Бүлдірген тере барғанда...

Сәлем Айтаберліктер!!!
Он күндей ауылға барып демалып келіп отырғаным осы. Сіздерді сағынып қалыппын ғооооой. Мен жоқта талай жаңалық болған сияқты, талай жазба жазылып қойыпты, біраз өзгерістер орын алыпты. Әлі толықтай танысып үлгермей жатырм.
Келе салып сіздермен ауылдан алған әсерлеріммен бөлісе қояйын десем, кейбір блогтарды таппай, қайда жазарымды білмей біраз абдырап қалдым ғой. Ішіме симай бара жатқан соң осында жазуды ұйғардым.
Ауылда жүргендегі әр күнім қызықты, әр күнім пайдалы, әр күнім қызу қарбаласқа толы болды. Сол күндердің ерекшелерінің бірі — бүрдірген теруге барғанымыз.
Охххххх неткен табиғат, неткен таза ауа, неткен даланың иісі, неткен дыбыстар. Шіркін-ай десеңізші. Ғажап.




Тау етегі бүлдіргенге тұнып тұр екен. Аяқ басуға аяйсың. Тұрған жеріңе отыра қалып қол созым жерден айналдыра тере бересің.





Мынау Қытаймен шекара.



Содан не керек бүлдіргенге бір тойып қайттық. Дәмі тіл үйіреді. Алақаныңда уылжып тұр.


Өкінішке орай түстен кейін күн бұлттанып, жанбыр жауып кетіп тездетіп үйге қайтуымызға тура келді.

Әзірге осы.
Ауылдағы он күндікте бастан өткізген қызықтарым әлі алда, келесі жазбаларымда толығырақ жазармын.

35 пікір

Ak123
Табиғат керемет!!!
AKA
Ух тыыы, тамаша! Мынадай табиғат аясында жүре бергің келеді екен, бүлдірген теріп. :)
Yasin
жегім кеватыр
banzaika1990
тосабынан жіберейін, шаймен ішіп жүрерсіз)))))))))))))
Yasin
күшті болар еді
qyrmyzy
маған да…
banzaika1990
сен келіп өз қолыңмен алып кетесің
didi0393
кууууууууушти екен! каладан барган адамдар анадай табигатка басы айналып кулайтын шгар)))
banzaika1990
Таза ауада ұйқың келе береді екен, бастапқы екі күн далаға төсек салып ап ұйқыны соқтым. Қалған күндері ұйқы көргеміз жоқ, 12жатып 5терде малмен бірге тұрамыз.
qyrmyzy
малмен бірге?? вахахахаха, қатырасын ше… екі күн қонақ болдым дешиш
banzaika1990
екі күн қонақ, қалған күндері «свой человек» бокеттім ғой
qyrmyzy
Кучт! Күзде ма барып қайтам, ИНШ, сендер жақа.
banzaika1990
оу мынау керемет жаңалық қой. Тоса, тоса сарғаятын болдым ғой)))))))
qyrmyzy
Индиралар көшватыр сояқа:(
Ais_97
Табиғаты ерекше екен, бүлдіргеннің көбін-ай, жегім кеп келіп кеттіғой.
MSHERIMBEK
Мяяяяя, тамаша екен))) Ауылға барғым келіп кетті:) Баяғыда ауылда жүзімнен басқа ештеңе терген емеспін:)
banzaika1990
Жүзім деген де бір керемет қой, әсіресе қара жүзімді айтсай, оооооооооооо.
Korkem
КүЧт-мүЧт, очм джындыы))) басе, неге көрінбей кетті деп едім, Банзайка)))
Zhanat
бүлдірген теруге бармағалы екі жыл болыпты ғой, Банзайка Шығыстың қай жеріненсің? біздің сұлу табиғатымызды әдемі жеткізе біліпсің.
banzaika1990
Зайсанда туғанмын, қәзір Өскеменде тұрып жатырмыз.
VVVWWW
ой көшіп кетем шығысқа!!! көшем, көшем болды
banzaika1990
дафай, дафай. әлі терілмей қалған қарақат, көкбояу, таңқурай, облепиха бар.
dimash
Қазақта осындай жерлердің болғанына шүкір!
Мынадай табиғатта өскен сон дәмі де тіл үйіретін шығар
banzaika1990
Уылжып тіл үйіріп тұр. Табиғаты да тамаша. Бүлдірген тере жүріп, бір сәтке үнемі осы табиғат қойнауында жүрген мына бір шегіркенің орнында болғым келіп кетті
Ais_97
ааай шегірткеден қорқам,қаштым!
pari
біздің жақта шегірткелер пачка-пачкасымен жүреді ық ық біздің жаққа келетін болсаң тұщықұдыққа қалай жеткеніңді білмей қалатын шығарсың муахааа
Ais_97
хахха қатырасың Сағыныш, шыныменде шегірткеден қорқамын барғо! ай қаштым, Сағыныш шегірткеңді алып кетші!
pari
мына жерге щегіртке әкелмеген сияқты едім
Ais_97
жай айтам пачка-пачкасымен жүреді дегесін!
calendula
Суретте әлі піспеген сияқты ғой, көк қой жартысы.
banzaika1990
мен таңдамай уыстап тере бергем ғой, тезірек шелегімді толтырып табиғатты тамашалап, тауды аралап кеттім ғой. Апайкалардікі бармақтың басындай, қып-қызыл.
korwinin_kyzy
Бүлдірген жемегелі 28 жыл болт, бірақ туылғаныма 24 жыл болт
ващм мутып қалдым қашан жегенимди
banzaika1990
Тамыз айында біздің ауылға жол тартыңыз онда, жылдам-ақ есіңізге түсіреміз, алдағы 24жылыңызда ұмытпайтындай боласыз.
Kan
Шіркінай аулда өтке балалық сірә менің балалығым бақытты шақтарға толы болған шығар. Тек соны кезінде түсінбедікқой. Мен жайлауда, табиғат аясында өстім. Ал бұндай бұлдірген теру секілді дүниелер жаныма тым жақын. Керемет әсерде отырмын дәл казір
banzaika1990
Сол бала кезімізде осы бүлдіргенді жастап жаткан шағымызда аузымызға алмадық қой, енді дардай боп дала кезіп іздеп жүріп теріп жүргеніміз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.