Шуаш
Тақырыпты көріп шошып кеткен шығарсыздар. Көп шоршымаңыздар, өйткені «шуаш» деген бұл — ойын. Аты оғаштау көрінгенімен ауыл балаларының жиналып алып ойнайтын ойындарының бірі. Мұны мектептің кішкентай балалары да ойнайды. Кезінде менде ойнағанмын.
Ойын барысы:
Ең соңында, балалар шаршап ойынды тоқтатар сәтте шуаш қалып қоятын баланы барлығы «шуаш сенде ме? шуаш, шуаш» деп келемештейтін. Бірақ бұдан құтылу жолы бар. Шуашты жерге беріп кетеді. Артынан барлығы үйді-үйлеріне тарасады. Бұл ойынның ешқандай ұлттық және тәрбиелік мәні жоқ. Жәй, уақыт өткізіп, құр шаршау. Мүмкін, бұл ойынды білетіндеріңіз болар.
Ойын барысы:
«Шуаш» аталатын ойын балалардың алдымен «сулифа» жасап(қатысатын балалардың «сулифа-сулифа-сулифа» деп,қақпақ,құдық,қайшы), шуаштың кімде екенін шешіп алу. «Сулифада» жеңілген балада шуаш болады. «Шуашты» беретін екі-ақ жолы бар. Қуып жүріп береді немесе қағазды бүктеп дөңгелектеп алып лақтырып яғни нысанаға тигізу арқылы береді. Ойынның жалпы барысы осындай.
Ең соңында, балалар шаршап ойынды тоқтатар сәтте шуаш қалып қоятын баланы барлығы «шуаш сенде ме? шуаш, шуаш» деп келемештейтін. Бірақ бұдан құтылу жолы бар. Шуашты жерге беріп кетеді. Артынан барлығы үйді-үйлеріне тарасады. Бұл ойынның ешқандай ұлттық және тәрбиелік мәні жоқ. Жәй, уақыт өткізіп, құр шаршау. Мүмкін, бұл ойынды білетіндеріңіз болар.
13 пікір
ВТФ таеквондо)
Ммм не ғо біздің жақта: Чунга-Чук дейді.
Ал жазба құстыратын жұқпалы ауру.-1
Бізде «щуашты» берудің бірақ жолы бар еді, ол — қуып жүріп беру. Қуып жеткенде де жай ғана бере салмайсың, жеткен баланы жақсылап отырып жұдырықтың астына алып, сазайын беріп тұрып бересің.
Үйге қайтарда жерге беріп кету деген де жоқ, келесі басымыз қосылғанға дейін аяққы қалған бала «шуаш» болып жүреді.