Адамның мінезіне, қылығына байланысты атаулар

Қазақ салт-дәстүрлері /
Әздек — ерке.

Бәңші — нашақор, апиыншы.

Бұлан — еш қиындық көрмей бұла болып еркін өскен, ерке. *Еркебұлан да осы мағынада.

Жүрімпаз — ұл балаша киініп өскен қыз.

Кісікиік — тағы, жабайы.

Қатынбасша — қатын-қалаштың ісіне араласушы еркек.

Қызылшыл — ет құмар, қызыл жанды.

Ойнас — жасырын көңіл қосатын адам, тамыр, ашына *мәәәә, мұны білмейтін адам кемде-кем шығар, )))))))))

Оңаза — жалаңдаған ашқарақ, тамақсау, қомағай.

Оңқай — жұмысты тек оң қолымен істейтін адам.

Сарамжал — бәрін орын-орнына келтіріп тұратын, ысылған, ұқыпты, бес аспап.

Сұрқылтай — екі жүзді, опасыз, қаскүнем.

Тақуа — дін қағидаларын шын пейілмен істейтін адам.

Шая — ашуланшақ, ызақор.

Шерменде — қайғы басқан, мұңды, шерлі.


Дереккөз: "ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ".

3 пікір

Togzhan
Керемет мәлімметтер, мына сөздердің 70 пайызынан мүлдем хабарсыз екенмін!
Moldir_96
Ал мен 90 пайызға жуығын білмейді екенмін… Пайдалы мәліметтеріңізге көп рахмет!
QAZAQ
Пайдаларыңа жараса болды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.