Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Тұлғалар /
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.

8 пікір

Korkem
Аптыры өзім деш?
qyrmyzy
ахахахахаха, дәл өзі
Qarabala_95
Менде ондай талант жоқ екен аздап бар енді -_o
Qarabala_95
аптыры ма Абай Құнанбайұлы!!!
followme_alik
Толып жатқан, даж шашлып жатқан жырлардан именно осыны жазып...)) _Өшір.
alikona
Жылда Абай Құнанбайұлын өтеміз әдебиеттен, жылда үйге тапсырма береді бір өлеңін жаттап кел деп, сосын мен жыылда осы өлеңді жаттап келетін едім)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.