4 айлық «Айтабер!»

Құрметті қолданушылар, жақынырақ айтсақ жанашыр достар! Ә, демей жатып сайтымыз 4 айлық болды. Баршаңызды құттықтай отырып кішігірім есеп бере кеткенді жөн көріп отырмыз.

Барлық қолданушы: 661
Барлық жазбалар: 1919
Барлық пікір: 25396

Рейтинг бойынша үздік блогтар:
Асыңыз дәмді болсын!
Өзім жайлы 100 факт!
BlogCamp: Блог құрылтай 2012
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сұрақ-Жауап сайты
TOP 10
Қызықты деректер
Он саусағынан өнері тамғандар


Рейтинг бойынша үздік қолданушылар:
QARASAQAL
pari
Korkem
qyrmyzy
yerbol89
Abylai
Bagashar
Jako
kuka097
AL-ASTER

Басқа не жаңалық?
Біз ескертіп өткеніміздей сайтымыздың 2.0 нұсқасын жасауды қолға алып жатырмыз.
Ертеңнен бастап «Айтабер» және «Сұрақ-Жауап» сайттарының ресми орталығы ашылады. (Оған арнайы пост)

Баршаңызды кішігірім мерекемен құттықтаймыз. Емтихан тапсырып немесе тапсырғалы жатқандарға сәттілік:)

26 пікір

qyrmyzy
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз?©

4-айлығыңмен, Айтабер!

Сәттілік, админдер!
Abylai
Құттықтаймын. Ресіми орталықтарың да құтты болсын, оң болсын. СЖ сайтына тағыда бірдеме болды. Ербол не бүлдірдің?
yerbol89
Абылай менің еш кінәм жоқ бұл жолы. Білмедім неге өшіп қалғанын. Менің ойымша сайтқа Ддос атака болған сияқты, сондықтан сервер сайтты құлттап қойған болуы керек. Ағама хабарласқан едім қалада жүрмін дейді, түсқайта үйге барған соң көріп беремін деп айтты. Сол қашан көреді екен деп күтіп отырмын. Сайт кеше түнгі сағат 11-лерден бері өшіп тұрған сыңайлы.
Abylai
DDoSтарың көп па? ))) бэкап жасап қойдың ба? сервер әлсіздеу ма?
Togzhan
Оо, құтты болсын)) Айтабердің іші қызықты та пайдалы жазбаларға толы болсын!
Manas
Айтабер, 4 айға толуыңмен!!! Сол үшін алып жіберйік!.
Abylai
Статистика толығырақ, қай елден, қаладан көп адам кіреді, күніне шамамен неше адам кіреді, қай браузерді қолданады, орта есеппен алғанда бір қолданушы айтаберде қанша уақыт отырады, гуглдан нешеуі келеді, көбіне қандай сұрақпен келеді, тағы тағы керек )))
pari
Құтты болсын! Өркені өсе берсін! Тек алға! Мен де Абылай ағамның сөзіне қосыламын:)
Ais_97
4 айлығымен шын жүректен Айтаберді құтықтаймын! Тек алға! Рахмет, иншалла сол емтиханға қызу дайындықтамыз, жақсы баға алсам сіздерге сүйіншілерін берермін.
m170785
Құтты болсын, ұзағынан болсын жасы 4 ай емес, 4 жылға жете берсін
dimash
«Тойын тойға ұлассын, на на на...»
ал, құтты болсын!
4 айлық бала… Бала 4 айлығында таныс/таныс емес адамдарды ажырата бастайды. Эмоция пайда болады. Бөтен адамды жатырғап, анасын немесе жақының көрсе қуанып күледі.
Бұл сайтта да соған келеді екен.
Ендігі 6 айлығында дауыстап күліп, орнында құламай отыра алады ғой))) ЖАҚСЫ!
qyrmyzy
хехе, танысу керек ендеше айтаберліктермен! Идея келді, ертең жазармын,миымды түртіп жібергеніңе рахмет!
m170785
барлықтармен кездесіп керек болды онда
qyrmyzy
хехе, кездеспесек те виртуалда танысуға болады, очм, күтің! Ертен аман-есен 5 алып шықсам, жазамын! ИНШ!
m170785
)))
qyrmyzy
Сіздер жақтың белсенділігі өте керек-ақ
Karlen
Құтты болсын! Ары қарата дамый берсін!!!
akil_kalta01
4 айлық құтты болсын! Жеткен жетістіктеріңізде біршама! Алға Айтабееееееееееер!
Мына би өз атымнан!


Ұнағанын тамашалаңыздар :)))
Korkem
Жасай бер, жасааа, Айтаберім менің!
kaz007
Айтаберейн ба? Ал Айтабер туылғын күніңмен, саған зор денсаулық тілеймін. Ауырма! БАСҚА сайттардың көзі тимесін. Үлкен жетістіктерге жете бер! Әлемдік деңгейге жетіп, ҚАЗАҚ тілін оқу үшін шет елдіктер, топырласып, кезекте тұратындай болсын ИНШАЛЛА!
Korkem
ох, тілегіңіз неткен жақсы еді
AKA
Құттықтаймын! Сапалы дүниелер көп болғай.
mairosh
Ал кеште болса құттықтаймын шын жүректен. Жамбылдын жасын берсін, Лениннің басын берсін…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.