Аягөз онлайн радио

AitaberPress /
Бірде фейсбук әлеуметтік желі де отырып, Мәншүк Ахметованың Арнат фм деген онлайн радиоға сілтемесін байқап қалдым, кіріп жақсы әуендер тыңдай бастадым, ертеңінде тағы келдім, келіп қана қоймай өз достарымды да ертіп келіп жүрдім. Арнат бауырыммен сұқбат жасап, оның радиосын дамытуға өз үлесімді қосқым келді, қолдап. Жоспарлар құрып, бағдарламалар жасап. Күнделікті Арнаттың радио қосқанын асығып күтіп жүрдім, бір күні Ербол Исламбек ағам «Жанат саған арнат фм.дікі секілді радио жасап берейін бе» деп жазып отыр, жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан дегендей, Ерекенің бұл ұсынысы ұнап, бір сағат ішінде Аягөз онлайн радиосы деген радио солай пайда болды. Аягөз аталу себебі, өзімнің туған қала деген құрметімнің белгісі. Біраз күн жүргізуші іздеп жүріп, осыдан 4күн бұрын ресми ашылуы жасадық. Жүргізуші Сағыныш деген бауырым, бағдарламаны өзім жасап беріп отырамын. Сағыныш Батыста, мен Шығыста, тыңдармандарымыз орта, радиомызды ақырындап жүргізіп келеміз, бірінші күні ашылуға арнадық, екінші күнді «махаббат» тақырыбы, үшінші күні «интернет,қазақ интернеті», кешегі күні «интернет арқылы достасқан достар, бірін бірі үнатқан ғашықтар» деген тақырыпта пікірлер тыңдалып, тыңдармандар өздерінің ойларын айтты.
Радио ашудағы мақсат «Блог әлемінде жүрген блогерлерді, қазақ интернетін дамытып жүрген мамандарды кеңірек насихаттап, қазақ әндерімен сусындату». Әлі толық жетіліп дами қоймадық, алда талай жоспарлар бар. Ойындар, викториналық сұрақтар ойнатылып, тыңдармардың сұраған әндерін жолдап отырамыз.
Радиомызға лого жасап берген Данияр Аланға рахмет айтамыз

Радиода құтықтау, сәлем жолдауға, сондай ақындар өз әндеріңізді, жас әншілер әндеріңізді (mp3нұсқада) беруге болады.
Радиомыздың бүгінгі тақырыбы «Қызғаныш». Әр түрлі жандардың өзінің өмірінде қызғаныштың алған ролі жайында, қызықты оқиғаларын, блогерлердің пікірлерін, бір қатар блогерлердің әндерін тыңдайтын боласыздар. Эфир бүгін айтаберліктердің құрметі үшін сағат 17.00де бір сағатқа онлайн болады. Ал негізге кестесі кешкі 22.00ден 00.00ге дейін(Астана уақытымен).
радио адресі volnorez.com/ayagoz

10 пікір

Jako
Іске сәт жігіттер, радиоларың ұнады. Жалпы ойларыңа қосыламын, бұрын жазбаларын ғана оқитын достардың енді дауыстарын да еститін болдық.
pari
Жақсы бастама!
Delfina
Құрдас керемет! Өзі де, радио да керемет! Тек ұзағынан болсыншы.
Jako
Делфуша өзің туралы радиода айтқанымды естідің бе?
Delfina
Жоқ, естімедім. Жако құрдас тыңдатқызамын деп уәде беріп еді сол кезді. Уәдесін орындайтын болар деп күтіп жүрмін)))
dimash
Керемет! Өте пайдалы радио екен!
yesbolat83
Сәттілік тілеймін! Құдай қаласа күнделікті тыңдармандарыңыз болам. Шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілеймін.
Kan
керемет бастама қолдаймын.
qyrmyzy
Сәттілік, ағашкі)
mairosh
Құтты болсын! Сәттілік! Тек ендігі тақырыптар махаббат жайлы болмай ақ қосыншы:))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.