«Жастар Отанға!»

Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан, қала орталықтарында «Жастар — Отанға!» еріктілер жасағының жұмысы бастау алды.

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері тарапынан Ұлы Отан соғысының, еңбек және жалғыз басты ардагерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді.
Бүгінде облысымыздағы 457 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында «Жас Отан» ЖҚ мүшелері бекітіліп, «Жастар Отанға!» еріктілер топтары жұмыстарын бастады.
2015 жылғы 6 ақпан күні «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы кеңесінің мүшелері ардагерлерді келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жастар батыр аталарының өмірімен танысып, өнегелі әңгімесін тыңдап, батасын алды.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – Ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.