Үйленгім келіп отыр)))

AitaberPress /
Менің Аякөзге келу құрметіме орай Қуаныш пен Нәзира үйлеріне 83тің жастарын басын бір қосты. Барлығы дерлік отбасымен, бала шағаларымен келіпті. Жалғыз сүр бойдақ менмін. Бұрындары келіп кетіп жүргенімде жігіттермен сыртта сыраханаларда бас қосып қайтатынбыз, бүгінгі бас қосу ерекше болды. Балардың тәтті қылықтарын қызықтап, соларды тамашаладық.
Сағына мен Қайрат ұлдары Нұрәлиге (2ден асқан) апасы жаттатқан «Бауырсақ» ертегісін айтқызды, былдырлаған тілімен мамасының көмегінің арқасында қолына бауырсақ ұстап тұрып, аяғында түлкі сияқты танауына қойып, «жеп қоямын деп оп-оңай»деп бауырсақтан бір тістейді екен, апасының немересіне бауырсақ жегізудің әдісі екен.

Думан мен Арайлымның ұлдары Жалғасқа кімнің баласысың деген сұраққа «апамның, атамның, анамның, әкемнің. Апам түшкіргенде, атам түкіргенде, анам кәкеткенде, әкем піштегенде» деп жауап беріп бәрімізді бір күлдірді.

Барлық балалар жиналып «Қара жорғаны» биледі, Жалғас микрофон ұстап өлең айтып, Нұрәли домбыра шертіп Көк тудың желбірегені деп ән шырқап беріп, Қуаныштың мамасы Қарлығаш апайдың тәтті кәмпиттеріне ие болып, тегін концерт қойып берді.

Әлемі жұлдыздары самсаған әдемі түнде өзімнің жалғыз кетіп бара жатуым, кеш бойы достарымның балаларының тәтті қылықтарын қызықтауым, менің қатта үйленіп әке бақытына ие болу арманыма алып келді (бұрындары да ойлайтынмын). Бірақ бүгін, дәл қазір үйленгім келіп отыр))))

(
ПЫ: СЫ: неге үйленбей жүрсің деген жауыр сұрақты қоймаңдаршы өтініш

23 пікір

Korkem
Осы жылдан қалмай үйленіп, басыңызға бақ қонсын! Тойға барамыыыыз
Zhanat
бұйыртса, айналып билейтін ақ көйлегіңді дайындай бер, шашыңа осы бастан қағаздан бигуди салып)))
Delfina
Менің де құрдасым бар екен ғой мына жақта. Енді нестейміз а?)))
Zhanat
осындай намекты түсінетін қыздардың бар екенін біліп едім))
Delfina
Намекты тастаганмен пайда болмай тұрғо. Қозғалыс жоқ ешқандай.
Ak123
Жанат аға күЧтііііі жеңгеге қосылыңыз, бақыттыы болыңыз дегеннен басқа айтарым жоқ)))
Zhanat
әумин айтқаның келсін, алғашқы ұсыныстар келіп жатыр деп қояайын ба))
qyrmyzy
алғашқы ұсыныстар келіп жатыр
кім ұсыныс айтыватқан?
qyrmyzy
Менің 83 жылғы әпкемнің, тфа-тфа, 4 баласы бар, шүкір-шүкір. Бірақ ешқайсысы мені танымайд та жақсы. Ағасы, бәрі болады. Жоғары жақ бәрін реттейді, тек кездесулер кездейсоқтық емес, сізге мүмкін баяғыда кезіктірген шығар жүрегіңіздің жартысын, ал сіз байқамағансыз. Айналаңызға қараңыз. Бәрі болады, өз орнымен. Сәттілік!
Уа, айтаберліктер, жүрегіңізге жақын жанды ертерек кезіктірулеріңізге тілектезпін. Алла сандалтудан сақтасын!
Aikona
Ана баланың аузының бәрі шоколад сондай тәтті балақан, сондай балдарды жақсы көреммм.
Ademi
іле салайыншы, аударғым келмеді:
Ademi
Адамның адамшылығын өсіретін — жақсыны сағыну. Бәріміздің, сірә, бақыт деп жүргеніміз — жақсыға жолығу
.
Ademi
Безіндім мынау қаңырап қалған қаладан,
Өзіңде тұр-ау нұр шуақ елге тараған.
Есілге барып жыр айттым мен де егіліп,
Отыр ма екенсің сыр тыңдап сен де жағадан… ©
Daniar_alan
Безінсең анау, қаңырап қалған қаладан,
Уа, Әдемі мында кел
Есілге келіп қуанышпен ән айтып,
Домбыра патиге қатысып кет еееееейййййййййййй, айхайахуу, угагай аййййййййй
деп қуа салсаң да
Ademi
Барар ем анау ағып жатқан Есілге,
Махаббатыммен талай қыдыырғаным есімде.
Сен емес-ау, жүрегімнің жартысы,
Десе екен: «Есілге кел, Есілге»…
Daniar_alan
уа, Әдемі кел десем анау Есілге,
Қарындасқа айтқан бір шақырту.
«Кел» деп айтпады деп егілме,
Сен сияқты қызды
Сен сияқты қызды
Шақырмаған анау шегірге (қояберш, ұйқасады ғо :))
Ademi
Шақырмағаны — сүймегені,
Мен сияқты сезімге күймегені!
Ниетіңе рахмет, ағатай-ау,
Көтеріп бір тастадың көңілімді!
Ademi
жалғастырыңыз
pana
мяяя, мына пост, қалың мал туралы, алып қашу туралы пост қалай келісе кеткен)
Albina97
менин агам 23те тате апамда бар, бирак али уйленбеген, мен агамнын жасы келди деп журсем одан да улкендери бар екен го)))))))
mairosh
Ағасы сіздің тойыныңды бізде күтіп жүрміз ғой)) Биылдан қалмай үйленуіңізге тілектеспін.
Begimzhan
Ниетіңе жет, құрдас! Аяулы жар, абзал жан, мейірімді ана болатын жанды табуыңа тілектеспін!
AyKoN
afa bizdin jaktin (shimkenttin) jigitteri kusap batildik jasap alip kawiniz))))
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!