Жұмысқа орналасу жолындағы былайша айтқанда "кедергілер"

Әлеуметтік сауалнамалар /
Бұл тақырыпты оқымастан бұрын айта кетерім менің мамандығым журналист емес, сондықтан қатал бағаламаңыз)))))))
Қазіргі уақытта жастарға жұмысқа орналасу оңай жұмыс емес. Алдымен сенің бір жерде, өзіңнің танысың не ағайының болуы керек, кей жерлерде жұмысқа орналасу үшін бір малдың бағасын сұрайды. Сосын көпшілік жерде жұмыс өтілін сұрайды. Бұл сонда қалай болғаны?! Егер жаңадан жоғарғы оқу орнын бітірген жас маман иегері бұрын жұмыс жасамаған болса, қайдан жұмыс өтілі болады? Бұның бәрі қайдан шықты деп ойлайсыз?! Бұл жоғарғы оқу орнындарындағы сабақты ақшамен жауып, дипломды сатып алу кесірінен. Бұдан былай жұмыс тапқан соң, жұмыс орын сеннен бірнеше анықтама сұратады, олар: 086 мед.-лық анықтама, нарко. псих. диспансерлерден анықтамалар, сотталмаған жөніндегі анықтама және тағы сол сияқты көптеген анықтамалар. Жоғарыда айтылған анықтамаларды жинау үшін кем дегенде 1-2 апта уақытың кетеді. Мысалға 086 мед.-лық анықтаманың өзіңе толық 2 күнің кетеді, рентген снимкасы 2 күн, тапсырылған анализдер 2 күннен соң дайын болады, әр дәрігерге шередте тұрудың өзі қаншама уақыт. Ия әрине мына анықтаманы алудың тағы бір жолы бар, бірақ оғанда тағы шығындаласың. Нарко, псих диспансерлерде анықтама бланкілері әр біреуі 500 ден 1000 теңгеге дейін, мысалға псих диспансер ер адамдарға военный билеті жоқтарға анықтама 1000 теңгені құрайды және тағы бір айта кетерім бұл әр бір инстанция қаланың әр жерінде орналасқан. Барін айналып келгенде барлығы шамамен қалтаң 8-10 мыңға азайады… Қалтасына кірісі жоқ жастарға бұл қиындау жағдай, неге бұл анықтамаларды тегін қылмасқа? Сонда біздің жыл сайын төлеп жатқан салығымыз қайда кетіп жатыр?

8 пікір

Madi
Меніңше, ақшасыз да жұмысқа кіруге болады.Оның дәлелі өзім.
Coolniyazov
болады, анықматамалар ше?
Ademi
АЛЬХ, анықтамаларсыз, стажировкасыз, стажсыз жұмысқа орналастым.
Coolniyazov
повезло)))) қандай жұмыс кұпия болмаса?
Ademi
почта-айтабер-фейсбук-почта-фесбук-вк-айтабер-әбет-почта-шәй-фейсбук-айтабер-айтабер-айтабер
міне, осындай жұмыс!
ereke_enu
Меніңше, жұмысқа жоғарғы посттарға ғана ақшамен алатын болса керек. Өз қатарымнан ондай естімеппін. Таныссыз да, таныспен де орналасып көрдім. Соңғысы жақсырақ)) Бірақ, өз еңбегіңмен өсіп, өнгенге не жетсін.
qyrmyzy
хехе, стаж жинап алсаң болды, алғашында біраз қиындау енд, барлық жағынан, екі, үш жылдан соң бәр жақсы болады, ИНШ!
Jako
Мен жұмыс берушімін, сонда да Coolniyazov айтқандарына толықтай қосыламын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.