Мен сені сүйдім...
№10 қатысушының посты
(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Жалғыз аққу өзі өмір сүрмейді,
Айдын көлде жүзгісі де келмейді.
Қасында егер сүйіктісі болмаса,
Бір-бірінсіз күлуді де білмейді.
Бірге айтады махаббаттың ән-жырын,
Таласпай-ақ бөліседі таң нұрын.
Жүрегімді соған ғана сыйлаймын,
Мен өзіңді басқаларға қимаймын.
Иә, мен сені сүйдім… Сүйдім… Шын сүйдім… Сені ештеңеге айырбастағым келмейтін. Сен менің барым да, байлығым да, досым да, жүрегім де, өмірім де едің. Сенсіз мына өмірді елестете алмайтынмын. Тіпті сені көрмеген күні тәбетім болмайтын. Сені көру үшін кездейсоқ кездесуді де ұйымдастыратынмын. Таң атысымен өзіңді көруге асығатынмын. Күн батқанда ренжитінмін, ренжитінмін өзіңді көре алмайтыныма, сырласа алмайтыныма, кездесе алмайтыныма.
Маған туындыңды оқып беретінсің. Бірақ мен ештеңе түсінбейтінмін. Себебі… себебі ештеңені түсінгім келмейтін. Ештеңені түсіне алмайтынмын. Сенің қасыңда болсам, өмірді ұмытып кететінмін. Сен менің бақытым едің...! Әттең, түсіне алмай, сезіне алмай кеттің.
Біз жай ғана дос болдық. Бірақ түбінде бір – бірімізге ғашық едік. Мойындау – екеуміздің де қолымыздан келмеді.
Иә, сол күні қырсықтығым бәріне кедергі болды. Бірте-бірте арамыз суып, қазір қал-жағдай сұраса да алмаймыз. Сондай дәрежеге жеттік. Сол кездері талай жасым төгіліп, өзіңе айта алмаған сырларым талай қойындәптерлерімнің беттеріне түскен еді. Іздедім қанша. Талпындым өзіңе. Іштей тындым. Сезімім тұншықты.
Дегенмен саған алғысым шексіз! Махаббаттың дәмін татқызғаның үшін, ғашықтық сезімін сезіндіргенің үшін, өмірге келгенің үшін.
Енді жүрегімді ешкімге аша алмаймын дейтінмін. Сен таңба болып жүрегімде қалады деп ойладым. Ұмыта алмаймын деп ойладым. Қазір сенен тәтті естеліктер мен қойын дәптерлерімдегі көз жасым ғана қалыпты. Себебі сенің орныңды басқа біреу иеленді. Жүрегімдегі жараны емдеп, қайта соғуына, өмір сүруіне жағдай жасады. Өмірге мені қайта әкелді. Менің жүрегім енді тек қана ОЛ деп соғады. Сен де өз бақытыңды кезіктіріп, бақытты болғайсың. Тіпті кездестірген де шығарсың. Мен саған шын жүректен бақыт тілеп, мені қайта дүниеге әкелген жанмен кетем. Енді одан айырылғым келмейді. Одан айырылсам, күнім не болатынын елестете алмаймын. АЛЛАМ, айыра көрмеші, айырмашы. Өзің де жоқ жерден оны маған жолықтырмаған шығарсың. Тек айыра көрме…
Мейлі, мен қиналайын, жылайын,
Бірақ сені жылатпасын Құдайым. ©
13 пікір
қыз, жігітімен неге бірге болмады екен? шынайы жазылғаны көрініп тұр… бірақ, екінші кейіпкері туралы аз айтылыпты.Алғашқы махаббатымен қоштасу деп ұқтым.үии жаным менің қайда жүрсің?3бет етіп менде бірдеңе жазып жатыр едім, сақталмай қалыпты))))бармынғоооойқұлағыңызға алтын сырғаӘзіл ғой, ал мақалаға берер бағама келсек +5 өте жақсы, адамгершілік, сый-құрмет, ақтық сезіліп тұрғандай.