Ызғарлы желтоқсан
Тұлғалар /
Биыл Қазақстанның тәуелсіз ел болуына септігін тигізген «Желтоқсан оқиғасына» 26 жыл толады.
VOX POPULI сайтында желтоқсан оқиғасына қатысқан 15 адамның тағдыры туралы жазылған. Сол оқиғалардың бірін жариялағалы отырмын. «Тұлғалар» блогының сипатталуында "қазаққа белгілі тұлғалар жайында мәлеметтер" делінген, желтоқсандықтар көпшілікке танымал болмаса да, олардың қайсарлығы мен ерлігі, табандылығы мен отаншылдығы қазақ тарихында белгілі тұлғалардың ортасынан орын алып берді.
Асқар БЕКБОСЫНОВ, 46 жаста.
Мектепте сызуға жақсы едім, сол себепті әскерден соң сәулет техникумына түстім. Үйлер тұрғызғым келіп еді, ол жақсы іс қой, бірақ темір тордан бірақ шықтым. Өзім Аралданмын, Алматыда жатақханада тұратынмын, алаңнан жаяу бес минуттық жерде. Істің мән-жайын білгенде, әрине, бардым алаңға. Мен жатақхананың старостасы едім сол кезде. Техникумға 8 сыныптан кейін келген 15 жастағы жеткіншектерді, қыздарды алаңға жібермедім. Ал жасы ересектеу жігіттерді өзім жинадым. Лениннің портреті болатын бізде, қыздардан далап алып, пролетариат көсемінің «әр халыққа – өз көсемі» деген сөздерін жазып қойдық. Осы портретпен фотосуретке түсіп қалған екенмін.
Есімде, жиналған көпшіліктің арасынан машиналар жүріп өткенде, адамдар жан жаққа құлады. Ағаштан жапырақ түскендей, шашырады, түсінесің бе? Сені таяқтап соққан түк емес, бірақ олар бәрін соқты ғой – тіпті қыздарды да. Бізге нашақор, маскүнем деп жала жапты. Мен ол кезде шылым да шекпейтінмін, есесіне қазір шегемін шылымды. Жаңа жылда Қызылордаға үйге барып келдім. Сосын Алматыға қайтып келдім. Техникумда бәрі менен қашқалақтап, ешкім ештеңе айтпайды. Сол кезде досымды іздеп тапсам, сені бірнеше апта болды іздестіріп жүргендеріне деді. Мен екі күн бөлмемнен шықпай жаттым. Сосын салтанатты костюмімді киіп, галстук тағып сабаққа бардым. Сол күні сабаққа галстук таққан екі адам келіп мені алып кетті, бір ай алдын-ала тұтқынға ұстау камерасының (КПЗ) жертөлесінде ұстады. Ол жерде түк жоқ еді: жатын орын да, матрац та, сәкі де. Сұрақ алады, соққыға жығады, подвалға тастайды, күні-түні осылай. Ол жерде терезе де жоқ еді, уақыттан адастым. Анда-санда камераға мен сияқты оңбай таяқ жеген адамдарды әкелетін. Олардан да жауап алынған шығар. Сондай бір жігіт маған «Сейфуллин көшесінде орналасқан изоляторға сұрансаңшы, бұл жерде сені заңсыз қамап отыр» деп кеңес берді. Сұрандым. Ол жерде болса, сенесіз бе, күніне 1 сағат уақыт серуендеуге болады екен! Ақыры 2 жылға соттады. Иығымнан ауыр жүк түскендей болдым. Неге дейсіз бе? Себебі мен не өмір бойына сотталып кетемін, не атылу жазасына кесілемін деп сендім. Нәтижесінде Балқашқа жіберді мені, ол жақтарда әскери борышымды өтеген едім. Кейіннен анам: «сені Алматыға жіберуге болмайды, Алматыға кетсең, Жезқазғаннан бір-ақ шығасың, не әскерден, не түрмеден» деп әзілдейтін. Түрмеде көп қиындық көрген жоқпын. Ол жерде де адамдар ғой отырған. Тек, 87 жылы жүк көлігі қағып, аяғымды сындырдым. Мені Карлагқа ауыстырды. Аяғымды «халық жауы» ретінде кесіп тастай ма деп едім. Жоқ, қалдырды.
Қазір 3 қызым, 1 ұлым бар. Жұмаққа барасың дейсің бе? Тозаққа барсам да бәрібір, тек Балқашқа емес. Бақыттымын ба? Оған нақты жауап бере алмаймын. Қиын сұрақ. Арманым көп еді, бірақ барлығы бірдей орындалмады. Сол күні алаңда тәуелсіздік үшін күресіп едік, қолымыз жетті. Бірақ, шындығында, осындай мемлекет па аңсағанымыз? Мен адамдарды жақсы өмір сүрсе екен деп армандаушы едім, бүгінгідей емес: бірі алтынға малынса, бірі не жерін білмейді.

16 пікір
Желтоқсан да яғни тәуелсіздік мерекесінде қазақтардың жоқтап отырғаны маған ұнамайды. Мерекені тойлауымыз керек емес пе? Тәуелсіздік мерекесінде тойлаудың орнына жоқтаймыз да ал жаңа жыл мерекесінде кадісгідей тойлаймыз. Мен түсінем 1986 жылғы қаза болған жастарымыздың аруағын ұмытпауымыз керек, сыйлап,қадыр тұтуымыз керек. Бірақ Тәуелсіздік мерекесінде жоқтаудың не қажеті бар. Егер жоқтау керек болса. Тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған сонау Исатай мен Махамбет сарбаздарынан бері барша қазақтың өлімін жоқтап отырайық ендеше.
Мен сізді жақсы түсінемін, Асеке.
МАС АҚЫННЫҢ МОНОЛОГЫ
… Тфу-тфу!
Тәуелсіздікке түкірдім,
Түкірікті түгел шашып бітірдім!
Менен бұрын айтқан екен бір ақын:
«Имансызға керегі не пітірдің?!».
«Тәуелсіздік» деген өзі немене?
Бізге оны біреу әкеп бере ме?!
Мен білмедім Тәуелсіздік не екенін,
Білер, бәлкім, бізден туған немере…
Келді бізге Егемендік, Еркіндік,
Дүр сілкініп, дүниені жел қылдық.
Қанаты жоқ күрке тауық секілді,
Көкке ұшам деп, қопаң-қопаң желпіндік…
Он бес жылда халқым қалай өзгерген?!
Озып шықты Мырқымбайлар өзге елден.
Әкімдердің амандығын тілеймін,
«Қазақ тілін үйренем» деп сөз берген.
Еге ─ менмін,
еркін күліп, жылаймын,
Бұ дағы бір бақыты ма Құдайдың?!
Астындамын ─ ауыр ой мен уайымның,
Үстіндемін ─ алтын менен мұнайдың…
Сол қалпында… біздің елдің шалдары,
Сол қалпында шоқпыт-шоқпыт шалбары.
Адам болса, болды, әйтеуір, баласы,
Аман болса, болды, әйтеуір, малдары…
Мен өмірді сүргім келген басқаша…
Қорқам, бірақ, біреу атып тастаса.
Жемқор мырза жерін сатып бітірді,
Таңғалмаймын, елін сата бастаса…
Зейнеткерлер заманды айтса, зар қағып,
Жезөкшелер күлер жұртқа, паңданып!
Баян Сұлу базарда жүр жан бағып,
Қозы Көрпеш вокзалда жүр жалданып…
Ауыл, ауыл…
Айдалаға тасталған,
Жетім ұлдай әкесінен жас қалған.
Жарты әлемнің жинап алған жарығын,
Астанамыз көрініп тұр аспаннан…
Өткен күнін ойлай қалса… жұрт тынар,
Мөлт-мөлт етіп мола үстіне шық тұнар.
Еске түссе, қорлық көрген ұлдары,
Жер-Ананың төбе шашы тік тұрар!
Тәуелсіздік тұрмаса егер тілімде,
Жүректегі жеңілдемес жүгім де!
Тілім менің тентіресе жұрт кезіп,
Тәуелсіздік, керегі жоқ түгің де!
Айта берсем, мен байғұста арман көп,
Арманыма алданамын, нанған боп.
Қазақстан тәуелсіздік алғанмен,
Қазақ тілі тәуелсіздік алған жоқ!
Айналайын,
халқым, мені жек көрме,
Өкпе-назым көп қой, сірә, өткенге!
Ақындардың патшасы еді бір көкем,
Патшалардың ақыны боп кеткен бе?!
Тәуелсіздік,
көп қой саған борышым,
Шамам жетсе, берем енді қол ұшын!
Мен ─ сондаймын, мақтай алмай, қиналам,
Кең пейіл жұрт, кешір мені, сол үшін…
Байтақ елді басқа ұлдарың мақтасын,
Даттаса егер, мені ғана даттасын.
… Тәуелсіздікке түкірдім,
Тіл мен көзден Құдай өзі сақтасын!!!
Тфә, тфә, тфә…
Алмас ТЕМІРБАЙ.
Асеке, Алмас та тура сіз сияқты ойда сияқты.