"Медиана" ИК коммерциялық директоры Құрбанбаев Өмірбек мырзаға
«Медиана» ИК коммерциялық директоры Құрбанбаев Өмірбек мырзаға
«Айтабер» жастар танымдық блогтұғырының қолданушылары атынан
Құрметті «Медиана» ИК коммерциялық директоры Құрбанбаев Өмірбек мырза, былайша айтқанда аға! Өзіңіз білетіндей БлогКэмп 2013 шарасы елімізде осымен 3 жыл өткелі жатыр. Аталмыш шараның қазақ интернеті шеңберінде өте жоғары мәнге ие екенін сіз де біз де өте жақсы ұғынамыз. Әр құрылтай сайын жаңа жобалар мен жаңа қатынастардың бастау алатынын да өткен екі жылдағы шараның тарихынан өте жақсы білеміз. Батыс өңірінде веб қызметтер бойынша, сіз қызмет көрсеткен клиенттердің ойынша барлық ұйымдардан шоқтығы биік тұрған сіздің компанияның да бұл күнде ҚазНет аспанында жалауы биік желбіреп тұрғанына еш күмәніміз жоқ. Енді, осындай үлкееен жұмыстарды атқарып жүрген ұйымыңызда, өзі кішкентай ғана бір Abylai деген досымыз қызметін адал атқарып жүрген жайы бар. Ол бұдан алдын Астанада өткен Блогқұрылтайда, Астана Интернет Форумында өзін һәм өзі істеп жүрген жұмыс орнын өте жоғары деңгейде көрсете білді. Өзіңіз білетіндей құрылтайдың басталуына 4 күндей-ақ қалып отыр. Біз, осындағы Айтаберлік достар, сол досымыздың аталмыш іс-шараға қатысуын өөөөте қатты қалап, мүбәрәк жүзін ай мен күнге балап көргіміз келіп отыр еді.
Өзіңізді асыл азамат, жаға боларлық аға, саласының майын ішкен маман ретінде жоғарыдағы аталған факторларды ескере отырып, қол астыңызда жұмыс істейтін Abylai амигомыздың БлогҚұрылтайға келіп кетуіне жағдай жасап беруіңізді шын жүректен сұрап қаламыз һәм көпшілік өтініші жерде қалмайды деп үміттенеміз.

Өтініш хат

Оның үстіне saule89 келініңіз де екі көзі төрт, жүрегі өрт болып күтіп отырған жайы бар.Және келіндеріңіз біреу ғана емес екенін де ескертіп өтуді жөн көріп отырмыз.
Өзіңізді асыл азамат, жаға боларлық аға, саласының майын ішкен маман ретінде жоғарыдағы аталған факторларды ескере отырып, қол астыңызда жұмыс істейтін Abylai амигомыздың БлогҚұрылтайға келіп кетуіне жағдай жасап беруіңізді шын жүректен сұрап қаламыз һәм көпшілік өтініші жерде қалмайды деп үміттенеміз.
Өзіңізге деген ізгі құрметпен: Админ: Садық "ҚараСақал" Шерімбек18.03.2022
Қолданушылар: «Айтабер!» тұрғындары
46 пікір
ӨМІРБЕК аға Жіберін,
Садық +1 қол кетті.
yerbol89
Korkem
qyrmyzy
rauan
kozy
beko
копирайт Рауан
иншАллаһурааааааааа!!! :))))) Қуана ғой, Сәуле келін :))))