Блогиада: Сапалы контентке миллион!

Құрметті Айтаберлік қауым! Күні бүгін қазақ блогшылары арасындағы Блогиада 2014 байқауы басталды. Жобаның ресми пресс релизімен таныс болыңыздар. 32 блоггердің бірі сіз болып, аламан додадан ат бойы озып шығып миллион теңгені қанжығаңызға байлауға мүмкіндігіңіз бар!

Блогиада — Қазақ блогерлерінің жазба жарысы. Биыл алғаш рет өтетін бұл жарысқа еліміздің ең мықты 32 блогері қатысады.

Блогиада ұраны — “Сапалы контентке — Миллион!”
Өту уақыты: 24 наурыз — 1 желтоқсан.
Тіркелу мерзімі: 06 наурыз — 20 наурыз 2014.
Қорытындысы 06 желтоқсанда шығады.

Өту тәртібі: Әр апта берілген тақырыптарға блогерлер өз блогтарында жазба жазады. Блогиада әділ қазылары бұл жазбаларды техникалық және мазмұндық тұрғыда бағалайды. Орташа бағалары бойынша рейтинг құралып, аптаның және айдың үздіктері жарияланып отырады. Әділ қазылар құрамы танымал ардагер блогерлерден құралған.

Блогиада кезеңдері: Әр кезең 2 айдан тұрады. Алғашқы кезеңде 32 блогер іріктеліп алынады. Келесі кезеңге 16 үздік блогер өтеді. Одан кейінгі кезеңде 8 блогер финалдық кезең үшін таласады. Блогиаданың күзгі соңғы кезеңінде финалға қалған 4 блогер өзара жылдың үздігін анықтайды. Әр кезең арасында 1 апта үзіліс беріледі.

Тіркелу: 06/03/2022 — 20/03/2022
1-кезең: 24/03/2022 — 25/05/2022
2-кезең: 02/06/2021 — 27/07/2021
3-кезең: 04/08/2021 — 28/09/2021
4-кезең: 06/10/2021 — 30/11/2021
Қорытынды: 06/12/2021

Бас жүлде: 1 миллион теңге (демеуші Азаматхан Әміртай)

Жобаны ұйымдастырушылар:

КАСК (Президенті Азаматхан Әміртай) және ҰИА (Президенті Серікқазы Кәкібаланов)

Жоба менеджері: Аршат Оразов
Жоба модераторы: Данияр Алан

Ақылдастар алқасы:

● Ирак Елекеев
● Жарылғап Қалыбай
● Азаматхан Әміртай
● Серікқазы Кәкібаланов

Әділ қазылар:

● Ерлан Оспан
● Нұрғиса Асылбеков
● Назгүл Қожабекова
● Тимур Бектұр
● Асхат Еркімбай

Блогиаданың мақсаты:

● Қазнетке сапалы контент қосу;
● Қазақ блогосферасын жандандыру;
● Блогерлердің шеберліктерін арттыру;
● Блогерлерді ынталандыру;
● Жаңа тұлғалар қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:
● Қазақша сайттарға, блогтарға көпшіліктің назарын аударту;
● Қазақша интернетке жарнама берушілерді тарту;
● Қазақ блогосферасының қоғамдағы орнын нығайту;
● Қазақ тіліндегі контенттің сапасын жақсарту;
● Блогерлердің жаңа элитарлы ортасын құру;
● Сапалы пікірталас мәдениетін қалыптастыру.

Тіркелу Блогиаданың ресми сайтында: blogiada.kz/

15 пікір

Korkem
қатысар ма еді?!
Korkem
тіркелвалдым
AKA
32-ден артық тіркелсе, алғашқы кезеңге қалай іріктемек?
Jako
Жақсы екен, оған қалай тіркеледі? Тіркеліп көрсек қалай, кәрі түйе ойнақтаса жұт болардың кері болмас па екен?
MSHERIMBEK
ресми сайтынан тіркеліңіз.
Kan
ойнақтайтындай жаман дүние емесеқой аға. Қайта қатысып бізге бір үлгі көрсетіңіз
Jako
Рахмет, бұл жердегі кәрі түйе өзім ғой))))
yesbolat83
Аға қатысыңыз. Тілеулесіңіз боламыз.
Jako
Рахмет Еске, тырысамыз ғой))
AKA
Тіркеліп қойдым, бірақ асығыстық танытқан сияқтымын. Райымнан қайтып қалдым :)
Korkem
ойбай-ау, ішегім түйілқалд ғҰәә
ansardanay
мен танитындардан екі адам тіркелді. Өзім әуреленгенді жөн көрмедім. Мен қайда, блогиада қайда. Ғалекең қатысса, жарты лимонын сразу ұтып алатын еді :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.