Сүр ет.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Бұрынырақта біздің халықта тоңазытқыш, мұздатқыш дегендер болмаған, болған күнде де оны пайдалану мүмкіндігі болмас еді.Бірақ сол кездің өзінде де біздің дана халқымыз Ет, сүт, май сияқты тез бұзылатын тағамдарды ұзөқ уақытқа сақтау тәсілдерін білген.Соның бірі ет сүрлеу жайында өз білгенімше жазып кетейін.Қазақ халқы төрт түлік малды өте қадірлеген,өз тамақ қажеттілігі үшін мал еттерін пайдаланса да оны жөнсіз ысырап етпей аса ыждағаттылықпен сақтап баптай білген.Күзде сойған соғым еттерін көктемге дейін бабында, дәмін тіл үйіретіндей етіп сақтап жеткізетін қазақ келіндері әліде кездеседі.Етті сақтаудың сүрлеу, ыстау сияқты түрлері болады.Етті сүрлеу үшін тұзын келтіре тұздап, күніне бір рет бірнеше сағат бақанға жаю арқылы желге кептіріп алу крек.Бақан міндетті түрде, жіпке немесе сым темірге болмайды, жайылған еттің арасына жел соқпай кейін базданып бұзылуы мүмкін.Жақсылап кептірілген етті қанарға орап кебеженің ішінде сақтаған.Кебеже де міндетті түрде, себебі ағаштан жасалғандықтан ауа жақсы алмасып тұрады, ал ыдыс ауа өткізбейтін(фляга, кастрюлья) сияқты болса ет бұзылып кетеді.Кейбір кездерде апаларымыз етті ұнның ішіне салу арқылы да сақтаған.Бірақ халқымыздың басым көшілігі жер ембей, мал шаруашылығымен айналысқан соң ұн өте тапшы тағамдар қатарында болған.Келесіде етті қалай ыстағаны туралы жазармын.

5 пікір

mairosh
Сүр етті қыс бойы жеп келдім ғой. Әжем керемет сүрлейтін етті. Мен жазып кетейін. «Етті алғаннан кейін онын жақсылап қарап шығамыз көңілге ұнамаған жерін кесіп тастаймыз. Одан кейін ұзына бойы кесіп арасын тұздаймыз, арасын тұздағаннан кейін барлығын тұздап шығамыз. Одай кейін Жако ағай айтқандай ағашқа жақсылап бір біріне тигізбей жаямыз. 5 күдей тұрса жетерлік. Бұндай еттер көпке дейін бұзылмай тұрады.
ereke_enu
Эх… Сүр ет… Еееттт! Қазыыыы..Қиялға кетпі барам)))Тоңазытқыш сатып алмай-ақ сүр ет жасап үйренеміз ау осы
AL-ASTER
Моңғолиядағы туыстарымыздан келетін сәлемдемелердің мен үшін ең қымбаты сүр ет. Ресей екі ортадағы шекарадан ет көп асырмайтын көрінеді. Сонда да, бір кусоқ сүр еттің дәмі бірнеше күн тілден кетпейді. Ыммм…
AL-ASTER
Қазы-қарта, жал-жая,
Дәмі шіркін, балдай, ә!..
Jako
Пах шіркін, десеңші.Біздің қазы-қарталарымыздың Европаға ұнағаны соншалық, бұрын жылқы етін жемейтін неміс, франсуз сияқты елдер тек қана жылқы етінен жасалған тағамдар сататын супермаркеттер аша бастапты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.