Биылғы блогқұрылтай Шымкентте өтеді

AitaberPress /
Биылғы құрылтай Шырайлы Шымкент қаламызда өтетін болды. Ерікі үйлестірушілер де кездесіп, құрылтай мәселелерін талқылаған болатын. Бұл жайлы Көркем арнайы пост жазады деген ойдамыз:)
Үшінші рет өткізілетін құрылтайды Алматы, Астана қалаларынан кейін Шымкент шаһарына эстафета таяқшасы берілгені — үлкен мәртебе! Сондықтан ауызбіршілігі жарасқан блогшылар ретінде Құрылтайды жоғары деңгейде өткізуге бәріміз де атсалысайық!

Құрметті айтаберліктер, үйлестірушілерге азды-көпті көмек көрсетіп, құрылтайға баруға тырысайық! :) Назарларыңызға Әйгерім Бегімбеттің ақпаратын ұсынамын!

«Блогқұрылтай-2013» биылғы жылы шырайлы Шымқаламызда өтетін болып шешілген еді (23-24 наурыз). Үйлестірушілер тобы дайындықты бастап та кетті. Сенбі күні бас қосып, арысы шетелден, берісі еліміздің барлық аймағынан ат арылтып келетін қатысушылардың көңілінен қалай шықсақ екен деп бас қатырды. Ұйымдастырылатын жерді белгіледі.



«Айтабер» сайтының белсенді қолданушысы Көркем пікірін білдіруде



«Эппл Син» компаниясының директоры Нұрлан Құлымбетов блогқұрылтайды тау бөктеріндегі демалыс орындарының бірінде ұйымдастыруды ұсынды. Көпшілік тарапынан да қолдау табатынына сенім білдірді. Ал ОҚО әкімінің баспасөз қызметкері Амангелді Құрметұлы биылғы блогқұрылтайдың өтуіне облыс басшыларының да қолдау көрсететінін жеткізді



IT маманы Берікбол Жарылқасын да жиынды табиғат аясында өткізуді қолдады

Блогқұрылтай — қазақ тілді интернеттің қолдану аясын кеңейтіп, жастарды жаңа технологиямен еркін жұмыс істеуге үйретіп, қазақ контентін көтеру, жалпы интернет саласында жүрген мамандардың қызықты әрі пайдалы жобаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады.



Бұған дейін мұндай шара 2011 жылы Алматы қаласындағы КИМЭП университетінде,



Алматы. «Блогқұрылтай-2011″

былтырғы жылы Астана қаласындағы Назарбаев университетінде өткен болатын. Оған қазақ интернетінің белсенді қолданушылары: блогшылар, интернет журналистер, IT мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, келесі мәселелерді талқылаған еді.



Астана. «Блогқұрылтай-2012″
Енді биыл біздің Оңтүстік өңірінде өткізу жоспарланып отыр. IT-мамандары, журналистер мен жаңа медиаға қызығатын барлық достарды осы іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.

Әйгерім Бегімбет
Түпнұсқа!

24 пікір

Nurbergen
барғым келеді, тек әттең жұмыстан жіберсе ғой. айта қойыңдарш блогқұрылтайды Оралда өткізсін деп )))
qyrmyzy
Демалыс күндері, 22-23 наурызда болады. Жұмысыңызға шақырту жібереді керек десеңіз. Республика емес, дүниежүзілік қазақтілді блогшылардың жиынына Қазақстанда тұрып келмесеңіз ұятты .)
Nurbergen
22-23 маған жұмыс күні. жұмысқа шақырту қалай жіберуге болады, кіммен сөйлесуге болады? барғым келіп тұр шымкентке
Соңғы өңделген уақыты:
qyrmyzy
үйлестірушілерден алуыңызға болады:)
Delfina
Биылғы құрылтай Шырайлы Шымкентте болса, керемет өтетіні сөзсіз)) Бәрі табиғат аясында шырайланып жүретін болды)))
qyrmyzy
Тырысуда! Сіз де келесіз деген үміттеміз:)
2011-де бардым, күштіiiiiii болды. Виртуалдағы таныстарды реалда көріп… Былтыр бара алмадым, ал биыл баруға тырысам.
Құрылтайға қатысу үшін нестеу керек. Не білу керек. Қатысуға ынта білдіріп отыр едім.
rauan
Ақпан айының басында тіркелу басталады, сол кезде тіркеліңіз… презентация жасасаңыз қатып кетеді.
Manas
Логотипті кім жасады))
beko
IT маманы Берікбол Жарылқасын да жиынды табиғат аясында өткізуді қолдады
Ол туралы қазіргі ойым өзгерді))
Jako
Неге, бір ерекшелік болғаны дұрыс емес пе еді,әлде наурыз салқындық қылады деп ойладың ба?
beko
жекеге тоқылдатармын аға
Korkem
Ер жігіт екі сөйлемейді)))
beko
Екі сөйлемейді? Сонымен қатар намысында ұмытпағанмын, сондықтан мына жерде үндемей өте алмадым. Сізге де жекеге тоқылдатармын))
Abylai
не деген құбылмалы еді ойың, ят емес пе :)
beko
Мынау сен ба АБеке? Жазу стильің өзгерген бе? Не ғо, 89-дағы Сәуле қалай?
(Сәуле араларыңнан кейін, ұятты ойлау туһһ,:).
Бір жағынан мәләдес, менің ұятты болатынымды уайымдап жүрген екенсің ғо)

Айтқандай ол қазіргі уақытта шымда жүрмін деген, жақсы күтіңдер деп ымдап жіберсең, байқап көруге болады))
Kan
Дәл 22-23 наурызда өткізуге міндеттісіздер ма? Сәл 25-26 қарай өткізуге болмайма. Себебі мереке кезінде бізгеде жұмыс болады ғой дегенім ғой
Наурыз мерекесінде өткізу бізде дәстүр боп қалыптасып қалған негізі. 2 жылда да осы уақытта өтті.
Әбекеңнің облыс тарапынан қолдау көрсетуге ықпал ететіні де құрылтайдың ұйымдастырушы тобына жаман болмас еді. Бүйрегі бұрады ғой…
Jako
Жарайсыңдар Шымкенттіктер, алға!!! Ұйымдастырудан қапылық болмайтынына казірден-ақ көзім жетіп тұрғандай.
Соңғы өңделген уақыты:
rauan
Блогкэмпке маған баруға бола ма? фейскбуктан оқып қалып едім, кәмелетке толмағандар жалғыз келуге болмайды дегенді…
AKA
Няғып болмасын?! Ата-анаң рұқсат берсе болғаны, шымкенттіктер міндетті түрде келуі керек меніңше. Үлкен аға, әпкелерің бар, солардың қарамағында боласың біреу тисіватса, қорықпа. Үйренем дегендерге есік ашық әрдайым.
AKA
Шаршамаңыздар, жұмыстарыңыз берекелі болсын. Сәттілік жолдас болғай! :) Бұйыртса :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.