Жаңа жылдағы қызықтармен бөлісейік)

Анонимді Флудерлер Клубы /
Жаңа жыл деп бір ай бұрын жырлап жүріп өткізіп тастадық, енді келеді 364күнен кейін. Биылғы жаңа жылдың немес осы уақытқа дейінгі жаңа жылдардың қызықтарын айта отырыңыздар. Биыл алғаш рет туысқандарымен қарсы алған жаңа жыл болды, отбасылық жаңа жылды көрдім. Апам бәрімізге, апайыма ұрысып тамақты ерте жасамадың мен шаршадым деп сағат 12ге жақындағанда ұйқымнан оятыңдар деп.Біз Президенттің тілегін тыңдап жатсақ, апам менім үрысқанымды тыңдамадыңдар деп аздап өкпеледі. Ары қарай қызықтарды пікір етіп жазып жалғастырамын, ары қарай сіз айта отырыңыз

ПЫ: СЫ. Жаңа жыл тойламағандар терлеп тепшіп әңгіме айтып, лекцияларыңды оқымай ақ қойыңдар. Жай ғана айналып барып ренжімей ғана басқа жаққа дәрісіңізді жалғастыра беріңіздер))

11 пікір

khairbek
ПЫСЫ ны жазбай аккойсан Ақылды коринер един,((((((
Zhanat
жазбасам осы жерде мені жерден алып жерге салар еді тақырыптан ауытқып
khairbek
Онында дурыс шыгар)))) бәлкім
AKA
Баяғыдай ЖЖ-ны күтпейді екем, жамаааан қатты дайындалатын ек кезінде. Анам әбизөк пәдәркі дайындайды, түнгі 12-ге дейін сол үшін отыратынбыз. Ошым, 8-9 сыныпқа дейін пәдәркі күтіп және алып жүрдік. Керемет кездер де болды сондай :))) Далаға шығып салют атып жарысатынбыз. Қазір, сол… атамыздың сөзін тыңдаймыз. Аса қатты күтпеймін де, салют та атпаймыз, басқалардыкін тамашалаймыз бірақ. :)
Zhanat
есейдік жаңа жыл тойлану қалды дейсіз ғой)
yesbolat83
Кішкентай кезімде қалаға 4-5 шақырым жердегі теміржолшылар бекетінде тұрдық. 31-і күні батыс уақытымен сағат 23.00, ал, Алматы уақытымен 00.00-де міндетті түрде қалада отшашу (фейерверг) атылып, соны үйіміздің терезесінен тамашалайтынбыз.
Zhanat
қазір бекеттің балалары үлкен етіп сырғанақ жасап алып түннің бір уағына дейін сырғанақ тебеді екен, қалалық от шашуды өздері жасайды екен.неше күннен бері менің түнгі обходыма көмек беріп жүр, ойындарымен ауылды шулатып.
pari
Мен қалай қарсы алдым. 31 концерт болды мәдениет үйінде. Сонда өлең айттым. ОЛ концерт 23:40-қа тамам аяқталды. Үйге жүгіріп келдім. Концертке анам да, әкем де барған-ды. Үйге келдік. Сағат 23-57-ге тамам далада солюттер атыла бастады. Ауылдық жердің солютін білесіздерғо енді. Сомен 00:01-де үйге кірдім. Әкем, анам үшеуміз қарсы алдық. Жаңа жылды ата-анаңмен қарсы алғанға не жетсін шіркін!
Соңғы өңделген уақыты:
Korkem
Ээээх, бөлек пост етіп жазайын одан да))))
User
Ымм солай дее.
dimash
Жас кезімде тұратын ауданымның балалары бірігіп тапырлап плошадқа шығатынбыз, шыршаның дәл алдына үйіліп жиналып үлкен орта жасайтынбыз, сол кезде тәртіп сақшылары дей ме бізді итеріп, «жиналмаңдар, тараңдар!» деп зарлап, біз солардан қашып, қайтадан жиналып, басқа жақтың баллаары жиналғаның көрсек тапырлап барып оларды таратып жіберіп, енді сұмдық ұйымшыл болдық)) Әйтеуір жыл сайын арамыздағы кемі 3-4-еуі ГОВД да қарсы алатын.
Қазір сол құрдастарып жұмысбасты, кейбіреулер отбасылы. телефонмен бір бірімізді құттықтаймыз да қоямыз, қалғанымыз 8-ақ жігіт)) Қазір түк қызықсыз… :(
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.