"Жастар Отанға!"

Айтабер! - танымдық блогтұғыры: Жастар Отанға!
Шымкент қаласында «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетінің «Жас Отан» ЖҚ белсенділері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында ардагер Атажанов Кадырдың үйіне барып, Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен кұттықтады. Ардагер Кадыр атамыз өмірдегі оқиғасын айтып, жастарға өнегелі әңгімесін айтты. Ардагер атамыз: «Ең үлкен бақыт еліміздің тыныштығы, халкымыздың амандығы» деді. Соңында жастарға ақ батасын беріп, ықыласпен шығарып салды.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.