Менің үйдегі кітапханам

Білім /
Ыздрастъе :)
Қайырбектен (сұрап) алған эстафета бойынша үйімдегі кітаптармен таныстырып кетейін. Үйімде кітап аз да емес, көп те емес. Барлығын жаза берсем пост ұзақ болып қызық болмай қалар) Арасынан теріп-теріп суретке түсірдім (кеше кешкісін).

1)
Ә. Алдамұратов "Қызықты психология" Қызықтысына қызықты, тек бас жағы ғана… Кітап көбіне психологиялық жаттығуларға негізделген.

2)
Қызылорда облысының энциклопедиясы жоқ та, Қарағанды облысының энциклопедиясы бар :)
Бұл кітапты КГМУ-да оқып жатқан ағам 1 курсын аяқтап үйге келген жылы әкелген.

3)
С.Сейфулин «Тар жол тайғақ кешу». Бұл кітап жайлы айтатын болсамммм, осы уақытқа дейін оқыған кітаптарымның ішінде суреттеу керемет келтірілген кітап! Жазумен сурет салғысы келген адам осы кітапты оқыса жетіп қалады.

4)
Алдынғы жылдары ағылшын тілінен емтихан болады деп қорқытқанда осы кітапты құшақтап жүретінмін. (Қуанышыма орай менің группам емес, басқа группаға болатын болды:))

5)
Шайхислап Серікбайұлының «Шешендер мен көсемдер» атты кітабы. Бұл жазушы менің жерлесім (облыстасым).
Және маманың заведующийінің әкесі болған сон сатып алғымыз келіп сатып алынған кітап.

6)
Бұл да Шайхислам ағамыздың кітабы «Даналар мен даралар». Бұл кітап та жақсы жазылған, артасына дейін… Оқып отырып кітаппен келіспейтін жерлерім көбейіп кетті ма, әлде тек өзінің өмірі туралы жаза берген сон да жалықтырып жіберді, толық оқымаған кітабым. Не үшін үйімде жүргені жоғарыда айтып кеттім. кітаптың аты «Даналар мен даралар» ішіндегісі өзінің өмірі туралы. Кітаптың сыртын ауыстырып, басқы беттерін өзгертіп жазылған тағы осы кітапқа ұқсайтын кітапты көргенім бар, авторы басқа адам. Сонда бұл кімнің өмірі деп кітапханашы апайдан сұрағанымда "..." деп жауап берген.

7)
КІТАП ДЕП ОСЫНЫ АЙТ! Әдебиетке қызығушылығымды оятқан кітап, жыл сайын жағзы демалысымда қайталап оқитын кітап! (Тут как говориться лучше один раз оқыған, чем кітаптын сыртқы суретіне қарау)
Айтқандай, кітаптың аты "Қияндағы күн нұры" авторы Молдахмет ҚАНАЗОВ!

8)
Бұл кітаптың аты «Жегіқұрт». Автордың сөз саптауы өте жоғары дәрежеде. Кітап ұнады, бірақ түсінбеендерім көп болды. Жұмбақталып, астарлап жазылған. Айтқанда бұл менің кітабым емес, кітапханадан алғаным. Үйіме жаяулатып барсам шамамен 25 минуттық жерде №6 кітапхана бар.


9)
Мынау кітапты оқымаған адам или қазақ емес или сауатсыз! (Оқымаған болсандар балконнан секіріндер)


10)
З.Шүкіров «Жас жесір». Бұл кітаптан үзінде жазғанмын, осы сайтта. Сол жазбамды көрген адам болса кітап не туралы екенін іштей біліп отқан шығар)

11)
ТӨЛЕ БИ! Тауып айтқан сөздері, оқиғалары қамтылған.

12)
Осы секілді орыс тіліндегі кітаптардан көп кітап жоқ)) Кейбіреулерін ғана оқыдым (бас жақтарын)

13)
Александр Фадеев «Тас талқан» кітабы. Орыс тілінен қазақшаға аударылған. ІІ дүние жүзілік соғыс кезіндегі оқиғалар қамтылған.

13 қасиетті сан ғой, осы 13 пен тоқтайын
ПІКІРЛЕНДЕР)

Эстафета таяғын кімге берсем екен… М? Кімге керек?

21 пікір

dimash
П.Ссын жазуды ұмытып кетіппін ғой, кітапқа өзімше сынап жазып қоям, бұл тек менің пікірлерім. Мүмкін сіздерге ұнаған кітапты "қызықсыз" деген болсам автордан кешірім сұраймын.
Бұл кітаптар жайлы өзімнің жеке пікірлерім.
Jako
«Кітап-білім анасы, біліммен көгерер адам баласы»- дейді Jako жездең.
qyrmyzy
Көбісін білмейді екем… Каттинг ейдж — настольгияя! Біз де универде 1-курста соны оқығанбыз. Жақсы кітап. «Тар жол тайғақ кешуді» аяқтау керек ем…
qyrmyzy
Не ғо, жалғастырайын.
mairosh
Жалғастырыңыз жалғастырыңыз
dimash
түһ, Майроштын атынан жазып жіберіппін )
korwinin_kyzy
ыздрасте ыспасыба, өте керемет қара сөз мендедеде бар болды қалғандарын былмейдкем)))))))))
korwinin_kyzy
Жако татеге берсей ыстапетаны
Korkem
Эстафета таяғын кімге берсем екен… М? Кімге керек?
маған!
dimash
Давай Көркем, сенің де үйіндегі кітаптарды біліп қалайық
korwinin_kyzy
Эстапетаны кімге беру керек екенын мен шешем ))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Korkem
Ең бірінші суреттегі кітапқа қызығушылығым артып тұр. Андағы "Қияндағы күн нұры" атты кітап көзіме оттай басылды
yesbolat83
«Жас жесірді» оқу керек екен. Бұл эстафетаның пайдасы бар жалпы, оқырмандарын кітап оқуға ынталандыратын.
m170785
тауып алып оқысаңыз, өте тамаша
dimash
ӨТЕ тамаша кітап. Бірнеше повесттер мен әңгімелерден тұрады.
Кітаптағы повесттер, меніңше, оқырманны өзі қалауынша аяқтасын дегендей соңы немен бітетінің жазбаған. Сосын әдебиетке енді қызыға бастаған оқушыларға да оқуға болады, яғни, сөздері жеңіл, барынша қарапайым жеткізілген.
m170785
тамаша кітап, өзімде бар Жас жесір
m170785
Менде сөреде үйде Жас жесір мен Тар жол тайғақ кешу тұр, оқығанмын. Өте тың дүние, өзіме ұнады
Delfina
"Қияндағы күн нұры" бұл кітапты оқымаған бала жоқ шығар. )) Тартымды және әсерлі, оқуға оңай кітап қой.
alikona
ыЗдрастуйте,
Кейбіреулерін ғана оқыдым (бас жақтарын)
қалғандарын кім оқид а?
Мынау кітапты оқымаған адам или қазақ емес или сауатсыз! (Оқымаған болсандар балконнан секіріндер)
… естігенім бар бірақ оқымаппын… ертен сатып алам
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.