99:7
Бұрын бір кісіден естіп едім. Сөз басына соны келтіріп кеткім отыр. Әңгіме кейіпкерінің тапқырлығына таң қалдым. Бір кісі болады екен, біздің Бұхарадан. Ол кісінің Меккеде Қағбаның қасында үйі болады. Күндердің күні қала әкімшілігі құрылыс жұмыстары үшін сол кісінің үйін сатуды сұрайды. Бұл бермейді. Ақыры дәл сондай 20 үйдің құнын төлейміз дегенде ғана келіседі. Кейін сол Қағбаның қасынан тағы да 20 үй сатып алып, қажылыққа келгендерге тегін беріп қояды. Әлі күнге дейін ол үйлер бар деген.
Қандай сауапты іс десеңші?! Екінің бірінің қолынан келе қоймасы анық. Соол, алдын мешітте отырып бір ой келіп кетті. Бауырлар келеді, бір-бір мусхаф(Құран кітабы)-тан қолдарына алып, жайғасып жатады. Біреулеріне жетпей де жатады. Соны көріп ойладым. Неге мешітке Құран кітаптарын сыйламасқа?? ИнщаАлла сіздің себебіңізден қаншама адам Алланың сөзін оқып, сауап жинаушы еді. Соған себепші болған сіз де сауапқа кенелесіз.
Сосын шығып бара жатқанда кісілер аяқ қиімдерін сіресін басып киіп қиналып жатады. Сол жерге бірнеше «ложка»-лар әкеп қойса…
Тек қана мешітке қатысты емес, т.с.с басқа кімде қандай идеялар, көрген-білгені бар? Ойыңызды қоса отырайық.

15 пікір