Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
«Әділет тілесе атаңның болса да айыбын айт» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Ежелден жаны өтірікті, әділетсіздікті сүймейтін қазақ халқы әділдікті қалап, тіпті туған бауырының да айыбын жасырмаған. «Шындық жоқ жерде сұмдық көп» деп өскен ұрпақпыз. Алайда уақыт өте келе бабадан қалған тура жол да, әділдік те жоғалды. Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай сыбайлас жемқорлық кеселі айналып өткен жоқ. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты, бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бүкіләлемдік рейтинг бойынша Қазақстан парақорлық кеселінен 183 мемлекеттің ішінде 120-шы орынды иемденіп отыр. Бұл дертпен еліміз тәуелсіздік алғалы бері күресіп келеді. Парақорлыққа қарсы ұйымдастырылған мемлекеттік бағдарламалар болсын, заңдар мен мүмкіншілігі жоғары қызметтердің пайдасы болар емес. Себебі пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын, түп-тамырын жою бірден мүмкін емес, бұл уақытпен келетін нәрсе. Ең әуелі, ол үшін халықтың сана-сезіміне қорғаныштық ұғымдар сіңірілмей болмайды. Ал парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу онан кейінгі үдерістер санатында.
Жемқорлық проблемасын зерттейтін лондондық журналист Ник Кочан Азаттыққа берген сұхбатында «саясат пен бизнес араласып кеткен Қазақстанды парақорлық жайлаған» дейді. Бұл сөздерінің астарында үлкен мән жатқаны белгілі. Ол туралы жазып жүрген еліміздің журналистері айта-айта ауыздары ауыратын дәрежеге жетті. «Ұлибританиямен салыстырғанда Қазақстанда коррупция тым шектен шыққан. Себебі ол — совет заманынан мұраға қалған құбылыс. Қаптаған туған-туыс, дос-жаран, тамыр-таныстық жайлаған ортада әлдебір шешім қабылдау кезінде жасырын қалатын коррупция совет заманына ғана тән», — дейді Ник Кочан. Әрине, олай деуінің де өзіндік орны бар. Тамыр-таныстық, пара билейтін заманда шындық қайдан болсын. Жоғарыда отырған қызмет өкілдері жемқорлық жасап, кеселге бой алдырып жатқанда қарапайым халықтан не сұрайсыз?!
Білім ақшаға сатылып жатқан бұл заманда әділдік қайда? Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен сот қызметкерлерінің пара ала отырып әділ шешім шығардық деуі заманның сәніне айналса керек. Әділдікке араша іздеп, төрелікті тауып айтатын қазылардың қаулысы қаныңды қыздырып, жалпақ жұрттың жанын жаралары сөзсіз. Бұл төренің туралығы ма әлде сыбайлас жемқорлық па? Қызметін параға сатқан әділ бидің тұрқы мынау болса, басқаға айтар датым жоқ. Бұрынғылар «қарнымның ашқанына емес, абыройымның қашқанына қынжыламын» деуші еді, мұндай ой біздің қаперімізге де кірмейтін сықылды.
Осы сынды сұмдық жайттарды оқи отырып, парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын байқаймыз. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады: -мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы; -құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар; -кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі; -кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы; Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

0 пікір