...Сіз - өзгенің үйінде...

Мен – далада,
Сіз – өзгенің үйінде
Өзге гүлдің ұнатасыз биінде
Мен аспанға аттанармын көзімнен
Кірпігімнен жаңбыр жауған күйімде.

Мен — далада,
Сіз – басқаның қасында,
Сіз сүйсіне жейсіз оның асын да
Мен өтермін мұңым шағып, аялап,
Табаныңыз тиген жердің тасын да…

Мен – далада,
Сіз – басқаның қойнында
Сізбен кешкен күндер ғана ойымда
Сіз жабырқап жүрмеңіз,
Сіз жүретін тау-тастың ауасы бар бойымда –
Біз бәрібір біргеміз!!!

Өлеңді жазған: Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.

1 пікір

Kan
тоқал болып тиіп алмайма соншама қиналғанша.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.