М.Әуезов атындағы ОҚМУ -дың сайтындағы сөздер нені білдіреді?(масқара, қате)
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың (Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университет) ukgu.kz сайтына кіріп көргенде, басты бетінде жазылған мынадай сөздер бар.
«Білімге ғылым арқылы» Біздің талқылауымызша ол қате!
Білім, ол кез-келген нәрсені білу, мыс: Мен машина айдауды, мен мал бағуды т.б. білемін.
Ғылым, ол жай ғана білім емес, ол білімнен үлкен нәрсе, ұзақ уақыттар бойы, ғылыми жолмен зерттеумен келген білім жинағы.
Демек, білімге ғылым арқылы болмайды, себебі ғылым сай келмейді ол жерге. Ғылым білімнен үлкен!
Осындай біллдей үлкен университеттің сайтында осындай сөздер нені білдіреді?
Университеттің білімін бе?..
30 пікір
Себебі өз пікіріңіздің мағынасын қарап көріңізші ))
яғни керісінше жауапкершілігі бар адамдардың ісіне келіп тұр ғой жазғаныңыз.
Әзіл ғой, себебі бәрімізде қателік жібереміз. Бірақ та көбіне әр әзілде бір шындық болары анық…
меніңше дұрыс
Типі былай да былай да дұрыс. Тьфу. Жапалақты тасқа ұрсаң да жапалақ өлед, тасты жапалаққа ұрсаң да жапалақ өледі деуші ма ед типі.
Алдымызға қойған үлкен мақсатымызға да жаймендеп, уақыт өте жету, қадамдап жасаған ісіміздің арқасында.
Бұл жердегі жоғарыдағы этаж және алға қойған үлкен мақсат, бұлар үлкен нәрсе етіп сезіліп тұрған жоқ па сіздерге? ал баспалдақ кіші!
Сол сияқты да «Білімге ғылым арқылы» баспалдаққа этаж арқылы немесе ісімізді қадамдап жасау үшін мақсат арқылы дегендей сияқты ғой.
Білім кіші, ғылым үлкен болуы…
Қалай кіші нәрсе, үлкен нәрсе арқылы болады?