Орал қ. Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары ғылыми-зерттеу жобаларының мектепішілік байқауы

AitaberPress /
Желтоқсан айының 6-сы мектебімізде оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларының
мектепішілік байқауы оздырылды. Байқау физика-математика, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар ( ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі ) бойынша секциялық бөлімдерге бөлініп түрлі аудиторияларда өткізілді. Ғылыми жобалар сайысына барлығы 93 оқушы қатысып, 66 жоба ұсынылды. Сағат 14:00-де акт залында, ұйымдастырылып отырған шараның міндеті мен мақсаты, маңыздылығы айтылғаннан кейін, мектебіміздің директоры Шолпан Маратқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдіріп байқауды ашық деп жариялады. Комиисия төрағасы — Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сырым Ж.С, физика-математика ғылымдары бойынша: физика пәнінің мұғалімі — Бисеков К.Х, Математика әдістемелік бірлестігінің жетекшісі — Есенгубекова Ж.С, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары — Нагибова Г.С, лаборант — Дагаров Н.С, жаратылыстану ғылымдары бойынша: химия және биология әдістемелік бірлестігінің жетекшісі — Зияхметова Н.М, география пәнінің мұғалімі — Бегжанова М.Б, химия пәнінің мұғалімі — Киматова Г.Т, гуманитарлық ғылымдар бойынша: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Тажигалиева З.Т, жаһандық перспективалар пәнінің мұғалімі — Иргалиев С.С, Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі — Хасенова А.К әрбір қатысушыны сынмен сынап, әділ төрелігін айтты. Жобаны тыңдай, талқылай, зерделей келе, қазылар алқасы төменде көрестілген жобаларды үздік деп танып, Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары байқауының ІІІ кезеңіне жіберілсін деген шешім қабылдады.
Физика секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Ғалымжанова Эльнара – Галлографическая фитолитография
• Қадыров Сұлтан, Бақтығалиев Айбар – Исследование эволюции шарового скопления методом N-body situlation
Информатика секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Мұхтарова Раушан – Критериялды бағалау жүйесінің журналын құру
Экономика секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Усабекова Наргиза – Английский язык как двигатель торговли
• Хамидулла Еркеназ — Origins of brand names
Химия секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Калашникова Дарья, Жардемова Айгерим – Активированный уголь. Явление адсорбции.
• Бахаева Молдир, Кадырова Гулжан – Биодизель
• Иксанова Асель, Кабиев Абулхаир — Биохимическая очистка воды
• Марат Нұрбақыт, Жексембаева Алма -Ірімшік алу және оның химиялық қасиеттерін зерттеу
• Мырзагереева Аягоз – Определение нитратов в овощах
• Салимова Динара – Получение биоэтанола
• Айтжанова Линда – Получение препаратов из лекарственных трав

География және экология секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Турегалиева Жаннат – Шалқар көлінің экологиялық жағдайы
• Бекболова Малика, Таштамышева Аида – Жайық өзенінің болашағы
Қоршаған ортаны қорғау секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Ізгалиева Алтынай – «Биоиндикация әдісі арқылы суқоймалардың экологиялық жағдайын анықтау»
• Метенова Жансая «Биоиндикация әдісі арқылы суқоймалардың экологиялық жағдайын анықтау»
Биология секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Абдугалиева Алина — Экологическое состояние пойменных лесов полупустынной зоны р.Урал
• Молдагалиев Алибек, Мырзагалиева Гаухар — Экологическое состояние пойменных лесов полупустынной зоны р.Урал
• Радаева Дарья — Язык цветов
Тарих секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Әбілман Назеркем, Танабаева Сая — Батыс Қазақстан облысы бойынша 1937-1938 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ әйелдерінің тағдыры
• Ислямова Жанару — Орынбор және Омбы қалаларында білім алған қазақ зиялылары (Батыс Қазақстан бойынша)
• Қайрғали Аягөз -Алаш қайраткері — Б.Атшыбаев
• Қуаныш Нұрайым, Аманжолова Айкун -Қазанда оқыған қазақтар
• Лаура Ищанова — Неизвестный памятник в известном месте
• Махметова Нургуль — Орал қаласының 18-19 ғасырлардағы ескерткіштер тарихы
• Сағитова Жаннұр, Едіге Назерке -Батыс Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары
Өлкетану секциясы бойынша үздік жұмыстар-
• Нұрберген Азим – Батыс Алаш Орда қайраткері – Б.Жанқадамов
• Айтманова Көркем – Батыс Қазақстан облысындағы жәрмеңкелер тарихы
• Бижанова Аяжан – Жаңақала көтерілісі

Бұлар – жүзден жүйріктер, сөйлеу тілі жоғарғы деңгейдегі, жұмыстары жоба талабына сай, аудиторияны қызықтыра алған үздік қатысушылар. Дәл осы оқушылар жақын арада болатын Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары байқауында біздің мектептің намысын қорғамақ. Ендеше, біз де өз кезегімізде бұл оқушыларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тілейміз.

1 пікір

maulen
Құтты болсын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.