Қарттарымыз - қымбат қазынамыз

Осы күнге дейін қарттар үйіне бір-ақ рет барған екем. Мектепте оқып жүргенімде, сірә 10-сынып болу керек, қарттар күніне орай жалпы мектеп болып концерттік бағдарлама қоюға барған едік. Одан бері қариялар үйіне бармаппын. Осы уақытқа дейін журналистік зерттеу жасап немесе әйтеуір бір барып сол кісілер туралы мақала жазсам деген дүние ойымды мазалап жүрген болатын, бүгін міне сол мұқтаж жандар мекеніне жолым түсті. Бірақ мақала жазу үшін емес, арнаға сюжет дайындау үшін. 17-ақпан — мейіріміділік күні, соған орай қарттарымыздың ондағы өмірін, жағдайын көріп, сондай қымбат қазынамызды өз қолымен өзі апарып жүргендерге мейіріміділік танытайық деген ниетпен дайындалған сюжет.
"Қарты бар үйдің қазынасы бар" дейді атам қазақ. Сол қазыналы қарттарымыздың қартайған шағында отбасында емес, мемлекеттің қарттарға арналған ортақ үйінде күн кешіп жатқанына ішім налыды. оЛАР ҚҰДДЫ МҰРАҒАТТА ШАҢ БАСЫП ЖАТҚАН ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕРДЕЙ ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ ТӨРТ ҚАБЫРҒАСЫНА ҚАМАЛЫП САҒЫНЫШПЕН, ҮМІТПЕН КҮН КЕШЕДІ. Олардың көңілі сәбидей кіршіксіз пәк, қимылдары баланың қимылындай саф болып көрінді маған. Адамдар қалай ғана өз ата-анасын өз қолымен сондай жерге апара алады екен? ДЕГЕНМЕН, БҰЛ ДА ТАҒДЫРДЫҢ ТӘЛКЕГІ ҒОЙ. аДАМНЫҢ БАСЫНА ЖАЗҒАНЫ ОРЫНДАЛМАЙ ҚОЙМАС, ДЕГЕНМЕН, ОЛАРДЫҢ ӘРБІР СӨЗІ, ІСІ, «БАҚЫТТЫ БОЛ» ДЕГЕН БАТАЛАРЫ ӘЛІ ОЙЫМНАН КЕТЕР ЕМЕС. КӨНЕНІҢ КӨЗІ, АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ ҚАРИЯЛАРЫМЫЗДАН БАТА АЛҒАНҒА НЕ ЖЕТСІН. дҮНИЕДЕГІ ЕҢ БАҒАЛЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ, ЕШҚАНДАЙ БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМЫЗ СОЛАР ЕМЕС ПЕ? ӘСІРЕСЕ, СОЛ ҚАРТТАРДЫҢ ЖАРТЫСЫНАН АСТАМЫ ҚАЗАҚ ЕКЕНІ ЖҮРЕГІМІЗГЕ МҰҢ ҰЯЛАТАДЫ. УАҚЫТ ӨТЕ КЕЛЕ БӘРІМІЗ ДЕ ҚАРТТЫҚТЫҢ ДӘМІН ТАТАРЫМЫЗ СӨЗСІЗ. сОНДЫҚТАН АСЫЛ ӘЖЕЛЕРІМІЗ БЕН АҚСАҚАЛДЫ АТАЛАРЫМЫЗДА ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛЕЙІК, СЕБЕБІ ОЛАР БҮГІН БАР, ЕРТЕҢ ЖОҚ. пАЙҒАМБАРЫМЫЗ «АЛЛАҺТЫҢ РАЗЫЛЫҒЫ АТА-АНАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫНДА, АЛЛАҺТЫҢ АШУЫ АТА-АНАНЫҢ АШУЫНДА» ДЕГЕН ЕКЕН.ОЛАРДЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН АЛУ ҮШІН БҮГІННЕН БАСТАП АЯЛАЙ БІЛЕЙІК. КІМ БІЛЕДІ, БІЗДІҢ ДЕ СОНДАЙ ОРТАДА ӨМІР СҮРМЕСІМІЗГЕ КІМ КЕПІЛ?

2 пікір

Kan
Менің пікірім дұрыс емес шығар бірақ осы қарттардың өздерініңде кінәсі бар секілді. Егер баласын жақсы тәрбие берсе баласы ондай ұят іске бармас еді.
Бірақ білуіміз керек қарттар үйінде тек балалары бар қарттар ғана тұрмайды.онда жетім ата,әжелерде болады.
біз үнемі бір жақты ойлап дағдыланғанбыз. бұндай мәселеде үстірт ойлауға болмайды.
assiya_nurlybaeva
Пікіріңіз өте орынды. Бірақ олардың ғана кінәсі жоқ, басына жазылғаны деп білем. Өздері қалап барған қарттар да бар екен онда. Балалары болған олар қайтыс болып кеткен, өмірлік серігі де о дүниелік болған соң амалсыздан баратын қарттарымызды да сонда кездестірдім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.