Дәстүрлі дүлдүл Бақыт Үдербаеваның әдеби сазды кеші

Тұлғалар /
Дәстүрлі әннің дүлділі Назарбаев Зияткерлік Мектебінде
18-қаңтар күні Семей қаласының Физика-математикабағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Бақыт Үдербаева Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын оқушылар мен ата-аналарға тарту етті.
Дәстүрлі ән өнерінің майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі әндерімен көремендерді тәнті етті.Әдеби кеш барасында домбыраның құлағында ойнайтын дүлдүл әнші Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай елбасымызға арналған әнін орындады.Сонымен қатар, Алматы эстрадалық студиясының домбырамен ән айту факультетінде оқытушысы болған Ғарифолла Құрманғалиевтің «Махамбеттің термесі» шығармасы мен «Қаракерей Қабанбай» әні арқылы тыңдармандардың ұлттық рухын көтеріп, бабалырымыздай қайсар болуға баулыды.
«Күн туса ел басына әлдеқандай,
Абылайлап атқа қонар ер Қабанбай» -дей отырып өзге төл өнеріміздің ерекшеліктерін көрсететін әндерімен ата-аналар мен оқушылардың құлақтарының құрышын қандырды.Аталған концерттік бағдарлама Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның жас өнерпаздары да ұлттық құндылықтарымыз жайлы «Домбыра туралы баллада» туындысын, «Қазақтың баласымын» әндерін шырқап, көрермендердің көңілін көтерді.Жас саксофинст Ербол Тұрғазиевтің орындауындағы қазақ әндерінен поппури тыңдармандардың ерекше ықыласына бөленткені сөзсіз.Концерте Бақыт Амангелдіқызының өмірдегі әрі өнердегі досы,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Амангелді Нұрқасымовтың шебер орындауымен әйгілі «Ямайка» және тағы басқа ырғақты шетелдік әндерімен оқушыларды қуанышқа бөледі.Іс-шараның соңында Бақыт апамыз бізге ақ тілектерін айта отырып мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді де алдағы атаулы мерекелермен құттықтады.
Бақыт Үдербаева шығыстың шоқжұлдызы,ән атасы Әміренің өнерін насихаттаушысы,өнерімен өлкесін танытқан дарынды әнші.1980 жылы өткізілген алғашқы Ә.Қашаубаев атындағы республикалық әншілер байқауының бірінші жүлдегері атанып ,әр бес жыл сайын «Әміре жұлдыздары» атты ән өнерінің сайысын ұйымдастыра бастаған.Бос уақытында өнер мектептерінде шеберлік сабақтарын өткізіп, талантты шәкірттердің дарынын шыңдауға атсалысатын Бақыт апамыз бүгінгі күні Елбасының жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.