Ер-жігіттер, бауырлар, аға-інілер мерекелеріңізбен!!!

AitaberPress /
Аса қадірлі, жүректері «елім» деп соққан Алаш азаматтары, құрметті ЕР-ЖІГІТТЕР, БАУЫРЛАР, АҒА-ІНІЛЕР сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ата-аналарыңыз, туған-туысқандарыңыз, жақындарыңыз аман болсын!

Достарыңыз көп, уайымдарыңыз жоқ болсын!

Сүйіктіңіз күнде таңертең осындай тәттіден ауыз тигізіп, дәмді аспен оятатын болсын!

Әдемі де, сәнді, ең бастысы жарасымды киімдеріңіз көп болсын!

Күн (апта, ай, жыл) сайын жақындарыңыздан сыйлық алып тұрыңыздар!

Күнде болмасын, аптасына бір, тым болмаса айына бір қыздарға да гүл сыйлауды ұмытып кетпеңіздер!

Үнемі белсенді және әрдайым алда болыңыздар!
Ең бастысы дендеріңіз сау, бастарыңыз аман болсын!

Махаббаттарыңыз баянды болсын! Сүйгендеріңізге сүрінбей қосылыңыздар!

"Әттеген-ай" дейтін сәттеріңіз аз, «Шіркін-ай» дейтін сәттеріңіздер көп болсын!

Әрдайым өмір ағысы, жүрек қағысы ойдағыдай болғай!

Естеріңізде болсын: ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ ең келбетті, 8 қырлы, 1 сырлы, батыр, әрі батыл, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, ақылды да, парасатты жандар! БІЗ СІЗДЕРГЕ СЕНЕМІЗ, ӘРІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!!!
Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болғай! БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Ізгі ниетпен: «Айта Бер» сайтының арулары!
P.S. Қырмызыға көптен көп рахмет!

24 пікір

yerbol89
Үлкен рахмет Мөлдір ханым! Енді 23-і емес 7 мамыр мерекеміз деп жүретін болдық! :)
Moldir_96
Аха, оқасы жоқ! Мейрам құтты болсын!
beko
Ханым? хе хе. ммм қарындас, жо жоқ. Бикеш? Ай жарайды, сонымен айтабер арулары? Сіздерге үлкен алғыс! Мұндай керемет тілектер күтпеген едім. Өте тамаша! Тағы да рақмет және де тілектеріңізге Әумин!
Jako
Рахмет Мөлдіржан! Өзіңде бақытты бол!
Moldir_96
Әмин, айтқаныңыз келсін!
VVVWWW
Ой, рахмет, осы Мөлдір сен болмасаң, қуанып қалдың елеп-ескергеніңе, өзіңе де бар жақсылық!
Сүйіктіңіз күнде таңертең осындай тәттіден ауыз тигізіп, дәмді аспен оятатын болсын!
Бұны енді өлтірдің, тамаша
Moldir_96
Сізге де рахмет!
Chimaq
Merekeleringizben quttyqtaimyn..!!!
akil_kalta01
Үлкеееееееееен рахмет Мөлдір_96! Бізге тілеген әрбір жақсы тілектеріңді өзіңе де тілеймін!

«Күнде болмасын, аптасына бір, тым болмаса айына бір қыздарға да гүл сыйлауды ұмытып кетпеңіздер!»
Бүгін Айтабердің аруларына гүл силаймын «гүлдер әлемі» блогнан тамашалаңыздар! :)
Moldir_96
Ой, рахмееет))
AL-ASTER
Рахмет, арулар)
qyrmyzy
Әскерге барған/бармаған/енді барайын деп жүрген жігіттер, мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрқашан сүйіктілеріңіз қастарыңызда болғай:


Қуанышты да, қайғынын да бөлісетін достарыңыз көөөп болсын:



Жылына/айына/аптасына демалысқа/қыдыруға шығып тұрыңыздар:



Мұнда баруларыңызға болады:



Немесе мұнда:



Мұнда да баруға болады:



Уақыттарыңызды таза ауада+сүйіктілеріңізбен+күшті көңіл-күйде өткізулеріңізге тілектеспіз:



Бірақ, ең бастасы — бақыт… ол әркімде әртүрлі:)



Мерекелеріңізбен!!!



Қыздар, құттықтауды жалғастырамыз!
MSHERIMBEK
Рахмеееет:) Қуанықалдық:)
Jako
Ой қыздар-ай, біріңнен бірің асырдыңдар, рахмет!
mairosh
Мына суреттер есімді ауыштырыватр))) Әдеміі)
Manas
Көп-көп рахметтт! Мөлдір!Қырмызы сағанда! Суреттер әдемі екен!!!
pari
рахмет көп көп!!!
alikona
Жігіттер мерекелеріңізбен, бастысы осы блог арқылы кімнің қыз, кімнің жігіт екенін біліп алдым хехехе!
Moldir_96
Хехехе))) Сонда бұрын білмеп па едіңіз?!))
AKA
Қосыламын!
sandibek
, осы дегендеріңізге жеткізсін!
Baha_07
Рахмет қарындасым! Аман бол арқашан…
Moldir_96
Айтқаныңыз келсін! Рахмет, ағатайым)
ardak1996
Жігіттер барлықтарыңыздан кешірім сұраймын! мен сіздерді кеште болса мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Біздің қорғаушымыз, қолдаушымыз болып журе беріңіздер!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.