Жеңіс күні
Келе жатқан 9мамыр-жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Аянбай отан үшін тер төккен Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы сынды ардагерлеріміз болашақта көбейе берсін!Қазақстанның Жеңіс күні әрқашан жақсылығымен қуантсын! жеңіс күні құтты болсын ағайын!!! жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. азаттық үшін күресте ата-бабамыз аз қан төккен жоқ. Білектің күшімен, найзаның ұшымен келген жеңісті болашақ жас ұрпақ мына біз ұмытпайық. Жеңіс туы мәңгілік көк аспанымызда желбіресін, ағайын!!!9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Омырауларында жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар!
Қаһарман
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!
Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!
Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!
Айбатыр Сейтақ
8 пікір