Айтаберге шолу-2.0

AitaberPress /
Бісміллә деп сонау былтыр күзде бастауын алып,
Тарады елге айтабер деп танымдық блогтұғыр.
Мониторға телміртіп, ғашық етті жастарды анық,
Алыс едім мен бұл сайттан алдын, жырақ тұғым,
Тұрақ қылдым…
Енді міне отырмын, жастығымды жастанып алып.

Не бар онда деп сұрама, не жоқ деп айтқын достым,
Көп ойланба, тұрма босқа, сен де Айтаберді қосқын.
Мұнда бәрі бар, жаныңды қай сұрақ мазалады екен,
Махаббат, машақат? Өмір? Юмор ма? Кезегімен тосқын,
Достым!
Сенесің бе,қазір менің Айтаберсіз өмірім бос тым.

Муахахах деген күлкіні естіп па едің бұрын, ой тоба-ай!
Жағымсыз пікір айтпа, "қойшы-әй өзің" дегізеді еріксіз.
Туған күнде ұмытылмайды, Korkem бастайды, той-тойлай,
Қуамыз, ойнаймыз, таң атқанша жалғасады, реалға бергісіз.
Сеніңіз,
Деп айта алмай отырасың әлі-ақ, "ұйықтайын мен қой давай"

Кім жоқ дейсің мұнда, бәрі-бәрі, тіпті тролль да бар.
Жырқ-жырқ күлкіде, орынды да, астарлы пікір айтылар.
Ай епті… шәйнексің ғой қайтемін, алғаш мен де түсінбегем,
ruben нің пікірін оқымай қоя тұр, тауың шағып, қайтылар.
Жартылай
Түсінгеніңмен, жартысын түсінбей, миың ашып, ой тұнар.

Мұнда бір албасты өмір сүреді, Abylai епті деген,
Оның саған ғана (!) арнаған күлегештері бар,өзіне тартқан.
Гуугл хроммен кіретін боларсың әрине, енді немен?
Садықты смайлик қып билетіп қойып, құдіреті артқан.
Маған тартқан
Бірақ та, красавчиктің ішіндегі әдемісі, бұл быратан.

Ілгеріде жұрттың баласынан қалма дейтін ата-анам
Бірақ саған айтар кеңесім, мұнда да бар, zhurttyn_balasy
Білмейтіні жердің астында шіркіннің, бас иіп таң қалам,
Оған жетем деме, сенен 100жылға озып кеткен санасы
Дарасы
Осындағылардың біразын жөнге салып, атанған ел ағасы.

Айта берсем қызықтарды таңды таңға жалғаймын, сірә
Том-том кітапқа бергісіз, Айтабердің жаңалық, қызықтары.
Әзірге осыны қанағат тұт, өтірік жоқ сөзімде, айтпадым асыра,
Достым менің, сөзімнің біраз жерін түртіп ап, сызып қалғын,
Қызықтарын
Айтабердің келесіде бөлісермін өзіңмен, күткін мені асыға...!!!

17 пікір

qyrmyzy
Хехе, керемет!Ақын еместігіңді ескергенде! Қаншама дос, сырлас, аға, әпке… бәрін таптым! Рахмет саған, Айтаберім.
zhomart
ну енД мр Кхайырбектің ашу үстінде шығарған терек туралы өлеңіне жете алмайды :)
Ademi
Достым!
Сенесің бе,қазір менің Айтаберсіз өмірім бос тым.
сенемін, сенемін.
maulen
дұрысақ, бірақ мен енді дос-жаран, аға, апке іздеудемін!
khairbek
мен қайдамын НЕЙЧІ
zhomart
Жоғалып кеткендей айттың ғой Қәқе :)
Delfina
Жақсы сипаттап өтіпсің)))) Шыныменде қарап отырсан осындағы әр адамның өз орны ерекше. Менде жұмыста интернетке шектеу қойылғандықтан тек қана кешке кіріп жүрмін. Бұрындары сендер сияқты сайттардан шықпаушы едім.
zhomart
Енді менде сирек кіріп жүрмін :))
sultan_yerkebulan
Жомарт, бәрібір өткенде айтқанымдай… болад шы бірақ
zhomart
Үндемесей бауырым қоя бер
Ai_fariza
Айтердің бұрынғы оқырмандары өз өмірлерімен сырғыған уақытқа ілесіп кетті ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.