9 МАМЫР ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ!!!
Тұлғалар /
9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ
Біздің де атамыз ҰОС майдангері!
Биыл Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 69 жыл толып отыр. Бұл атаулы дата бұрыңғы Кеңес Одағы үшін оның ішінде Тәуелсіз Қазақстан үшін ерекше айшықты, қасиетті де қастерлі мерекелі күн. Ұлы Жеңіс күні. Атамыздың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күн. Бұл – біздің аталарымыздың буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі.
1941 жылының маусым айынан бастап КСРО-ның миллиондаған әскерімен бірге, қазақ жауынгерлері де Ұлы Отан соғысына аттанып, өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосқан еді. Егер біздің батыр ардагерлеріміздің жеңісі болмаса, мүмкін әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан елі да болмас па еді. Сондықтан, Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қала бермек. Айтайын дегенім осынау ұлтымыздың тағдыры сын сағатта сыналған соғысқа біздің атамызда қатысып майдангер болды.
Атамыз соғысқа 1941 жылдың күз айында бозбала шағы небәрі жиырмаға толар толмас кезінде аттанған. Сұрапыл соғыстың басталып кеткен шағында көптеген уыздай жас балалардың қолына қару ұстатып, ауылдың әжетке жарайтын бар жастарын сапқа тұрғызып, көлікпен ұрыс алаңына алып кетіп жатты. Солардың қатарында атамызда болған еді.
Бәрі де тек Отан-АНА үшін деп алғаш барған жері 3-ші украиндық соғыс алаңы еді. Атамыз сол майдан алаңына кірген бойда алдыңғы шептен көрініп жүрді. Ол уақытта балталаса бүлінбейтін қайсарлықтың арқасында атамыз ерекше көзге түсіп взвод командирінен алғыс та алады. Соғыс болғасын не болмайды, бас жарылып, көз шықпай тұрмайтыны анық. Немістік фашистер ұлт нәсіліне қарамай төтеп беріп келе жетқанда, сол бір қанішер фашисттің атқан оқтарының екеуі атамыздың аяқ қолына тиіп жарақаттап кетеді. Жарақаттансада жаны аман қалып, Иркутск қаласындағы әскери госпитальға жеткізіледі. Одан жарақатына ем-дом жасалып сапқа қайтадан қосылған атамыз екінші белорустік майдан алаңына келеді. Бұл ұрыс майданына келген бойда әскери алаңдық барлау отрядына қосылады. Ол жерде атамызды соғыстың соңғы күніне дейін жаудың оғынан Жаратушы Алла аман сақтап қалды.
Сонда Өрнеш атамыз ұрыс майданында орысша бір сөз білмей кеткен екен. Білетіні екі ауыз сөз. Оның өзін соғыстың қызған шағында «дай хлеб, дай воду» деген екі сөзді үйренген. Үйренбеске шара жоқ. Буыны қата қоймаған жас балаларға окоп қазып, ашқұрсақта иығына мылтық асып, ауыр шинел киіп, адымдап жүрудің өзі оңай еместігі бірден көз алдыңызға келеді.
Содан соғыстың ресми аяқталғаны 1945 жыл болса да, астыртын әр жерлерде соғыстың қызуы тарқамап еді. Атамыз майдан алаңынан 1946 жылдың көктемінде туып өскен жеріне аман есен оралады. Өзімен бірге соғыста жазысқан хаттарын, күнделігін, өлеңдерін қойнына қысып ала келеді. Бірақ арада жылдар өткесін оның бәрін атамыз соғыс енді қайта келмесін деген ниетпен өртеп тастаған. Ол дұрыс шешім болар. Соғыс болғасын не болмайды. Адам сенгісіз нәрсенің бәрі болады. Өзінің жараланғанын, қандай сезімде болғанын, қасында кімдермен келгенін, олардың көз алдында қалай жан тапсырғанын, жарылған бомбадан аяқсыз, қолсыз қалған барлық оқиғаларды ұрпағым оқымай-ақ бейбіт өмірдің қызығын көрсін деген оймен өртесе керек.
Ел қорғаған батырларға ғашық ек,
Жылдар жылжы, мейлі, тіпті ғасыр өт.
Енді ешкім қара қағаз алмасын,
Қара қағаз — қағаз емес, қасірет, — деп белгілі ақын Қасымхан Бегманов жырлағандай, алаулаған оттың ішінде өртенбей аман қалған мақтадай болған біздің атамыздың соңынан қара қағаз келмеді. Құдайға шүкір. Аман саулығынан хабар берер бұзаудың тіліндей болып үшбу хат келді. Сол бір қылышынан қан тамған зар заманда соғысқа туған жердің топырағын тұмар етіп кеудесіне түйіп аттанған әрбір жауынгер ауылына ата-анасына хат жазады. Кетерінде «ұмытпай хат жазып тұр» — деген, туғандардың сөздері құлағында құйылған жауынгерлер мүміндік бола қалған жағдайда тізе бүгіп, аяқ суытып хат жазады. Ол кезде ауылға хат келеді немесе қара қағаз келетін жанардан қан ағызған заман еді.
Атамыздың азан шақырып қойған ныспысы – Орынғали екен. Кезінде Советтік Кеңес Үкіметтің дәуірі өрлеп тұрған заманда кейбір ұлттарға немқұрайлы қарағандықтан атамыздың аты мен туған жылы төл құжатқа басқаша болып еніп кеткен. Негізі үйдің кенжесі болғандықтан — Өрнеш деп еркелеткесін солай жазылып кетуі ықтимал. Атамыз Өрнеш (негізі туған жылы 1921жыл паспортта 1922 деп кеткен) 1922 жылы 20-сыншы қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданы, Орда ауылында дүниеге келген. Әкесі – Әліпқали аса дарынды жан болған. Қара сөздің қаймағын сапырып сөйлейтін, қару-жарақ пен жылқы шаруашылығымен айналысатын білімді ат жеңді сұсты кісі болған. Анасы – Маржан сол заманға сай іскер, үй шаруасын түгендеп жүрген өлеңші жан екен. Сонда деймін ғой, атамыз Өрнеш соғыс алаңына аттанып бара жатқанда ата-анасы: «балам енді сені көрмейміз» — деп, еңірей жылап шығарып салып, жаназасында оқып жіберген екен. Өйткені атамыз тоғыз ағайынды еді. Ең кенжесі болып соғысқа атамыз аттанған. Сонда алдыңғы ағаларының бәрі соғыс алаңында ерлікпен қаза тапқандықтан кенжесінің де соғыстан аман келуіне қайран ата ана сенбеп еді. Қырық жыл қырғын болса да ажалы жетпеген өлмейді деген тегінде рас сөз екен. Соғыстан аман келген атамыздың көңілі орнықты, өмірі тақтайдай тегіс болды деп айта алмаймын. 5 жыл соғыстың елесі өмір бойына көз алдыңнан кетпейтіні ақиқат. Сондай соғыстың ауыртпашылыын көріп келген атамыз аяулы Рысқал әжемізбен отбасын құрады.
Алдағы жарқын болашаққа деген үмітпен бейбіт өмірге араласып қызмет атқара бастайды. Өрнеш атамыз алғаш еңбек жолын өзінің туып өскен ауылында Бас бухгалтердің көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Атамыздың ыждаһаттылығына, тазалығына, мұқияттылығына, тиянақтылығына тәнті болған ауылдың бас есепшісі атамызды 1947 жылы 1 жылдық «Бухгалтерлік техникумға» оқуға жібереді. Оқуды үздік деген нәтижемен тәмандаған атамыз ауылына оралаып қызметін жалғастырады. Ауылдың Бас есепшісінің есебі былай тұрсын, көктегі Құдайдың да есебі болар атамыз содан кәсіптік білім деңгейін жоғарлату курсына барып оқып келеді. Білімге жастайынан аса құштар болып өскен атамыз осы жолы да үздік деген бағамен тәмәндап, 1960 жылдың жазында Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай селосының Бас бухгалтерінің орынбасары болуына жолдама алады. Қызметін адал мінсіз атқарып жоғары басшылықтың көзіне іскер азамат ретінде көзге түсе білген жарықтық Өрнеш атамыз 1969 жылы Шелек ауданы, Қызылшарық ауылында Бас бухгалтер болып тағайындалады. Бұл жерде аз емес, көп емес аттай алты жыл тапжылмай қызмет атқарған соң 1975 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылына Бас бухгалтер болып тағайындалады.
Осы ауылдан атама бес бөлмелі жаңа үй беріледі. Атам өзінің зейнеттік демалысына осы ауылдағы қызметінен шығады. Зейнетке шықты дегеніңіз болмаса атамызды ауылдық әкімдік қызметін жалғастыруын сұрап өтініш жасағасын атамыз тағы он жылдан астам қызмет атқарады. Жетпістен асқан шағында бухгалтерлік есепті үйден жасап жіберіп тұрды.
Мінекей баяндалған оқиғаларға сәйкес атамыздың қандай адам болғанын енді елестетуге болатын шығар. Елу жыл тапжылмай тек бір салады мызғымай отырып жұмыс істеу әрбір жер басқан жұмыр басты пенденің маңдайына бұйыра бермесе керек. Атамыз саясаттан алшақ болғанын айта кеткен жөн. Ешқандай партия қатарына қосылмады. Дін жоқ деп атеистік көзқарас қалыптасып жатқан қоғамда атамыз бәрі-бір бір үлкен абсолюттік күштің барына сенді. Бір Жаратушы Құдайдың барын мойындаған жан.
Атамыз Өрнеш алты ұл тәрбиелеп өсірген ардақты әке, немере сүйген батагөй ақсақал атанған жан еді. Екінші ұлы – Темірбек ағамыз жиырма жасында бұрынғы Свердловск қазіргі Екатеринбург қаласындағы әскери училищеде мезгілсіз қаза тапты. Қалған бесеуі дін аман. Атамыз соғыста көрсеткен ерлігі үшін оннан астам медальдармен марапатталған.
Жалпы мен атамды осы күні ыстық ықыласпен еске аламын. Мен атамның тұңғыш ұл немересімін. Атам 68 жасқа толғанында мен жарық дүние есігін ашыппын. Ес білгелі атамның қасында болған шақтарым осы күні жиі есіме түседі. Бір жастан асар аспас кезімнен бастап атамның қолында, аттың жалында өстім. Мектепке барғанша қолында болдым десем қате айтпағандығым болар. Сонда мен есін енді біліп келе жатқан баламын, атамның қасында жүремін. Ауылдың светі сөнсе әжемнің етегінен жармасып артынан қалмаймын. Атамның әңгімелерін, әжемнің қара өлеңдеріне қанық болып өстім.
Атамның қора-қора малы болмасада, сүт майын, ет тамағын айыратын он шақты қойы, бес-алты сиыры болды. Сиырды өріске қосамыз. Бес-алты қойды атам екеуміз ауылдың шетіне айдап шығамыз. Алатаудың бөктеріне қарай қой жайлап, көк есекке мінгесіп жүріп әңгімесін тыңдап, сол айран ішкен құтыдан менде сіміріп ішкенім бәрі-бәрі күні кеше ғана болғандай көз алдымда самсап тұр. Жарықтық аса ұқыпты жан еді. Үйдің іші дейсіз бе, сырты дейсіз бе бәрінің өз орнында тұрғанын қалайтын. Ақыр аяғы ас үйдегі үстел сүртетін жаман сүлгінің өзін үш бүктеп қойғанда қайран қалатынмын. Ауылдың жұмысы бітуші ма еді? Әйтеуір әупірімдеп жүріп малды жайғасытырп, кешкі апақ-сапақ уақытта дөңгелек жер үстелге қаз қатар отырып жайғасып шәй тамақ ішеміз. Бәрінің назары атамның қас-қабағында. Атам көңілді болса керемет әңгіме айтып терлеп-тепшіп шәйін ішіп, орнынан тұрып қайта отырып, тақиясын лақтырып, қайта ұстап алып өткен-кеткен тарихты қозғап қызықты әңгіме айтып отырғандардың ішек сілесін қатыратын. Әңгімешіл еді. Әңгімені тарихтан бастап орағытып айтқанда құлақ құрышыңызды қандырады. Бір әңгіме айтып келе жатып «айтайын дегенім бұл емес» деп басқа әңгіменің арнасына түсіп, ғажайып тарихи оқиғаларды қаз қалпында баяндайтын. Сосын аптасына бір рет берілетін айтыс бағдарламасын ерекше көретін. Батыс Қазақстан облысының ақыны Мэлс Қосымбаевқа жанкүйер болып отыратыны әлі есімде. Менің осы айтысқа, ауыз әдебиетіне, фольклорға, өлең-жырға, ұлттық дүние танымға деген жалпы қазақи болып өсуімдегі атамның рөлі өте үлкен. Атам жарықтық кейде ойланып тақиясын басына қойып мызғып алатыны бар. Сонда кей-кей сәттерде түсімде тағы соғыс көрдім деп кеййтін. Айтпақшы атам көзінің нұры кеткенше қолынан мерізімдік баспасөз газеттерінің бірін тастамай бәрін түгелдей дерлік көз шалып оқып шығатын. Мен үш жаста болуым керек. Атам жұмыстан түскі асқа келгенде қолына газет ұстап келеді. Соны мен атамның алдына отырып ашып қараймын. Ең алғаш рет Әуезовтың суретін сол атам әкелген газеттен көргенім әлі есімде. Менің кітапқа, газетке деген құмарлығым сол бір кезден басталғаны айдан анық.
Жарықтық тыным таппайтын, істің адамы еді. Қолы қалт еткенде есіктің жақтауына жіп байлап қалтасынан көнетоз бәкісін шығарып арқан өретіні бар еді. Сол бір сәттер есімде анық сақталған.
Сұрапыл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары елі үшін аянбай қызмет етіп, артынан мол мұра, өнегелі өсиеттер қалдыра білген майдангер атамыз 2002 жылы 81 жасына қараған шағында Ұзынағаш ауылында дүние салды. Қарақастек ауылында Сүйінбай ақынның жанына қойылды. Қазір аяулы Рысқал әжеміз тоғыз немересі мен бір шөбересінің қызығын көріп жатыр.
Жыл сайын 9 мамыр күні атамыздың бейітіне барып құран оқып, дұға бағыштап қайтатынмын. Атаммен соғысқа бірге кетіп оралмаған ағаларына, атаммен бір сапта тұрып майдан алаңына барып үйіне бірге оралмаған белгісіз жауынгерлердің рухтарына тағзым етіп, Алматы қаласында орналасқан 28 панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының мәңгілік алау отына гүл шоқтарын қоямын.
Адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыста жеңімпаз атанған аталардың ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Атам марқұм тірі кезінде «Енді мұндай соғыс болмасын. Ұрпағым сендер көрмеңдер. Тәуелсіз ел атанған Қазақстанның болашағы мәңгі болсын» дейтін. Расымен де талай бүлдіршіндерді жетімсіреткен, талай жас арудың мөлдіреген жанарын мұңға толтырған, талай аналардың балаларын жалмаған, елдің асыл азаматтарын қыршынынан қидырған, талай әйелдерді жесір қылған мұндай зұлмат соғыс енді болмасын.
Атамның жатқан жері жарық болсын. Иманы салауат болсын! Жаратқан Алла о дүниенің рахатын берсін.
Қолданылған барлық ақпараттар мен суреттер әкем — Қонысбек Өрнешұлы Әліпқалиевтің жеке мұрағатынан алынды.
Мақаланы жазған:
Дәурен Қонысбекұлы Әліпқалиев Өрнеш-тегі.
Астан қаласы
2014 жыл

0 пікір