Үш мамандық Құдайдан...

AitaberPress /
Бақытқа деген ең сенімді жол бақытты боламын деген құлшыныста емес, өзгелерді бақытты қылуда
Фридрих Гааз

Адамдардың басым көпшілігіне суретте өз қолдарын көрсетсе, тани алмайды. Бірақ өзгені бес саусағымдай білемін деп айту қандай оңай. Психология мамандығы жайлы екі жыл білімімді пайдаланып, мұның не екенін қысқаша айтып көрейін.
Психологқа керек ең басты қасиет —

әр адамды ерекше қабылдау!

Тануға да тырыспай тұрып, оны қандай да бір типке жатқызып қою екі жаққа да тек зиянын әкеледі. Клиенттің тұлғалық ерекшеліктері ашылмайды, демек психологтың жұмысы өнімсіз.
Ал ойдың тірілігі, жаңалыққа құштарлық, түсіне білу, тұлғалық өсуге ұмтылу, байыптылық, т.б. адамның өзін және өзгені жақсы көргенінен болады. Бұлар барлық мамандыққа ортақ «жақсылар».
Психологияны игергісі келетін, жас дос, сізге көмегі болады деген үміттемін!

ЖОО қабырғасында не үйренеміз?

Тарихы, негізгі түсініктер, жеке процесстер, іргелі теориялар, психологияның бағыттары. Қандай да болмасын оқу орны ойлауды үйретеді, ал қалай ойлап неге келеріңіз жеке шаруа. Сабақтың ауқымындағы біліммен диплом алуға болады,
Бірақ
маман болып шығу мүмкіндігі одан әлдеқайда аз.

Нені ескеру керек:

— Қосымша ізденіс. Дәрістердегі ескі ақпараттарда бұрын сұрақ белгісі тұрған жерлер өзге елде игеріліп қойған тың болуы мүмкін. Уақыт үнемдеп, саладағы жаңалықты бақылай жүрген жақсы
— Практик психолог болам десеңіз, тәжірибе жинақтау үшін курс, тренингке қатысқан дұрыс. Кіріс үшін шығысқа дайын болыңыз.

Аңыздар:

— Жоқ, психологтар ешкімнің ойын оқымайды.
1.бір сәтте адам тіпті өзі санын білмейтін бірнеше ойдың құшағында
2.бәрібір не айтылса, соны ойлап кетесіз. Бұлай алданбаңыз.
— Психолог көзіңізді, өзіңізді бір көргеннен болмысыңызды таратып, айтып бере алмайды. Ал егер басқаша айтса, ол психолог емес. («Жігітіңнің ойын оқып ал» деген сияқты кітаптар қалта қағудың тәсілі)

Қалай жұмыс істейді?

Психология адамға небір мәселелермен жұмыста пайдалану үшін құралдар ұсынады. Тәсіл мен мәселенің сәйкестілігіне жұмыстың тиімділігі тәуелді. Өзіңіз түсінгендей, құралдар артқан сайын кәсіби біліктілік артады.

Қайда жұмыс істейді?

Адам бар жердің бәрінде. Бір екі нәрсені айтып, қиялыңызды шектеп қалмайын.
Бізде таңдау болмаған кезде немесе бір ғана таңдау болғанда өзімізді өте бақытсыз сезінеміз Адамның еркіндігі оның таңдауының көп болуында. Психологтың алдына клиент өз шырмауынан шығатын жол сұрап келеді. Ол сізге ешқашан былай жаса, немесе менің бір танысым былай жасады демейді. Адамға керек күш адамның ішінде бар. Жаңа ресурстар ашуға, жауапкершілікті сезінуге, өз бетінше жол іздеуге көмектеседі. Психологтың бөлмесінен «өзім де психолог екенмінғо» деп шығу, менің ойымша, ең үлкен баға.
Мамандықты жақсы көргенде көп нәрседен өзіңізді қызықтыратын ақпарат көре аласыз. Көп нәрседен үндестік байқайсыз. Бұл жай ғана мамандық болып қалмайды, психология өмір сүру қалпыңыздан көрінеді. Үш мамандық Құдайдан дейді: Оқыту, Емдеу, Әділдік орнату. Психолог өз үлгісімен мәселеге басқаша қарауды үйрете алады, мазасыздықты тек ұмыттырып қоймай, оның себебін өзіңізге іздету арқылы емдей алады, және ішкі әділдік арқылы әдемі үйлесім орната алады. Көп жағдайда әділет жайлы ұғым біздің қабылдағымыз келмейтін нәрселерге де таңылып кететіні бар. Бастысы өзіңіз бен өзгелерді жақсы көріп келіңіз! Адамға қатыстының бәрі махаббатты талап етеді.

Сұрақтарыңыз болса, жауап беремін.

39 пікір

akil_kalta01
Сіздей психологтың біздің арамыздан табылғанына қуаныштымын.
Енді сұрақты қай тұстан қойсам екен?
pana
әйтеіур сұрақ қою керек болып отыр ма)) қоя беріңіз)
akil_kalta01
Енді сіздей психологтарды күнде-күнде онлайнда кездестіре бермейміз ғой! :))
Шынымен де мен Саяга дейин психология десе тупо бирденелерди елестететин едим. Ойымды озгертти бул кыз менин. Скоро психологияга кетип калмасам болар еди.
pana
мені нансыз қалдырасыңғо))
бөлісеміз ғо если что,
психологка жұмыс барма?қай пән таңдау керек?
Биология пәнін таңдайсың. Жұмыс енді қабілетіңе байланысты. Қазір көп жерде психологтар жұмыс жасап жатыр ғой.
Сая, сізден бір мәселе жөнінде ақыл сұрағым келіп еді. Уақытыңыз бар ма?
pana
жааныыым-ау, сенің иелігіңдемін))
VVVWWW
Әрине өте жақсы мамандық, Сіздің жақсы психолог болатыныңызды осы посттың өзі көрсетіп беріп отыр (мамандығыңызды сәтті таңдапсыз деп білемін)
Бір сұрақ, психологиялық қандай жақсы, қызықты кітап оқуға кеңес бересіз (Карнегиді айтып жүрмеңіз, өте ұнаған жоқ)
pana
Рахмет көп!)
Карнеги маған да ұнамады, Эрик Берн «Игры в которые играют люди» и «Люди которые играют в игры» оқып көр. (Сен дейміз деп келісіп едік қо?))
Korkem
Луиза Хейді оқысақ ше?
pana
оқып көрмедім, кейін әсеріңді айтып өт
korwinin_kyzy
Не керек бізге Зигмунд Фрейдтти оқып оданда Әбілхан Қастеевті оқиық Хотябы Мусылманго)))
Zhanat
Паулоның Алхимигін оқы
banzaika1990
Зигмунд Фрейдті оқы
VVVWWW
Фрейдті оқып қойғам, ренжімесеңіз (шынымен инстиктілеріне келісесіз бе?)
banzaika1990
Қазіргі таңда оның инстинкттерін түсініп келіспек тұрмақ өзімнің инстинктерімді түсінбей жүрген жайым бар
banzaika1990
мүмкін шыныменде инстинкт жоқ шығар бізде
VVVWWW
Бұл енді ұзақ әңгіме болап ктеді! (әзіл емес) бүкіл адамзаттың іс-әркетін қозғайтын әңгіме ғой
banzaika1990
Міне, сондықтан да адамдардың қолмен жасағаны нақты дәлелденіп анықталатын «Детектив» жанры жаныма жақынырақ
Korkem
Мамандығың өзіңе сай екен, жақсы айттың.
AKA
Жалғасын тапқанына қуаныштымын. Психологияда маған тренингке қатысқан ұнайды. Әсіресе, 11-сыныпта осы сабақ қосылды, көмегі көп болды. Сол кезде көп оқушылардың іште жатқан фантазиясы мен қабілеттері ашыла бастағандай болды.
AKA
Бақытқа деген ең сенімді жол бақытты боламын деген құлшыныста емес, өзгелерді бақытты қылуда
Мынау енді әдемі, осыны бәрі санаға құйып алса игі еді. :)
Ұялшақтықты жеңудің қандай әдістері бар? Көпшілік ортада өзін еркін ұстай алмайтындарға кеңес берсеңіз. Сосын, 1-2 тренинг өткізсеңіз деген ұсынысым бар, виртуалда жүзеге асатын. Рахмет :)
pana
рахмет :)
виртуалда… реалдағымды әзір виртуалға келтіре алмайтын сияқтымын.ұялшақтыққа да көмектесе алар едім, бірақ ол үшін көруім керек реалда.кеңістікте орындар таңдатып, образдар жасатып басқа іс-әрекет құратын бір техника бар. ал теориямен мынаны айта алам, ұялшақтық мидан болады, басқалар мынаны ойлайды, маған қарап тұрады деген ойдан, бірақ нақты белгісіз ғой ол адамның ойын дәл табуыңыз, оның мүлде шаруасы болмауы мүмкін, тек жақсы жағы бар нәрсе өте сирек, әдемі бір ұялшақтық бөлек те, толыққанды өмір сүруге кедергі келтіретін ұялшақтық басқа, мен сіз оптимал шешім табады деп ойлаймын, агентте жалғастырайық қаласаңыз))
Korkem
мухахахах АКАмен агентте шатаспа, өкініп өмірден баз кешіп кетесің ық-ық, оған мен секілді жүйкесі сыр бермейтін адамдар араласуы керек муахахах
AKA
Көрдің бе, есесіне қазір бұрынғыдан бетер жақсара түстің.
AKA
Біріншісі ғой :)) рахмет, кездескенде байқап көрерміз. :)
Manas
Өзін-өзі танудан беретін апайым есіме түсіп кетті)
qyrmyzy
Маддис:) Ыризамееен) Сағындым:(
pana
:) рахмет,әлі от души әңгіме айтамыз бұйырса! анада уақыт қатты аз болды екеумізге((
Сая, не ғо алғашқы табысыңды жуамыз ғо нетіп. Аралдамын, маған да бір екі сеанс өткізіп жібершиш. Клиент тауып берем көптеп есесіне. Мына игілікті ісің үшін ертен грамота берем. Мәләдес,
qyrmyzy
Мынаны
Қосымша ізденіс
үлкен әріптермен жазу керек :)
mairosh
Психолог мамандық әркімнің қолы жете бермейтін мамандық екенін мойындаймын.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.