Көне сөздер
Абыз – ел атасы, данагөй, әулие мағынасында.
Бастас – замандас, құрбы-құрдас, сырлас дегенді білдіреді.
Балдырған – жас, әлі жетіліп піспеген шөп.
Басыр – көз ауруы.
Бәлекей – жас келіншектерді, ертеде жас тоқалды айтқан.
Бәтен – емшектегі бала.
Дәйіс – жеңілтек, тұрақсыз, пәтуасыз адам.
Лахуа – бұл да солай.
Шайма – бұл да солай.
Шартық – шала тартылған еркек.
Шепік – нашар, әлсіз адам.
Шаршысына келіп тұр – болып-толып тұр деген мағынада.
Мешел – ауру, кемтар, мүгедек болған адам.
Жырынды әккі – пайдакүнем адам.
Сарық, сарықтық – суы қайтқан алқап.
Сарық басу – шөл қандыру.
Сидалау – етін сыпырып, сүйегін қалдыру.
Суын– бұлан.
Суындау – шөпті маяға, кебенге ұқсатып үю (бірақ қарамы олардан шағындау болады).
Қаркесте – қу, талайды көрген, айлакер.
Самсоз – адамның қажыған, шаршаған, дәрменсіз бір сәттері.
Құнттау – бір істі аяқтау, пысықтай түсу.
Пісенттеу – бұл да солай.
Қылағай – шортанның шабағы.
Лақса – көне-көскі, ескі-құсқы арба, қайық немесе жыртық-тесік үлкен астау, науаны айтады.

0 пікір