Даналардан шыққан сөз - талаптыға болсын кез
Тым болмаса, аптадағы бір күнді сөзжұмбақ шешуге арнаңыз. Өйткені сөзжұмбақ – үздіксіз ізденуді, көп ойлануды, жан-жақты білімділікті талап етеді ©
Кәне, шешіп көрелік.
































Өмірдің шарты — күрес. Күрес тоқтаған жерде өмір де тоқтайды. В. Г. Белинский
Жоғарыдағы ұяшықтардағы сан орнына әріп қою арқылы сіз А. Шапенгауэрдің қанатты сөзін оқи аласыз. Мұндағы нүктелерді бос орын деп есептеңіз. Сан орнындағы әріптерді табу үшін төменде келтірілген сұрақтарға жауап іздеп көріңіз:
1. Ислам бес шарттарының бірі?
2.
Не кешпейді басынан үмітті адам,
Бір арманды әйтеуір қуып барам.
Сен мұңайып қасымнан өткен сайын,
Сәлемге де жарамай тұрып қалам.… авторы?
3. Қасиетті Рамазан айының 26.нан 27.не қараған түн?
4. М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Абайдың туған ағасы Тәкежанның бәйбішесінің есімі?
5. Намазда қол айқасқан соң алғашқы оқылатын дұға?
6.
Сен бір албырт жігітсің білемін мен,
Бір нәзіктік еседі жүрегіңнен.
Сен кірбіңсіз көңілді болсаң егер,
Жаныма сая тапқандай жүремін мен… авторы?
7. … … Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романындағы «Апамның айтқандары» атты нақыл сөздердің 23.ші пунктіндегі алғашқы сөйлем?
8. Ақылды ана аяулы жанға пана көп (толықтырыңыз)
9. Кеше де, бүгін де төрге ілінді?
Бақытсыздықта тағдыр әрқашан шығар есік қалдырады. М. Сервантес
Сонымен, ұяшықтағы әріптерді түгел тауып, нәтиже шығарып өзіміздің ақыл-ойдың иесі екенімізді байқаталық. Бос қалған ұяшықтарды сәйкесінше таба аларсыздар деп үміттенемін. Өз ойыммен құрастырылған сөзжұмбақ болғандықтан бірді-екілі қате шығуы мүмкін, бірақ ол қанатты сөздерді табуға нұсқан келтірмейтініне кепілдік бере аламын. Сонымен, Сәттілік!

Мәдениеттің өресі әйелге деген көзқараспен анықталады. М. Горький
Пы/сы: Пост байқау бойынша жарияланды. Байқауда: «26шілде 2 тамыз күндері қатысушы қазақша сөзжұмбақ жасырады. (сөзжұмбақ қазақ тілінде, интернетте жоқ ақпараттардан құралу керек) бұл бөлімнің бағасы сіздің жасырған сөзжұмақтың табуы қиын күрделі болуына байланысты бағаланады.» делінген.
Әдемілік — азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі. Л. Шеффер
Бақытты кезде өзіңе өзің шамадан тыс сеніп кетпеген жөн де, ал жаманшылықта сенімділікті жоғалтпаған жөн. Клеовул
29 пікір
2.
3. Қадыр түні
4. Қаражан
тошна білмейм бірақ5. Субханәкә
… әрі қарай мұтып қалдым, кілт сөздер болсын. Тез тапсақ бітіп қалаД, шамалы ұзақ ойланайық, достааар! :))
6.Фариза
7.Әзілханды оқыған боларсын есіңе түсір жақсылап
9.Біздің көк байрақ әрине
(Нұршайықовтың екінші сөзіндегі бірінші әрпі қате, жай айтып жатқаным ғой бәрі түсінікті)