Қазақ сахнасының теңдессіз бұлбұлы, Бибігүл Төлегенова туралы сұхбат.

AitaberPress /
Жорнал беттерінен қысқартылып ыұшамдалынып алынды. 1 бөлім

Бибігүл апай сіздің арнайы концерттеріңізді тамашаламасақта үлкен кештерде әсем дауысыңызды естіп қуанып қаламыз.
Оның рас. Бір жерге концертке шақырса барамын, шақырмаса бармаймын.

Дауысыңызды сақтау үшін дайындаласыз ба?
Әлбетте, онсыз болмайды. Күнделікті жаттығып отыру керек. Әнді бұрынғыдай айта алмасам, сахнаға шықпай қойғаным жақсы.

Оқырмандарыңыз бен тыңдармандарыңызсіздің ата анаңыз жайлы білгісі келеді.
Әкем Мұхамедахметтен 7 жасымда айырылдық. Әкем менің есімде еміс еміс қалды қалған. Кім болсада ата анасын жүрегінде сақтайды. Өзің ойлап көр, мен қазыр 82демін, әкем дүниеден өткелі қай заман?Әкем ақталғаннан кейін мемлекеттік мұрағаттардан зерттеп білсем, Алматыда марксизм ленинизм университетінде білім алған. Кейін Қатонқарағайға аупарткомның екінші хатшысы етіп жіберген. Содан қуғын сүргін жылдары әкем сотталған.

Қазақ әкең өлседе, әкеңнің көзін көргендер өлмесін дейді. Әкеңіздің көзін көргендер адамдармен әңгімесі сәті түсті ме?
Әкемнің көзін көргендерін кездестірмедім. Мен ол кезде баламын. Баламен кім сөйлеседі, не айтады? Әкемнің замандастары сол 1937 жылы атылып кеткен. Қалғаны Ұлы Отан соғысына майданға аттанып кетті. Соғыстан кейінгі жылдары мен 16-17 жастағы баламын. Тек беріде, есімізді жиып, еңсемізді көтергенде ғана әкемді іздей бастадым.Қазақта жеті атаңды білу керек дейді, мен жеті атамды білмеймін. Әкем жетім өскен. Ашаршылық жылдары анасымен тентіреп Семейге келген. Әкесі Абралыда қайтыс болған. Елде сол кісіні танитын адам қалмады. Қалған туыстары бар еді, солар арғынның қаракесегінің қызы екенімді айтты.

Анаңыз өмірден өткелі 9 жыл болыпты.
Иә. Анам Майнұр Мырзажан деген молданың қызы болған. Әліпбиді, төте жазуды танитынымыз содан. Әжемдіде көрдім. ол кісі мен 7 ге келгенде дүниеден озды. Бізбен көбіне анамның апалары болды. Адам баласы басқа балалар сияқты тіршілік жасау үшін нан табу үшін таң атқанша күн батқанша еңбектендік. Менің Алматыға келгендегі балалық шағым бірсыдырғы. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіріп, жұмыс істей бастағаннан кейінгі болмаса, бала кезімдегі суреттерім жоқ. 1937ж әкемізді тұтқындағанда бүкіл мұраларды, үй құжаттарын алып кетті. Жасым 27-30ға келгенде тарихым басталып, суреттерім шықты. Әкемнің де, шешемнің де туыстары қалмады.

Мектепті қалай бітірдіңіз?
5 сыныпқа дейін күндіз оқыдым, 6-7 сыныпта кешкі оқып бітірдім. Семейдің ет комбинатында қара жұмыс істедім. Өйткені әкемізді ұстағаннан кейін Қатонқарағайдан Семейге көшкен болатынбыз.Ауыр қиыншылықтың тауқыметін отбасымыз көп тартты. Жетеу едік, төртеуміз аман қалдық. Қазыр үшеуміз қалдық. Бибінұр апам Таразда. Балаларынан немере көріп отыр. Онымен кездесуге қол тимейді. Алматыда Клара сіңілім бар. Ол өз отбасымен. Роза сіңілім бар еді, 3 жыл бұрын қайтыс болды. Жамбыл атындағы филармонияда бірнеше жыл әнші болды.

Әсем даусымен бұлбұлдай сайрап алты алашты ғана емес, төрткүл дүниені тәнтті еттіңіз. Юнеско шешімімен ХХ ғасырдың үздік әнші қатарына ендіңіз. Қанша жасыңыздан ән айта бастадыңыз?
Кішкентай кезімнен ақ ән айтатынмын. Анам;«Сен сөйлей алмайтынсың, бірақ әнді айта беретінсің» дейтін.Үстелдің астына кіріп алып, желдің уіліне салып әндетсем анам;«Сен кімнің басына уілдеп отырсың?»деп отырған жерімнен суырып алады екен. Мен болсам қайта астына кіріп уілдейді екенмін. Анам Роза деген сіңіліме 1933 ж босанғанда әжемнің әкушерлік жасағаны есімде. Ол кезде әйелдер үйде босанады. Қалима әжем немересінің кіндігін өзі кесіп, жуындыратын. Әкем болса анама;"Әй Майна! Осы қызым әнші болады көресің" дейді екен. Әкем мені көрмегенмен әнші болғанымды, анам көріп кетті. Анам 2003ж 91 жасқа келіп қайтыс болды.

Мектепте оқып жүргеніңізде талайда ән шырқаған шығарсыз?
Иә. Мектептің өзінде бірінші сыныптан бастап шықтық. Екінші сыныпта Дондағы Ростовтан үлкен жаралылар госпиталі көшіп келді. Техникумның ғимаратына орналастырды. Палатаға барып концерт қоятынбыз. Көмектесіп, түймелерін қадап, жамап беретінбіз.

Сол жылдары айтқан әндеріңіз есіңізде ма?
Біз орыстардың арасында өстік қой. Соғыс кезі көбіне Ұлы Отан соғысы жайлы патриоттық әндерді айтатынбыз.Өзім қазақ тіліне шорқақ болсам да әкем мен анамның домбырамен айтқан әндерің естіп өстім. Дауысым анама ұқсағанба деп ойлаймын, кезінде анам өнерпаздар үйірмесіне қатысып жүретін. Керім дауысы болатын. Қараторғай, Ақ қайың т.б көптеген халық әндерін анамнан үйрендім.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.