Ақылың болса аттама

Білім /
Кітаптар туралы эстафетаны кім бастаса да респект! Бір ақтарып, кітаптарымның бар жоғын түгендеп алдым. Басын бастап, әлі оқымай жүрген кітабымды да тауып алдым))

Сонымен, соноооу мектеп қабырғасында жүргенде оқыған кітаптарымнан бастайын. Кітапқа деген ынтамды әдебиет пәні ашқанда алғаш оқыған Әдебиет кітабындағы қысқа әңгіме-шығарма үзінділерінен бөлек, Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Жеңеше», «Күзгі бұралаң жол», «Телі өскен ұл» повест, әңгімелерін. Қасым Қайсеновтың «Партизан соқпақтарын», Молдахмет Қаназовтың "Қияндағы күн нұры" атты повест-әңгімелер жинағы, Машқар Гумеровтың "Құпия дәптер" атты повестер жинағынбір емес бірнеше рет оқи беруші ем:


Одан кейін ерекше ұнаған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты кітабы ерекше ұнайды. Төле би заманында өмір сұрген атақты Қазыбек бек Тауасарұлы бүкіл Еуропа мен Азияны жаяу аралап, көрген-білгендері жайлы жазған. Әсіресе Ресей елінің бағзы замандағы өмірі жайлы жазғаны тіпті қызық. Ел-жерді шарлап, кезіп келген ол Алатауға әрең жетіп, кетерінде ақыл айтқан Төлебиге келіп:
Садағаң кеттім Төлеби,
Алатаудай жер қайда.
Аспан асты, жер үсті,
Қазақтай дархан ел қайда?! — деген сөздері ел аузында аңыз болып таралған:


Бір қабырға кітаптарым толы екен, одан бөлек шығарып қоюға жарамаған мұқабасы ескірген кітаптар шкаф ішінде және бар. Қайсысын көрсетерімді білмей, жастар қызығушылықпен оқиды-ау дегендерні жиып-теріп салдым.
Төлеш Сүлейменов «Сегіз сері», Зейнолла Ахметов «Жаяу Мұса», Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе" романы, Бауыржан Момышұлы "Қанмен жазылған кітап", Сакен Жүнісов «Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй», Қаржаубай Омар ұлы "Әке". Аталмыш кітаптарды оқымау күнә сияқты сезіледі өзіме:
Жоғарыдағы Қаржаубай Омарұлының "Әке" атты повестін оқуға кеңес берер едім, көзге еріксіз жас ұялатады. Кезінде қызықты «Жыртық Жәутік» (аты осылай болу керек, бір ғана рет оқып ем(( ) деген кітабымды сұраған танысқа беріп, ол ұқыпсыздық танытып менің кітабымды қонақ боп келген ағасы оқимын деген соң беріп жібергенін естіген соң күйініп, бетін көрместей болып кеткенмін. Ренжімесін дегізіп осы кітапты соның орнына бергізіп еді)))

Ілияс Есенберлин "Ғашықтар", «Айқас», Ғабит Мүсіреповтың осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрген «Оянған өлке» атты романының заңды жалғасы «Жат қолында», Бауыржан Момышұлы «Наша семья»:


Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» атты повестер мен әңгімелер жинағы, Сакен Жүнісовтың «Дом в степи» (мынаны байқамаппын, жоғарыда қазақша нұсқасын айтып өтіп ем), Әбдіжәміл Нұрпейісов "Қан мен тер" триллогиясы:


Одан кейін өздеріңізге белгілі Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының екі томы:


Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық, мол жылдар...» атты романдар жинағы, ішінде «Махаббат қызық, мол жылдар...»дан бөлек жазушының "Әсем", «Ботагөз», «Ескі дәптер» т.б шығармалары бар:



Ата-әжеден қалған құран кітаптары үйде көп екен, өзіммен алып жүретін біраз имандылық кітаптары бар:


Өзім үшін үлкен, өзгелер үшін майда-шүйда саналатын өнер дүниесін сүйемін))) «Полная энциклопедия лоскутное шитье», «Шьем из лоскутов»:



Сосын дәл қазір өзім оқып жүрген Әбу Сәрсенбаевтың «Толқында туғандар», «Офицер күнделігі» атты романдары. Атырау өңірінің сонооу соғыс жылдарыннан кейінгі Каспий теңзінен балық аулап күнелткен қарапайым халық пен балық көзін бизнеске айналдырған жоғарғы тап өкілдері өмірі баяндалады, қызықты:



«Ел аузынан», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» атты романы, авторын ұмытып тұрмын "Құрыш қалай шынықты" атты ерік-жігерге жетелейтін тамаша кітабымның қазақша да, орысша да нұсқасы бар еді, таппадым((( шамасы, үйге келген қызыққандардың біреуі іліп кеткен ғой…

Сосын Пол Бреггтің «Ашығудың құдіреті» атты кітабы, суретін салуға АКАдан ялдым)))

Не дейін басқа, кітапқа баймын енді. Шкафта жасырын жатқан кітаптардан бөлек бір сөре кітаптарым бар:


Қайсысын түсіріп, саларымды білмей, басым қатқан кезде:


Кішкентай кезімде үйде «Аманай мен Заманай» атты роман кітабы бар еді, мектеп оқып жүргенімде оқығым келіп іздестірсем жоқ екен. Бір туысқанымыз оқып болып әкеліп беремін деп сол бойы әкелмепті. Кітапханалардан іздестіріп таппадым, оқығым келіп жүр.

Эста таяғын жерге тастадым, иіліп оны кім алар екен бірінші? ))

37 пікір

dimash
Күчтыыыыыыы…
Сенің көршін де болмаған екенмін :)
didi0393
myna kitaptar tizimin korip auzymdy awyp kaldymgo))) madeş!
MSHERIMBEK
Еее, астынан санағанда екінші суретке қарап кітаптармен не істейтініңіз белгілі болғанда:))) Қолда күш болғаны жақсы әрине.))))
Бұл кітаптарды оқып шыққан адамның ойлау қабілетіде тым озгеше боладыгой, молодец, кулеке жарайсың,
qyrmyzy
Мяяя, керемет! Қаншама ел оқыпты ғой :) Кітапханаңа жаңа кітаптар қосайын, бұйыртса! Енді бір-бірлеп кітаптардың сюжетімен таныстыратын посттар күтеміз!
Korkem
мәдес, намекті жақсы түсініпсің
VVVWWW
Жеке кітапханаң ғажап, өте жақсы кітаптар (Мұратбеков, Есенберлин, Әзілхан т.б талантты жазушылар). Әсіресе "Құпия діптер" көзімме оттай басылды.
Дұрыс айтасың кітапты ешкімге бермеген дұрыс (кезінде мен де талай өкініп қалғам)
ерекше ұнаған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін»
негізінен бұл кітапты деректі жазба деп қадылдамағының абзал (көптеген тарихи қателіктер бар дегенім ғой), ия әрине көркем шығарма ретінде оқуға болад енді
Korkem
Әсіресе "Құпия діптер" көзімме оттай басылды.
Машқар Гумеровтың ба?
VVVWWW
Ия ол менің өзім сатып алған алғашқы кітабым, 5-6 сыныпта оқитын кезде, күнделікті шығынға берген ақшаны жинап (білмеймін неге екенін, үйге айтпаппын, артынан естіп күлкіден өлгендері бар), сондай қызықтар есіме түсіп кетті дағы
Jako
Көркем, жарайсың, риза болып отырмын.Мен қазір жастар кітап оқымайды деп ойлаушы едім,қателескенімді байқадым.
"Құрыш қалай шынықты" атты ерік-жігерге жетелейтін тамаша кітабымның қазақша да, орысша да нұсқасы бар еді, таппадым(

Бұл кітаптың авторы Николай Островский, кітаптың басты кейіпкері Павел Корчагиннің прототипі өзі.
ерекше ұнаған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» 

Бұл кітап туралы Макеңнің айтқанына 100% қосыламын, таза тапсырыспен жазылған,іші тола өтірік, кітап әлеміне жағылған қара күйе.
Korkem
Макеңнің айтқанына 100% қосыламын
Иә, онысы рас та шығар, бірақ оқуға қызықты кітап. Әйтеуір, өзімнен ештеңе шықпайтынын білемін)))
Kan
Көркем кітап берші оқуға.Сенің атаған кітаптарыңның быразын мен оқымаппын. Бірақ дәл сендей көп кітап оқумаған шығармын. Әрі кетсе жылына үш төрт кітап оқимын. Оның өзі жұмыс бабымен. Жарайсың Көркем
m170785
менім үйімдегідей кітаптар екен сөре сөре кітаптар, С.Мұратбеков, Ә.Сәрсенбаев, М.Әуезов, суретте көрсетілген кітаптардың тен жартысы осы кітаптар бар. Өзімнің әкемнің де шығарған кітаптары да бар )), жауқазын кітаптар
Jako
Мәке,әкеңіздің есімі, тегі кім еді, мүмкін кітаптарын оқыған болармын.
m170785
ол кезде 1500 дана ақ шыққан. Есімін біле қоймассыз. Ауылда да жырлары шығып тұратын, әрі меншікті де журналист те болды. Жаңатаста ЦОФта меншікті журналистте болды. Кейінірек оның бәрін тастады. Кейін өзіме, ішімнен шыққан шимай шатпақ өзіме шығып жұғып жүр )). Жақында, бұрыңғы әкемнің жазған жырларында жазармын. Ішімде тулап сыймай, қайнап жүрген жырларым баршылық, оны айтып мақтанғандай болмайын, білерсіздер, көрдіңіздер, оқыдыңыздар да, бәзбіреулер басқа шалдың жырына ұқсас деген соң жазып жүргенім жоқ, әлі шығарып жүргендерім бар, оның жақында жазармын, әзірше осымен осындай )). Мен әсіресе сатқындық пен мұңдықтың пошымын жазамын, басымнан өткенін. Қырмызы мен Көркемжан айтпақшы «пәлсапашы» болдық, басқа жырларда бар ғой, жазып жүргендерімді 90 пайыздай ешкім білмейді. Білетін туыс әпкем бар. Мақпал емес. Басқасы Жәке.
Jako
Жарияла өлеңдеріңді, оқимыз.
m170785
әкемнің бір өлеңін жариялап едім, оқыңыз
zhomart
Болса да қазақ қызы осындай-ақ болуы керек шығар. Кітап оқуға деген құлшынысым артып шыға келді. Бала күнімде кітаптың иісін қатты жақсы көруші едім, сол есіме түсіп кетті.
Korkem
онда эстафетаны сіз алыңыз)
m170785
менде бала күнімнен ақ кітап жинап нағашы ағаммен бірге жарысатынмын, жартысын оқып та тастадым, жартысы сөре сөре де тұр. Жартысы біреулер сұрап алып кетіп сол бойында алып келмеді, жартысы ұрланды ма жоқ болып кетті үшті күйлі
mairosh
оқымыстым сол)))
yesbolat83
Мектеп қабырғасында жүргенде менің де қазақ әдебиетіне деген қызығушылығымды оятқан
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Жеңеше», «Күзгі бұралаң жол», «Телі өскен ұл» повест, әңгімелері
еді. Әттең, Димаш екеуміз сенің көршің болғанда…
m170785
С.Мұратбековтың повесінің Телі өскен ұлдың желісімен түсірілген киносы да бар )
yesbolat83
Ия, ол киноны көргем. Ұмытпасам басты рөлде Эдвакия деген әйел ойнайтын.
Korkem
Иә, тамаша кино ғой сол
Delfina
Көркем КЕРЕМЕТ! Қыз болсан Көркемдей болыңдар.Мен мына кітаптардың көбісін кітапханадан алып оқығанмын. Үйде де кітаптар баршылық, реті келгенде менде салармын)) Қызығып кеттім ғой. Сендегі кітаптардың көбі мектеп табалдырығында жүрген кезімде оқыған кітаптарым екен.
korwinin_kyzy
Эстафетаны мен бастағанын ешкім айтпайт (осы жерде 15 мин) жылап алдым ,,, Эстафетаны шығапған адам тасада қалады, Типы Майкрасофты Басқа біреу шыгарт бірақ та Бил гетсті бәрі айтатын сияқтығо((((((((((((((( жәмән жіладым
әсіресе К-нын мына сөзіне
Кітаптар туралы эстафетаны кім бастаса да респект
(((((((((((((((((((((((
Aikona
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Жабайы алма» менің ең сүйікті кітаптарым еді
marghan_84
«Түп-тұқианнан өзіме шейін» — ді мектеп кезінде оқығам, өте қызықты
yfriend
Auildagi kirpiw tasigan kezder-ai
yfriend
Alippeni okimagandar bar ma munda?
по-моему Құпия дәптер Машқара Гумерова еще выходила под другим названием: Қара дәптер… а где ее можно скачать, может есть какие-то ссылки? Еще была книга, сборник сказок Сарттар елінде называлась, интересная была книга :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.