Адамның жасына байланысты атаулар

Қазақ салт-дәстүрлері /
Сәлем, ағайын! Мен кешеден бері не жазсам деп ойланып, ойланып мынадай шешімге келдім. Үйімде жақсы бір кітап бар екен, атауы "ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ", Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. 128 бет. Жалпы редакциясын басқарған Ғ. Халықұлы, алғы сөзін жазған Аюбай Құралұлы деген азаматтар екен. Соның ішінен көпшілікке пайдасы тиеді-ау деген нәрселерді жазып тұрамын құдай қаласа. «АДАМНЫҢ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАР» дегеннен бастауды жөн көрдім. Ал, іске сәт.

1 жасқа дейін — шақалақ, нәресте.

1 жастан 2 жасқа дейін
а) қыз бала — бөпе.
ә) ұл бала — бөбек.

2 жастан 3 жасқа дейін — бүлдіршін.

3 жастан 5 жасқа дейін — балдырған.

6 жастан 7 жасқа дейін — сәби.

8 жастан 12 жасқа дейін — ойын баласы.

13 жастан 15 жасқа дейін — ересек бала (сығыр).

16 жастан 19 жасқа дейін — боз бала.

20 мен 30 жас аралығы — жас жігіт.

30 бен 40 жас аралығы — дүр жігіт.

40 пен 50 жас аралығы — ер түлегі.

50 мен 60 жас аралығы — жігіт ағасы.

60 пен 70 жас аралығы — қарасақал.

70 пен 80 жас аралығы — ақсақал.

80 жастан жоғары — шал, қарт, қария.

Жалғасы көөөөөөөөөөөөөөөөөөп…

19 пікір

Togzhan
Іске сәт! Тамаша бастама!
AKA
60 пен 70 жас аралығы — қарасақал.
:))))))))) Не дейді құрсыыыын, өлдім күлкіден.
QAZAQ
Бірақ бұл біз білетін кейіпкерге еш қатысы жоқ ұғым, бұқақ…
AKA
Оны түсіндірудің еш қажеті жоқ, біліп отырмын.
QAZAQ
Бұл түсіндіру емес, ойдың материяға айналуы. Бәріне кінәлі — саусақтар!!! ))))))))))
AKA
Жазғыңыз келсе толып тұр ғой жазбалар. Саусақтарыңызды сол жақтарға қарай бағыттағайсыз.
QAZAQ
Сен жаз, саған арнайы қонаққа барайын.
AKA
Бұқақақа © Не ғой, «жаз» деген бұйрық райда жазылып тұр да, «жазбайм» деп жауап қайтарсам реніш болмасын, иә?
QAZAQ
О жағы сенің еншіңде. Флудтамайық. Келесі кім бар?!
AKA
Ааа, бұл сіздің жазба екен ғоооой, мән бермеппін. Бәсе дейм, кеЧроң! :)
Келесі кім бар?!
Бәрін жеңіп, қырып-жойғандай жаздыңыз ғой. :)))))
QAZAQ
Тақырыпқа байланысты ештеңе жазбасаң, екеуміздікі құр далбаса болып кете ме дегенім ғой. Ешкімді жеңіп, қырып-жою жоспарым жоқ еді, ара қашықтық сақтайық!!! Сенің жеке басыңа айтар ештеңем жоқ болғандықтан сөйттім, «түсіндіріп» кеткеніме ренжіме.
AKA
Ашуланбаңызшы, кешірім сұрадым ғой. Жазба авторы сіз екенін жаңа ғана көрдім, сізді жәй пікірлеп келіп қалды ма деп ойладым. Ренішім де жоқ, жазып тұрыңыз. Анда-санда флудтап тұрғанның еш сөлекеттігі жоқ деп ойлаймын. :)
Moldir_96
Қызық екен! Бұл ер адамдардың жасына байланысты атаулар ғой… Ал әйел адамдарға байланыстысы бар ма екен?!
QAZAQ
Сол кітапта бұл жағын қарастырмапты, өкінішке орай. Әйелдердің жас ерекшеліктеріне байланысты атауларды да қарастырамын.
Moldir_96
О жағын қарастырмағаны өкінішті-ақ) Әйелдердің жас ерекшеліктеріне байланысты атауларды қарастырсаңыз, бізге айтуды ұмытып кетпеңіз!)
QAZAQ
Тапқанымды осында жазармын құдай амандық берсе.
Moldir_96
Рахмет! Іске сәт!
Jako
Қуанып қалдым, мен әлі жігіт ағасына да жепегенмін ба?..
MSHERIMBEK
60 пен 70 жас аралығы — қарасақал.
Кәрілік-ай:)) Біраааз ұрып тастаппыз ғой:)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.