Айтаберге шолу
Айтаберге ат басын тірегеніме де екі ай болыпты. Келуін келіп алып, біраз уақыт сырттай ғана бақылап жүріппін, енді міне сол Айтабердің ортасында жүрмін. Екі айдың ішінде барлық қолданушыны толық танып білмесемде, біразын өзіме жақын тұттым. Солардың ішінде өзіме ең жақын тартқандарымның біразын айта кетсем:
1) Ең бірінші qyrmyzy . Алғашқы жазбамды жазып осында жүргенімде, Жаңылайды көрдім. Басында дұрыстап тани алмай жүргеніммен, кейін келе осындағы ең жақын адамдардың біріне айналды. Жаңылайдың өзін бәрін білетін, данышпан сияқты қылып көрсетуге тырыспайтындығы қатты ұнады. Өте қарапайым. Орынды әзілдей біледі. Осы бір қара торы сүйкімді аруды Айтабердегі ең жақын досымның бірі дей аламын.
2) Сосын ruben . Жылы жүзді қара жүрек © Рубекеңнің кез-келген пікірін де, жазбасын да сүйсініп оқимын. Жазба жазсам ең бірінші пікірді осы кісіден күтемін. Күлесің, әрі ойланасың. Кез-келген пікірін пүлістеп кетемін.
3) AKA . Басында қатал көрінді. Сын айтса ренжитінмін, кәдімгідей. Бірақ қайрап, шыңдау мақсатында екенін кейін түсіндім. Қазір жазбама сын айтпаса ойланып қалам, неге сынамады деп. Ақнұрды мына кейіпкерге ұқсататамын.
www.muftyat.kz/index.php?newsid=3990
4) Manas . Сыпайы болуды осыдан үйренсем деймін. Имандылығы мен көркем мінезі бар Манасқа ризамын.
5) QARASAQAL Админнің асқан қарапайымдылығына таң қаламын. Үйренерім көп Сәкеңнен.
6) Jako Өшіп бара жатқан дәстүрді жаңғыртып жүрген Жако ағаға шексіз рақмет!
7) Zhanat . Жанат десе бірінші сабыр есіме түседі. Сабырлы Жәкеңнің жазбалары да қызық.
8) khairbek . Қайырбектің жазбаларын, пікірлерін оқып күлкіден "өлемін". Өзім әзілдесе алмасам да, әзілдеп сөйлейтіндерді жақсы көрем.
9) Korkem . Көркемді жақыннан танымасам да, бойында иманы бар екенін білемін. Фейзбукта тәспісін көргенмін))
10) yerbol89 . Қарапайым ғана Ерболмен әңгімеміз агентте тез жарасты. Қатты сыйлаймын, базар жоқ, Ерекеңді.
Бұнымен тоқтап қалмайды, әлі мен жақсы тани алмай жүрген қаншама керемет қолданушылар бар. Олармен де жақыннан білісіп, араласатыныма сенемін.
, , , , , , , , , , ,
Қысқасы, Айтабер жайлы кешегі Жұбанша, бүгінгі Ерболатша айтқанда:
102 пікір
пастаянна өйстіп сұрап алу керекпін даөшірпт тастайынКак приятнооо!Мақтажеріпсің ғҮә! Көтере алмаятырм!мүмкін Каспиге дегіңіз келген болар
Korkemмінезді))охо, рызамын Жомарт)құрылысшы болғаны жақсы еД
Ужссс, Айгүл мен Серіктің тойы сияқты ужсс ғо мынау