Қарағандыға барсаңыз Қарқаралыға!

BlogCamp /
"Қарағанды қаласының 80 жылдығы фотобайқауына". Қаланың өзінде аз ғана уақыт аялдағандықтан, суретке түсіру мүмкін болмады. Ал Қарқаралыда үш күн болдық. Сондықтан «Блогқұрылтайға» баратын достарыма табиғаты тамаша мекенге барып, Шайтанкөлдің басына шығып қайтуға кеңес беремін.

4-курста оқып жүргенде Қарағандыға, Қарқаралыға жол түсті. Уақыт тығыз болғандықтан қаланы аралауға мүмкіндік болмады. 16.00-дағы автобуспен группаласымыз Назеркенің ауылына жолға шықтық. Жаңылай, Мәншүк, мен және Назерке — төртеуіміз.

Қарқаралыға апаратын жол.

Ауылдың сыртқы көрінісі осындай.

Ауылдың кіре берісінен бізді күтіп алды бірінші :)

1851 жылы Құнанбай қажы салдырған мешіт осы. Кеңес өкіметі кезінде өз қызметін тоқтатқан мешіт, тәуелсіздік алған жылдан кейін қайта қалыпқа келтіріліпті.

Ауылда тарихи ғимараттар көп екен.

Атақты әнші, композитор, ақын Мәди Бәпиұлының ескерткіші.

Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандарға арналған ескерткіш.

«Шахтер» демалыс үйінің жанындағы Самал көлі.

Айнала жап-жасыл болғанымен, біз барғанда негізі сарыала күз болатын.

Теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте жатқан Шайтанкөлге шығуға асықтық. Қалың қарағайлардың арасымен өрлей көтеріледі екенсіз.

Көлдің ұзындығы – 60, ені – 40 метр. Ал тереңдігін ешкім білмейді.

Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Алтай мен Сұлушаштың оқиғалары осы жерде өткен.

Тостағанға құйып қойған су сияқты. Талай сыр мен құпияны ішке бүгіп жатқан болар, бәлкім.

Жаңылыспасам 10 қыркүйек күні Қасым Аманжоловтың атамыздың 100 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

350-ге жуық киіз үй тігілді. Қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Дүбірлі тойдан бір сурет.

Қарағандыға барып тұрып, Қарқаралының сұлу табиғатын көрмей кетпеңіз. Уақыт табыңыз. Өкінбейсіз :)

2 пікір

Korkem
Таңмын, қалай ғана ішіңе сақтап келдің екен? Қырмызыдан ғана Қарқаралыда болғанын естігенмін, бірақ білмеп едім. Ғажап өмір десеңші))
aikosh
Менде көп суреттер. Тек соны асықпай осылай жариялауға мүмкіндік болмай қалады кейде.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.