Мен қалайша шыбынды құтқардым?

Тәәәп-тәтті ұйықтап жатқан кезекті демалыс күнімнің бірі болатын, негізі.
Бір кезде құлағыма «дызззз» деген дыбыс естілді. Онымен қоймай тамағымда бір әлсін вибрация ойнап жатқанын іштей сезіп жатырмын. Ұйқылы-ояумын ғой. Ауызымды жауып қайтадан ұйқыны жалғастырдым. Байқаймын, вибрация әлі ойнап жатыр. Бір кезде өзінен-өзі әлгі дыбыс тоқтап қалды. Басында ауырып қалдым ба деп кәдімгідей қорқып кеттім. Ауырмаған сияқтымын...
… Болмай кетті. Бір кезде жақсылап байқап жатсам, тілімнің жоғарғы жағында бірдеңе тұрғанын сездім. Орнымнан тұрдым да, айнаға барып, саусағымды тамағыма сұғып жіберіп бірдеңе іліп шығардым. Мәәә, сенбейсіздер ғой: Шыбын! Өлағаааал, сорың құрығыр шыбын!
Адаммын ғой қайткенмен де. Шымкенттік болсам да, сәл болсын гумандығым бар дегендей :) Тастамадым. Сөйтіп жаңағы шыбынды қайта тірілтіп алу үшін құрғақ кесенің ішіне салып қойып, біраз уақыт кепсін деп үрледім. 5 минут өтер өтпес, әлгі шыбыным бір қанатын қимақтатып өзіне келе бастады. Тағы 5 минуттай үрлеген соң шыбынжанқисалаңдап ары-бері жүрді де, рахмет те ымдамай ұшып кетті, тыбар.
Осылайша бүгін бір жанды құрқарып, демалысымның босқа өтпегенін түсіндім ықықықы.
Ал, сіз бүгін есте қалар не істедіңіз, досым?

5 пікір

MSHERIMBEK
ұйқыны реттеу керек…
rauan
иәәә… шыбынды өлтірмеңдер, онда сендердің қандарың ағады =*)…
pari
мен керісінше кеше түнде үйге кіріп кеткен шегірткелерді сапалақпен қырдым на, ауылда солғо кешке қарай сырттың светін жағып қалсаң тор есіктен үйге шегіртке құрт-құмырсқалар зырлай жөнеледі байғұстар сондағылары тозаққа кіргендей сапалақты аласыңда қырып тастайсың өліктерін шаңсорғышпен сорып аласың хехеее
directxr
Досым екеуміз номер көріп тұрғанбыз, ТЕЛЕ2 номер алайын деп, жанымызда тағы бір кісі тұрған. Содан сәл уақыт өткен соң әлгі кісі дауыстап: «Пах шіркін! керемет номер екен ғой ә?! Соңы 24-64! Мен өзім как раз 64 жылғымын! ал кредитім айына 24 мың теңге! Әй сатушы қыз, маған осы номерды берші,»- деді қарқылдап күліп. Біз болсақ ваще жарылып кеткенбіз кредитім де 24 дегеніне.
Осыны да әңгіме деп. Қарасақалыңда осылайсың. Сақалың ағарса миды ашытайын деп тұрсың ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.