Көрші ақысын білесіз бе?

Әлеуметтік сауалнамалар /
«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар…» «Ниса» сүресі, 36 аят.

«Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің жақын» деген екен атам қазақ. Ертеден ата-бабаларымыз көршілермен қарым-қатынасына ерекше мән берген. "Үй таңдамай, бірінші көршіңді таңда" деп өсиет айтып кеткен. Қоғам, жалпы біздің мемлекетіміздегі қарым-қатынас көршілік қарым-қатынастан бастау алады. Көршілік қарым-қатынас дұрыс болмайынша, қоғамдық қатынастар түзелмейді. Пайғамбарымыздан (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардың бірі келіп: «Менде көршімнің қандай ақысы бар», — деп сұрақ қояды. Аллах елшісі: «Ауырып қалса — көңілін сұрайсың, қайтыс болса — жаназасын көтересің, қарыз сұраса — бересің, тұрмысы нашарлап қиналып қалса — көмектесесің, басына іс түссе – жұбатасың, баспанаң оның үйінен биік болып, оның ауласына есетін желге бөгет болып жүрмесін» деп жауап беріпті. Қазіргі таңда, мүмкін иманымыздың әлсірегенінен болар немесе қу дүниенің соңынан жүріп, әсіресе көп қабатты үйлерде есігімізге қарама-қарсы орналасқан көршіміздің ауырған кезде жағдайын сұрамақ түгілі, онда кімдер тұрып жатқанынан бейхабар боламыз.

Пайғамбарымыз (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір мұсылман кісі, өзі тоқ отырып, көршісі аш отырса, ол бізден емес» деген, яғни иманы толық адам емес.

Қиямет күні бізге куәгер болатын, көршілермен жақсы қарым-қатынас жасауда қаншалықты мән бересіз, көрші ақысын біліп, оны өз байыбымен орындап жүрсіз бе?

2 пікір

Flower
Пайғамбарымыз (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе көршісін құрмет қылып, қонағын жақсылап күтсін деген»
Flower
Пайғамбарымыз (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын): Көршілердің ақылары болады екен, бір көрші бар оның бір ақысы бар, бір көрші бар, оның екі ақысы бра, бір көрші бар оның үш ақысы бар. Бір ақысы бар көрші, діні бөлек, соған да жақсылық қылуға бұйырған екен. Екі ақылы көршіміз ол — мұсылман бауыр көршіміз, көршілік ақымыз бар және исламдағы бауырлық ақымыз бар. Үшіншісі, бірге өскен бауырымыз, біріншісі бауырлық – туыстық ақы болса, исламдағы және көршілік ақы.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.