа қосыламын. Бұл постты көпке топырақ шашу үшін емес, не біреуді даттау үшін жазғаным жоқ. Күнделікті көріп жүрген нәрсенің дұрыс еместігін, бұдан қайтару мақсатында жаздым. Жаман нәрсеге көз үйреніп кеткеннен сақтасын
иа дурыс осындай маселелерді коптеп талкылау керек негізі когамдагы мундай тагы да маселелер жетерлік мысалы айтатын болсак, жастардын улкендерді сыйлауы, кыз бен жігіттін арасындагы сыйластык, жаман создердін айтылмауы деген сиякты!!! бул маселе де жаксы талкыланып жатыр екен! менін бір танысымнан басынан откен окиганы айтып берейін, жігіт пен кыз бір бірін катты жаксы кореді сосын жігіт кызга условия кояды егер мені шын жаксы корсен мендік боласын деп кыз келіседі!!! сосын коп узамай жігіт суынып кетеді кызга коп хабарласпайды кыз уайымдайды, солай уакыт оте жігіт кызды умытып кетеді!!! кыздын екі козі жаска толып калады!!! міне менін айтпагым кейде жігіттер де істерлерін істеп алып кейін тастап кетеді, менін ойымша дурыс емес неге жігіттер кыздын коз жасына калады!!! жігіттерге де бір нарсені істер алдында ойлану керек олардын карындастары, апкелері бар гой!!! солай карындастарына апкелеріне істесе калай болады!!! ар жігіт ар кызды карындасындай, апкесіндей коруі керек кой!!! сонда айтыныздаршы мунда кыздын не кінасы бар??????? жігіттер сіздер де ойланыныздар!!! барлык нарсе некеден кейін болу керек!!! некесіз болган нарсенін барі харам!!! бурынгы кезде ата-ажелеріміз калай танысып калай сойлескен!!! олар ешкімнен артык немесе кем болган жок кой!!! казір заман баска деп шыгамыз!!! заман баска емес тек тезника дамуда. ал адамдардын ішкі пигылы озгерген. кыздар да жігіттер де казір баскалай ойлайды. мен сіздерге айтайын кыз бен жігіт уйленгенше бір-бірінін колынан устауга руксат жок шаригатта!!! значить тусіне берініздер что біздер кандай куна жасап жатканымызды.ойланайык. еще все хотят таза кыздарды.жігіттер сіздер кыздарды аяласаныздар кыздар сіздерді багалайды иншаАллах!!! Ал кыздар сіздер не істесеніздерде олйнанып, болашактарынызды ойлап, ой електерінізден откізіп бірак бастаныздар! ойткені бугінгі кыз ертенгі ана, келін, аяулы жар болуга тиіс!!! куйеулерінізді сыйлап, балаларынызга аналык махаббат сыйлап, ата-енелерінізге курметпен караныздар иншаАллах!!! Барлыктарынзга Алла разы болсын!!"
ereke_enu
керемет пікір! аминь.
qyrmyzy
Сіздің айналаңыздағылар сондай мүмкін:) Немесе сізге сондайлар* жолығады:)
ereke_enu
Ох, йооо))) жаман кетті)
ereke_enu
Сендер ондай нәрсені көрмедіңдер де, естімедіңдер де? Қандай бақыттысыңдар. Рас.
ereke_enu
Көркемнің көркем шығармасы қашан бітеді екен?)
Korkem
әлі басталмаған постты, бітеді диС па? )))
ereke_enu
Онда постты минустаудан басқа амалдарың болмағаны ғо… мен бір қазіргі жігіттер жайлыы сын бола ма деп едім. Өкінішті((
Korkem
иә, қазіргі жігіттер жайлы сын болады
ereke_enu
Асыға күтеміз
Korkem
Ереке, ассыққан бабайдың (түн ішінде жазуға қорқывотқаным) ісі, асықпай күтіңіз :))))
qyrmyzy
Онда постты минустаудан басқа амалдарың болмағаны ғо…
о, ноу! Сіздің пікір! Біреудің пікірін де тыңдайтындардың қатарындамыз. Асықпаңыз. Жазармыз бірде сіздер жайлы да. Тек өш алу мақсатында емес. Алтын сырға ретінде.
ereke_enu
Сол ғо, мен де сол біліп жүрейін деп
ereke_enu постыңызды жақсы бағалаймын(әттең +бере алмайтыным!)
иә рас айтып отырғаныңыз, меніңде қасымда жүрген жолдастарымның ойы осы(жәмән)…
Сосын қыздарға қатты жаным ашиды, неге десеңіздер қазір темекінің көк түтінін будақтатып тұрған қыздарға да көзіміз үйреніп кетті, ертең олар ана болмайма? Сонда баласының дені сау болмаса кім кінәлі? Қыздарға темекі шегу қауіпті… әсіресе жүкті кезінде… Жігіт болып біз шекпей, ләззатқа берілмей-ақ жүрмізғой!
ereke_enu
енді бере аласың)) Жерлесім екенсің, сенен аяғанымды ит жесін)
zhurttyn_balasy
трайбализм детектед
ereke_enu
))) Осы сондай терминдерді қайдан біліп алатындарыңды қайдам. Үнемі гуглдап отырғаным
qyrmyzy
әттең +бере алмайтыным!)
біртүрлі екен:)
осыған дейін + бере алмайтынмын) Енді саған байқамай + беріп қойдым)сол плюсымды ала-алмай отырғаным:))))
qyrmyzy
Сиысып отырайық © өзі тар жер
ereke_enu
Әрине)) Көңіл сыйса, бәрі сияды ғой
ereke_enu
Дұрыс шекпе, құрсын. Мен де шекпейм. Не пайда солардан? Түк түсінсем бұйырмасын
тема өзгеріп кетті)) бірақ сол темекі шегетін қыздар… ия сол шегетін қыздар осы посттарды оқымайдыда((( құрсынш өзіміз аман болсақ болар!
qyrmyzy
болде ©
ereke_enu
жас балаға сонша ауыр сөз айтып))
qyrmyzy
ық ық, күлкімді келтірмеңізші, please!
ereke_enu
Негізі, менің постымдағы қыздар тәп-тәуір-ақ қыздар. Тек… сондай тірліктері бар да, тыныш отыра алмайды
qyrmyzy
қойше©.
ereke_enu
Бәріне тисіп болдың ғо, темекі, андайлар хабарың жоқ па еді?))
qyrmyzy
тиіскенде, тиісіп отырғаным жоқ. Мында ондай* қыздар жоқ, меніңше, сондықтан ондай темалардың © жазылғанын қаламаймын. Артық кетіп жатырсыздар. Құғақ қасық ауыз жыртады ©. Құр айғаймен түк бітпейді, меніңше!
qyrmyzy
сосын, жауыр боп, айтатын ештенесі, талқыланатын түгі қалмаған тақырып
ereke_enu
Бопты. Біреулерге жеткен шығар деп 20 минут жазған еңбегімді ақтап алайын
zhurttyn_balasy
Жігіт болып біз шекпей, ләззатқа берілмей-ақ жүрмізғой!

Жазған ай
zhomart
Ереке, жігіт екенсің! Осында қыздар жайлы әңгіменің ұшы шықса, мұндағы қыздардың тулап шығатыны бар. Солардың қарсылығына тап болам деп қорықпай жариялапсың. Түсінбеймін да, неге қарсы болатынын. Ешкім де олар туралы айтпайды. Дәп бір өздерін айтып жатқандай атылып шығады. Қоғамдағы бар нәрсені айтпау күнә емес пе? Неге жасыруымыз керек? Әлде ештеңе айтпай азғындап жүре бергеніміз дұрыс қой деймін. Жігіттерді жақтап алайын деп тұрғаным жоқ. Ұрғаным бар басқаларды. Өзіме жауап беріп алсам болды. Алла иманынмыздан айырмасын дейміз ғой баяғы. Түзелерміз, иншалла. Бұлай кете бермейміз
ereke_enu
Толық келісем. Әрине, өзіміздің қыздар жайлы еш жаман ой жоқ. Әрқайсысын өз қарындасымдай көрем. Жамандық тілемейсің ғой, тек жақсылық болсын, сондай қыздардан аулақ болсын деп…
Ереке меніңде айтқым келгені осығой! ана қыз қойше, болде деп шықтығой. Жақпай отырғансын ештеңе деген жоқпын))
qyrmyzy
хмммм… Қолмен шұқып көрсетіп беріңізші қарсы шыққан қыздарды! Айтыңыз, мында айтудың еш қажеті жоқ. Сондай қыздар* сіздердің осы бір посттан бірдеңе ұғатындай. Оның айналасындағылар шарасыз отыр дейсіз бе? Олар да айтадды құрбыларына. Санасына берсін. Пікіріңізге жауап беруіңізді ұмытпаңыз!
didi0393
andai kyzdar
dep aitkannyn ozi jaman estiledi eken...negoo. Sondai tirlikpen jurgenderdi kogam buzgan wygar.kogamnyn anshylykpen ainalysyp jurgen adamtiptes zyalylylary wygar buzgan.meninshe erkekterdin ozderinen bari.
meniki jenskaya solidarnost';-)
MSHERIMBEK
құдоооооооооооой:) қош келуіңмен:)
didi0393
Rakhmet.kosh kordikk:-)
zhurttyn_balasy
Уааааааааа Дидииииинөльүштоқсанүш.
didi0393
jurttyn balalaryna kuanysh syilaim negizi;-)
ereke_enu
Аңшылықпен айналысып жүрген адам типтес зиялылар
ыққ ық
Еркектердің өздерінен бәрі
Диди ханым, өте бір жақты айтып жібердіңіз-ау дим
didi0393
nu voobshem tusindinizgo)
qyrmyzy
ық ық, қатырдың.
иа дурыс осындай маселелерді коптеп талкылау керек негізі когамдагы мундай тагы да маселелер жетерлік мысалы айтатын болсак, жастардын улкендерді сыйлауы, кыз бен жігіттін арасындагы сыйластык, жаман создердін айтылмауы деген сиякты!!! бул маселе де жаксы талкыланып жатыр екен! менін бір танысымнан басынан откен окиганы айтып берейін, жігіт пен кыз бір бірін катты жаксы кореді сосын жігіт кызга условия кояды егер мені шын жаксы корсен мендік боласын деп кыз келіседі!!! сосын коп узамай жігіт суынып кетеді кызга коп хабарласпайды кыз уайымдайды, солай уакыт оте жігіт кызды умытып кетеді!!! кыздын екі козі жаска толып калады!!! міне менін айтпагым кейде жігіттер де істерлерін істеп алып кейін тастап кетеді, менін ойымша дурыс емес неге жігіттер кыздын коз жасына калады!!! жігіттерге де бір нарсені істер алдында ойлану керек олардын карындастары, апкелері бар гой!!! солай карындастарына апкелеріне істесе калай болады!!! ар жігіт ар кызды карындасындай, апкесіндей коруі керек кой!!! сонда айтыныздаршы мунда кыздын не кінасы бар??????? жігіттер сіздер де ойланыныздар!!! барлык нарсе некеден кейін болу керек!!! некесіз болган нарсенін барі харам!!! бурынгы кезде ата-ажелеріміз калай танысып калай сойлескен!!! олар ешкімнен артык немесе кем болган жок кой!!! казір заман баска деп шыгамыз!!! заман баска емес тек тезника дамуда. ал адамдардын ішкі пигылы озгерген. кыздар да жігіттер де казір баскалай ойлайды. мен сіздерге айтайын кыз бен жігіт уйленгенше бір-бірінін колынан устауга руксат жок шаригатта!!! значить тусіне берініздер что біздер кандай куна жасап жатканымызды.ойланайык. еще все хотят таза кыздарды.жігіттер сіздер кыздарды аяласаныздар кыздар сіздерді багалайды иншаАллах!!! Ал кыздар сіздер не істесеніздерде олйнанып, болашактарынызды ойлап, ой електерінізден откізіп бірак бастаныздар! ойткені бугінгі кыз ертенгі ана, келін, аяулы жар болуга тиіс!!! куйеулерінізді сыйлап, балаларынызга аналык махаббат сыйлап, ата-енелерінізге курметпен караныздар иншаАллах!!! Барлыктарынзга Алла разы болсын!!"
ereke_enu
барлык нарсе некеден кейін болу керек!!!
Келісем, келісем, келісем. «Тек некеден кейін» деп ыңғай бермей қойсаңдар ешкім зорламайды ғой. Сол кезде жігіттер ерте үйленетін болады. Сол кезде заңсыз нәрестелер туылмайды. Сол кезде жүріс-тұрыстарың түзеледі.
сонда айтыныздаршы мунда кыздын не кінасы бар???????
Қалай кінәсі жоқ? Жігіт алдамады, уәдесін де тұрды делік. Сонда үйленгенге дейінгі жасаған тірліктері ақталады ма?
жігіт кызга условия кояды егер мені шын жаксы корсен мендік боласын
Ешбір жігіт қатты сүйгендіктен «шақырмайды». Ол — оның хайуандық қажеттіліктері. Мұндай шартты қойып жүрген өзі де хайуан екен. Отказ бергенде оның шын сүйеді/сүймейтінін білер еді.
Жігіт уадесінде турганда кызга уміттенетін адамы болушы еді! жане кызга обал болмас еді.бирак бул жерде жасаган тірліктері дурыс емес екеуінікі де!!! арине жігіт катты суйгендіктен сыйлап оны ондай нарселерге апармаушы еді. бирак жигиттер оз суйгендерімен болгысы келеді емес пе?!!.. канша кызды жаксы коріп сыйлап турса да жігіттер шыдай алмауы мумкін гой… сосын ішкен жігіттерді Алла сактасын токтату оте киын… не істеп не койгандарын білмейдіі кыздарды да кинауы мумкін.
Отказ бергенде оның шын сүйеді/сүймейтінін білер еді
өте дұрыс айтылған! Отказ берсе жігіттің көңілі түсіп, біраз әуреленетін еді, немесе қолын бір сілтеп-ақ кетіп қалады. Енді қайсысының шын сүйгенін байқауға болады.
Korkem
Пост жазуға уақыт таппай жатырмын. Ләжі болса пікір немесе мына бір мақалмен-ақ құтылып кетейін: «Бес саусақ бірдей емес» Ереке :))
екі қолыңа қарап салыстырсаң бірдейлерін табасың))))
khairbek
Ал мына кысы бес саусақ турады айтып отыр
мендн 5 саусақ жайында айттымғой))))
khairbek
ол бір қоллдын бес саусағы бырдей емес деды, а сен екы колыдын бес саусагы туралаы ун катып отсын)
duman
Иа бес саусақ бірдей емес.Сондықтан бәріне топырақ шашуға да болмайды! Ал менің бір түсінбейтінім қыздардан мынау: қызды шын сүйіп аялап, силап алақаныңа салып көтерсең,өзііінше болып лақтырып,қарамай кетед.Ал өздерін алдап құлақтарынантеуіп жүргендерге сынып аузын ашып аңқиыыып жүредд, сосын уже поздно болад.Неге қыздар өзін сүйген адамын түсініп сүймейді,қолындағы бағын неге бағалай алмайды? Сонда қыздарға жүректен шыққан шынайы сезімнен гөрі, тәтті өтрік қатты ұнайдыма? Жүрген қызыңды қолдан шығармау үшін не істеу керек,өтніш шынайы пікір, ақылдарыңызды айтсаңыздар!!! Айтабер жамағаты!
Думан значить ол кыз шын жаксы кормейді. егер озін аялап журген жігітті шын суйсе онда жігіттін кадірін тусінер еді.Егер кызды аялап жаксы коріп журсеніз ал ол кыз баскамен сойлесіп журсе ол серезно журетін кыз емес жане ол кыз озіне не керек екенін алі білмейді. Кейбір кыздар оз омірлерін болжап алдын ала шешіп кояды мысалы мен мынандай жігітпен журемін турмыска шыгамын деп ал кейбіреулері алі омірім алда ана жігітпен сойлесіп корейін немесе мына жігітпен сойлесіп корейін деп ойлайды. и жігіттердін байлыгына кызыгуы мумкін!!! періште алтын корсе жолдан таяды деген макал да бекер айтылмаган. егер кызыныз озінше болып журсе онда шын жаксы кормейді бул менін жеке пікірім…
duman
7-жыл болды шыны керек мен оған ғашық болғалы әлі оны сүйемінғой.Алдыңғы күннен бері ғана жүріп келеміз, бірақ жасырын деуге болад, санаулы адамдар ғана білед, ойбуу сіздерге айтып қойдымау ол мынауымды оқыса қатты ренжитін болдығой! Менің ендігі ойым оны өзіме қалай айрылмастай етіп байлап алсам болады, мүмкін емес нәрсе жоқ, и сынбайтын қыз болмайд, сындара алмайтын жігіт болад дидғо, ощм ар жағы түсінікті болар!
ен бастысы бір бірлерінізді сыйласаныздар сол дурыс болады.грубить етпей сыпайы сойлесу керек. оган не унайды соларды біліп алу керек шыгар…
AKA
Бүгін бір әңгімелер болды топтағы қыздар арасында, осы тақырыпқа сәл қатысы бар. Оны жазсам мында соғыс болары сөзсіз :))) Жалпы, жақсы ойлап, жақсы сөз айтып, жақсылық тілеп, жақсы болғанға не жетсін :)
ereke_enu
Онда жекеге жаза салыңыз) Екеуміз ғана соғысайық)
AKA
Мен бейбітшілікті қолдайтындар қатарындамын ғооо :))
ereke_enu
в отличие от вас деш) Жай қызығып тұрмын, осы қыздар не ойлайды екен деп осы тақырып жайында
AKA
Қазір, тақырып не туралы еді өзі, оқып алайын иә? :)))
AKA
Өзіңіз қайран қалып, өзіңіз жауап беріпсіз ғой :)
Түбі жігіт сені әйелі ретінде елестете алса ғана алады. Яғни, бүгіннен бастап өзіңді болашақ ана ретінде, адал жар ретінде сезін де өзіңді солай ұста. Сәйкес амал ет.
AKA
Не ғой, рас, бәрі жақсы жерге, бар жағдайы жасалған әулетке барып, жылы суға қолды салғысы келеді. Ондай жалқау ойдың әр санада жылтың беретіні рас. Бірақ… Уот осы бірақ дегені бар да. Қазақтың "Қызға қырық үйден тыйым" дегені керемет айтылған да прям :) бірақ оны санаға сіңіріп, осы сөздің астарын ұғынатындар аздау. Әлгіндей нашар көзқарасқа отбасы мен қоғам (орта) әсері мықты болады. Бірақ, оның бәрін қорытатын — САНА! "Әдептілікті әдепсізден үйрендім" © демекші, сабақ ала білуіміз керек. Мәселен: «Тым қарапайым тұратын отбасының жалақысы төмен болып, сол үшін күнде ұрыс-керіс болады делік. Екі түрлі ой туындауы мүмкін мұнда, әлсіздер — мұндай ұрысты көріп, мұндай тірлікте өмір сүргенше, қалтасы қалыңға бару керек дейді, шыдамдылар — сабырмен реттеп, не болса да төзу керек, қиындықты жеңу керек деген ойда болады. Ошым, роман бокетейін деп тұр, әркімнің санасына қарай ғой. Бүгінгі пікірталаста бір жақ — қалтасы қалың жігіт жақсы, 1-2 баланы дүние әкеліп, жағдайымды жасап алсам болды, махаббат-сахабат деген қалады кейін деді. Екінші жақ — не болса да көнем, бастысы арамыздағы сүйіспеншілік сөнбесе болғаны деді. Осындай қарама-қарсы ойлар қалады бәрібір, бәрінің санасын түзей алмаймыз. Әр пенденің ниетіне қарай береді Аллаһ, бастысы жақсы болудан, жақсылық сұраудан танбайық. Салмақты қадамға барар кезде жауапкершілікті сезінейік, „жеке“ емес, „бірге“ деген ұғым қалыптасады сонда.
AKA
Жігіттер сүйіктісін қарындасындай, анасындай, әпкесіндей көріп, қыздар жігітін ағасындай, інісіндей, әкесіндей үлгі тұтып, аталған кісілерге қарым-қатынасындай қарым-қатынас жасаса, арасында өзінің де еркеліктерін қосып қояды ғой енді :)), уоот, сол кезде бәрі де жап-жақсы болады. :)
Korkem
Мынадай керемет сөз бар: «Еркек адам әйелдерді сөз ете бастаса, демек ол бір ғана әйелге байланысты болғаны» керемет сөз ғой, иә? Әйтсе де, біз қыздар қауымы дәл осылай пост жазып бірақ керісінше жігіттерді даттар болсақ, онда сөз жоқ «бес саусақ бірдей емес» деген болар ма едіңіз? Ә! Әйелдің жамандығын қозғау ер адамның әлсіздігі ғана, яғни әлі келгенге әлімжеттік жасаумен тең.

«Бір үйді қырық еркек толтырмайды, бір әйел толтырады» — деген, аялайықшы?! )))

Рас, әйел ерді адам қылғанымен, әйелді әйел етіп ұстау еркекке байланысты. Ұстай алмадың ба, онда несіне еркек болғаны?! "Өмірдегі орныңды пейіліңнен табасың!"
qyrmyzy
Міне, пост! Осыны пост етіп жариялаш иа? Тек осы пікіріңді:)
ereke_enu
«Еркек адам әйелдерді сөз ете бастаса, демек ол бір ғана әйелге байланысты болғаны»
Ия, тақырып о бастан тек шәйіп жүрген қыздар жайында болған.
Әйелдің жамандығын қозғау ер адамның әлсіздігі ғана, яғни әлі келгенге әлімжеттік жасаумен тең.
Келісе алмайды екем. Ойлап көр, мұны ешкім айтпаса, өздеріңмен өздерің осылай шәйіп жүре бермексіңдер ма? Сын айтса, ренжисіңдер, айтпаса — одан жаман.
«Бір үйді қырық еркек толтырмайды, бір әйел толтырады» — деген, аялайықшы?! )))
Осының бәрі еркектер аяламаған соң ба деген ойға кеп жатрм
Ademi
Ойлап көр, мұны ешкім айтпаса, өздеріңмен өздерің осылай шәйіп жүре бермексіңдер ма? Сын айтса, ренжисіңдер, айтпаса — одан жаман.
боврым, байқап сөйле, айнолайын. Мына жазбаңнан кейін көшепаз қыздар үйде отырыпты дегенді естімедім әлі. Ондайды "Өмір-ай" кәзиті жарияламады әлі.
Korkem
Келісе алмайды екем. Ойлап көр, мұны ешкім айтпаса, өздеріңмен өздерің осылай шәйіп жүре бермексіңдер ма? Сын айтса, ренжисіңдер, айтпаса — одан жаман.
Ереке, еркек адам айтпайды, көзқарасымен-ақ ұғындырады. Ал егер ұғындыра алмасаңыз, демек ол әйелдің сізге қарағанда әлдірек болғаны, яғни ол сіздің әлсіз тұсыңызды біледі деген сөз. Немесе:
Сын айтса, ренжисіңдер, айтпаса — одан жаман
шынымен-ақ еркектердің өсекті әйелге қарағанда көбірек айтатыны рас болғаны ма?! Әйелдің бір мінене намыстанып жақ ашпайтын қазақ емес пе едік? Ерлер білетін әйел мінінің өзіне кеп тиетінін, себебі әйелді әйел етіп ұстай алмағаныны үшін өзіне шамданатын болған. Ал қазіргі ерлерге не жорық, түн баласы көшеге шығып қаңғып, жігіттермен күбір-күбір өсек, анау қыз андай, мынау мындай дееп. Бірақ сіз секілді көпке топырақ шапайын. Өзім араласатын дос жігіттер өзім секілді. Яғни, "әркім өзіне ұқсаған біреуді тауып алады" деген сөз, ренішім жоқ.

Біреудің кемшілігін, яки қателігін айтпас бұрын, адам айнаға қарап алу керек.
«Адамның қателігін тез көруге, сөз етуге емес, тез түзетуге асығайық», ағайын!

Осының бәрі еркектер аяламаған соң ба деген ойға кеп жатрм
не ары емес, не бері емес сізге түсіне алмай жатырмын. Дебат жарысына сіз жарамайтын секілдісіз ғой :)))
Ademi
О чем говорят мужчины??? ©
ereke_enu
дебат емес ұрыс қой мынау, қйо, құрсын, кеттім бұжақтан)
Korkem
адам болайын дедіңіз
ereke_enu
жарайсың, адам еместерді адам қылатын қасиетіңіз бар екен
әркім өзіне ұқсаған біреуді тауып алады
маған ұқсайтын ешкім жоқ екенда е(((
davidoff
маған ұқсайтын ешкім жоқ екенда е(((
екінжі жарың жүр ғой:
маған ұқсайтын ешкім жоқ екенда е(((
деп ))))
Flower
Әр «заман» өз жастарына көңілі ешқашан толып өтпеген екен… Гүл өскен жерде, әрдайым қасында тікен өседі демекші, қазіргі таңда қазақ қыздарының бетке ұстар қаймақтары альхамдулиЛлях баршылық.
ereke_enu
Менің постыма пікір жазыпты. Маған неге хат келмеген(((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.