Қандай сайтты қалар едіңіз?

Әлеуметтік сауалнамалар /
ҚазНетте бір-бірінен тек тақырыбен ғана ажыратылатын сайттар көбейіп кетті. Бұл жақсы да шығар. Өз басым, жалықтым. Бұларды «жоба» деп атауға келмес, өте баяу дамиды, табыс та әкелмейді. Қанша жерден мықты жүйе болғанмен сайтың жайлы админдер қайсың ауыз толтырып айта аласың? Орташа сапа, орташа талап, орташа өмір — ешқашан прогресске әкелмес. Жаман да болсын, бәлкім, өзіміздің «ориджинал» жобамызды жазамыз???

Сонымен, сіздің қалауыңыздағы сайт қандай болуы мүмкін еді??

Қиял, тілектер жаудыра берулеріңізге рұқсат!
«Алдыңа бір пост қойдық, пернетақта бос қойдық»))

P.S: Жазба өте жылдам жазылды. Артық кетсем, айып етпең. Кейін бір сүзіп шығармын.

Upd: Жазбадағы мақсат Қазнет сайттарын даттау емес, жалпы, шығып жатқан жаңа сайттарға пікірім және өзге қолданушылардың қалауын білу ғана.

10 пікір

Umarbekov
Ең алдымен вордпресс сияқты қозғалтқыштардан құтылу керек.
ereke_enu
Жоға, ешбір CMS-тан құтылып керек емес. Олардың өз қолданатын орны бар ғой
Jako
Ереке, енді қай бағытты ұстанған дұрыс екенін сілтеп жіберсеңіз тамаша болар еді.
ereke_enu
Ойымды дұрыс жеткізе алмасам керек. Мысалға, қазір бір кісі «Келіңдер, жаңа сайт ашылды!» дейді, қуанып барсаң, сол баяғы CMS. Бізде мықты жобалар аз да. Бір болмашы нәрсеге сонша даурығып қуанамыз) Жоба өзгелерден тек тақырыбымен ғана ажыратылмай, өзге де өзінің қызықтары болған жақсы ғой. Жоба қолданушылардың талғамына сай дамуы, авторына табыс әкелуі керек. Жалпы, мұның бәрі өз ойым. Менімен келіспеймін деушілердің де сөзінің жаны бар. Қазақстанда стартап жасау біршама қиын. Бұл жай қолынан келетіндерге ой салу ғой. Қарапайым қолданушыларға қатысы шамалы. Тіпті, түсінбесе керек. Адамдар кейде ойлап қалады ғой, осындай бір сайт болса деп, міне солар жайлы естігім келіп еді.
Jako
Ереке,өздерің сияқты біраз жастар бұл саладан сауаттысыңдар, оған ешкім дауласа алмас деймін. Бірақ неге сол өздерің бас біріктіріп, ақылдасып, келісіп бір жақсы жоба қарастырмайсыңдар ма?
Жақсы жоба дегенде салмақты бірнәрсе болса деймін.Интеринет қолданушыларының басым көпшілігі 6-9-шы сынып оқушылары екенін ескерсек көп сайттар тәрбиелік мәннен тым алшақ. Осы сайтымыздың өзіне соңғы кезде әжептеуір деп жүрген жігіттеріміз не болса соны жазып жүр. Олардың әзілін жаңағы бала оқушылар түсіне ма, әлде сол қалпында қабылдай ма оны ойланғысы да келмейді. Интернеттің де қарапайым аты ғаламдық ақпарат құралы, олай болса кез-келген ақпарат құралының негізі идеология. Егер біреулер ғаламторды пайдаланып біздің миымызды әртүрлі қоқыспен улағысы келсе, соған қарсы біздер де ғаламторды ұлттық тәрбиені, ұлттық менталитетті, ұлттық тарихты насихаттау сияқты мақсатқа пайдалансақ болмай ма? Міне соған өздерің сияқты жаңа технологиядан хабардар көзі ашық жігіттер болмаса, шаласауатты біздердің қолдан не келеді? Бағдарын көрсетіп жіберіңдер дегендегі айтпағым осы еді, негізі айтпақ ойың ұнады.
Соңғы өңделген уақыты:
ereke_enu
Айтқан бағыттарыңызбен құптаймын. Негізі, бір ой болған бұрыннан. Тек қол тимей жатыр да. Құдай қаласа, ол да шығып қалар.
Umarbekov
Менің айтайын дегенім, білімді күшейту керек. Яғни cms-терде қатып қалмай, өз қолыңмен жасау керек php mysql pyton сияқты бағдарламалау тілдерімен.
ereke_enu
келісемін. Менің де айтпағым сол болған.
Madi
Мысалы, сіз мына сайтты қараңызшы: realisti.ru
Осы сайт маған ұнайды.
ereke_enu
Қазақтарда да осындай сайт болу керек деп ойлаймын. Өйткені, біздің менталитетіміз орыстардан бөлек қой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.