Блогқұрылтай'2014. Қарағанды
BlogCamp /
Баршаңызға сәлем, Айтаберлік жолдастар!
Көптен күткен Көктемнің алғашқы күнімен сіздерді құттықтаймын. Осынау қуанышты күндермен қатар келетін, жылда қазақтың Жаңа Жылымен тұспа тұс өткізіліп жүрген БлогҚұрылтай жайлы бәріңізге белгілі болар?!
Биылғы өткізілгелі отырған БлогҚұрылтай Қарағанды қаласында өтпек. Әр жылдың 22-23 наурызында өткізілетін Құрылтай биыл өткізілу орынына байланысты сәл кейінге шегеріледі, яғни 24-25 күндері болып қалуы ықтимал.
Құрылтайдың нақты күні белгіленген соң өздеріңізді міндетті түрде құлағдар ететін боламын. Әзірге белгілісі Құрылтай Қарағанды қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінде өтеді.
Құрылтай ұйымдастырушылардың бірі Айсұлтан Жақыповтың хабарлауынша Құрылтайға тіркелу бақыты наурыз айының 5 — 15 жұлдызы аралығында болады. Тіркелу мерзімі аз, сондықтан дайын болыңыздар.
Тіркелу сайты дайын болған күні өздеріңізге хабарлайтын боламыз, әзірге Айтабер сайтынан алыстамаңыздар!
Пы/сы: Ұзынқұлақтан естуімізше, биылғы Наурыз мерекесіне орай барлығына 10 күн демалыс беріледі деп күтілуде. Құрылтайға келуіңзге еш кедергі жоқ деп ойлаймын))
87 пікір
Ну енД, блогқұрылтайға асықпын дегеннен басқа айтар жоқ, уа христиан бауырлар!
P.S.: Мен модераторлыққа кетіппін ғой, «Көңіл үшін» блогына, қуанып қалдым!))) А ну достар, Сіздерге деген мәһәббәтпен, әл әстір… XD