Оның аты - қоянь

Анонимді Флудерлер Клубы /
Иә кешегі менің жанымды алуға келген қоян әлі үйімде. Қайдан, қалай менің үйіме кіріп кеткені әлі беймәлім. Ощм енді қорықпаймын ол қояннын, ана жақта балконда жүр. Не істеймін, ол қоян ненің белгісі деп едім, біреуі бағың дейді, біреуі несібең дейді, ешкімге берме өзің асыра дейді. Қой қайдан асырайын ол қоянды.
Айдың соңы, айдың соңында әдеттегідей қаржы дағдарысы. Жағдай күрт нашарлап кетіп еді, енді ойлааап қарасам қоян келді қайдан келсе де, расында осы қоян менің несібем шығар дедім. Енді ешкімге тегін бермеймін, САТАМЫН. Өйстіп сатып несібе қылмаймын ба осы. Бағасы келісім бойынша екі мың теңгеден кемі кем. ) Алатын адамдар болса жеке хатпен хабарлассын. Ақтаудың тұрғындарына сатамын тек.

Сипаттамасын.
Неше айлық екенін білмеймін бірақ кішкентай көжек екен әлі. Түсі қара, тұмсығы ақ. Құлағы ұзын. Жынысы белгісіз. Тентек емес, тып тынээээн картошкасын кеміріііп жата береді бір қуыста. Шуламайды, семіз. Есімі "қоянь".

Суреттері міне.









Жарманалық үзіліс (Идзумидің көзі жасыл екенін жаңа байқадым)




Идзуми фааас! Фас Идзуми фаааас. Қол тигіз давай, мешоксың деп қажыт, қалай шыдап отырсың.


Фааас!




Идзуми қорқақ, қашып кетті.

58 пікір

Togzhan
Мысығың жау көргендей қарап тұр ғой)))
Ais_97
Абылай қоян қалай кіріп кетіп тұр үйіңе? Мысығыңның ақылы бар екен!!Қоянның ұсқыны қорқынышты, сұр қоянды білетін едім,қара қоян бірінші рет естуім.
Abylai
Қалай келгені тағы бір зерттелмей жатқан құбылыс ©
AKA
Джанееем, қандай сүйкімді қоян. Мен алғым келедііі, бірақ қалай? (((:
Abylai
Ақтауға көшіп кел (:
AKA
Мысықтың көзі сондай қорқынышты, қарашы, жақтырмай тұр қоянды. Ертең қызғанатын болады, егер мысыққа көп көңіл бөлмесең, олар сондай. :) Қоянның жүні үлпілдеп, күЧтііі :)
Abylai
Идзууууми ол, гүчті мысық
Korkem
Маған сатшы? қызығып кеттім… пажааалыста
Abylai
Ақтауға көшіп кел сен де
AKA
Фотогеничный қоянЬ! :)
pari
Керемет суреттер, ана қоян әдемі екен, мысығыңда әдемі тамаша +2
AKA
Ошым, аукцион ұйымдастыра бер, 2005 теңге деп ставка қойдым. ық-ық :))
Abylai
2005 теңге бііір…
Delfina
2500 тенге…
Abylai
2500 тенге бііір…
AKA
3000!
Mzafar
30 000 ане саған болмаса:)))
Delfina
мен тоқтадым онда!
Delfina
Айтқан сөзіне тұр, Абылай мына жігітті бір жағына шығар. Айтқан сөзіне тұратын болар. ойланып жазытын жерге, ойланып жазған болар.
Mzafar


Ешқандай заң бұзушылық жоқ қой, 30 000 дедім, кім біліпті оның сом екенин:))) Теңгеге ауыстырғанда 1875 теңге болады:)))
Mzafar
Мен сатып ала аламын ба Абеке? Осы соңғы кезде қоянның етін жегім келіп жүрген еді...:)))))
Delfina
Аукционға қатыспасан бізден қалмас саған))
Mzafar
Қатыссам қатысайын, 2500 теңге, 50 тиын:))) Тек Абекең тек Ақтаулықтарға сатам дегенін оқып сұрап жатқаным ғой:)))
Yasin
Абылай 100 000 көгінен болама?
Abylai
Тәк Ақтау қаласында тұрмайтындар, қояньды алатын болсаңыз перевозка ақшасын өздеріңіз төлейсіңдер қосымша )))
AKA
Аукцион аяқталды, қоян менікі! Дәлел ретінде серуенге шыққан кездегі сурет.

Abylai
Korkem
жақсы қолға бермепсің қояныңды, далада жүр, жалғыз…
qyrmyzy
Қызылордадасың ба тошна??? Ағаш қайдан? Андай карусель қайдан?
qyrmyzy
Жәндерім сол, ешкімге бермей-ақ қойшы, өзіміз бағамыз:)
pari
өзіміз бағамыз:)
ойландырып тастат ше апатай…
followme_alik
Ыыықоянның жырыыы )_енД Экзотикаларды жина епті =)
Ақтауда неткен қоян өзі) қызық епті, сәбіз жей ма, шөп па?
Abylai
сол не қоян екенін біле алмадым. Сәбіз де жейді, картошка да жейді, қияр да жейді. бәрін жеп жатыр әйтеуір
banzaika1990
Расында бір түрлі қоян екен. Қолға үйретілгенге ұқсайды ғой, мүмкін көршілеріңнен қашып кеткен болар. Мен білетін қояндар фотаға түсіртуді қойып бұлай моп-момақан болып отырмайды да. Идзуми өсіп қапты ғоооой))))))))))
Abylai
Тәк қояньді дачада тұратын апа жездеме бержівердім. бітті
Guka
Оййй… Маған сатшы деп айтайын деп отырсам… Тез екенсін
pari
Ағам құр қалды-ау…
dimash
Үлгі алсын екеуі:
Стихи о любви
ardak1996
Міне, ҒАЖАП! Расымен таң қалып отырмын.Қандай суйкімді еді.Уйдегілерге көрсетсем тусі жаман дейді, несі бар әдеммммі екен) Естеліікке суретін алдым)
Не ғоо, Абылай.Осы сенің үйің бір күні зоопаркке айналатын шығар! Бірде мысық алдың, енді қояның бар.Мынау қоянның бір күні орыс иесі келіп тұрмасын оқтауымен бірге.хехехе!!! Орыстан басқа қоян бағатын адам көрген жоқпын… Айтпақшы, сенің мысығыңның аты-мышық емес пе? СЖ-да мышығееемм деп қақсап отыр едің ғой.
Nursultan2002
Аукцион аяқталды!
қо,құрсын Нұрсұлтан аукционға қатысатын ниетім жоқ.Хехее
AL-ASTER
Қояндар жыл мезгілі сайын терісінің түсін ауыстырып тұрмаушы ма ед, дұрыс қо қара топырақтың арасына, ағаштың қоңыр діңіне тығылатын қара қоян. Бңрақ сол әліппеден солай оқыдым ба, әлде әліппеде ондай қоян туралы жоқ сияқты. Очм сол кішкентай кезде аю юхтайд қыс бойы, қоян түсін өзгертед дегенді үйретіп ед)
AL-ASTER
Ну погоди зайыс,
Біздің үйден шәй іш!
Шәй ішпесең, нан же,
Нан жемесең кет!
MSHERIMBEK
Ну погоди зайыс
Біздің үйден шәй іш
Шәй ішпесең соям,
Қуырдаққа тоям
Қойым на, осылай айтып жүргендеріңе жарты ғасыр болд © Қоян
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.